Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

Киім өндірісі 9 пайызға қысқарған

Мұның үстіне қазақстандық өндірушілер нарықтағы сұраныстың 2 пайызын ғана жаба алатын көрінеді. Биылғы жылдың 10 айында киім өндірісі 8,6%-ға қысқарған және құны тұрғысынан 28,9 млрд теңгені құрапты. Өндірістің негізгі көлемдері Алматы облысына (17,9%), Алматы (15,5%) мен Қарағанды облысына (10,8%) тиесілі, деп хабарлайды energyprom.kz сайтынан.

Тиісінше, сыртқы киімдерді өнді­румен айналысатын ірі кәсіп­орындар да сонда шоғырылған: Алматы облысында – «Glasman» ЖШС, Алматыда – «КазЛегПром» ЖШС, Қарағанды облысында – өте ірі «Temirtau Associates and Ancillaries» («Темиртау Ассосиэтс энд Энсилларес») кәсіпорны (1-инфографика).


10 айдың қорытындысы бой­ынша бас киімдер өндірісі айтар­лықтай қысқарыпты (бір жылда – 46,8%), сондай-ақ әйел­дердің сыртқы киімі (−26,9%) мен ерлер (−24,3%) киімдері.
Сонымен қатар тоқыма киім өндірісінің заттай көрінісі бірден 2,6 есе өскен. Керек-жарақтар мен теріден тігілген бұйымдардың өндірісі бір жылда 64,7%-ға ұлғайған (2-инфографика).


Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша киімдер сараланымында қазақстандық өндірістің үлесі әлдебір деңгейде мәнді болса, бұл спорттық және шомылу костюмдері (20,4%, алайда 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінде жоғарырақ болған – 32,4%) үшін; шұлық-ұйық бұйымдары (13,7%, мұндағы үлес те өткен жылмен салыстырғанда қысқарып кеткен – 14,%) және нәресте киімдері (5,3%, мұның үлесі өткен жылға қарағанда айтарлықтай артқан – 0,9%) ғана маңызды. Басқа сараланымдар­дың бәрінде де қазақстандық өндірушілер сұраныстың бар-жоғы 1-2%-ын ғана игере алған.
Қалың көпшілікке арналған киім тігу өндірісіндегі құлдырауға қарамастан, Қазақстанның сән­герлері үлгілі киім тігулерін табысты жалғастыруда. Таяуда қазақстандық сән әлемінің елеулі оқиғаларының бірі – Kazakhstan Fashion Week – апталығы Астанада бастау алды. «2019 жылдың көктем-жазы» топтамаларының таныстырылымы өтті. Мұнда Қазақстан, Австралия, Грузия және Италияның сәнгерлері өз топтамаларын паш етті.
Қазан айының қорытындысы бойынша еліміздің дүкендері мен сауда нүктелерінде ерлер киімінің іш киім сараланымына бағалардың өсуі көбірек байқалды. Мәселен, шолақ дамбал бір жылда бірден 9,3%-ға, ішкөйлек – 8,8%-ға қымбаттап кеткен. Шалбарлардың бағасы 5,2%-ға, костюм-шалбар – 5,5%-ға, жейделер – 6,8%-ға өскен.
Республикамыз бойынша әйелдер көйлегі бір жылда орта есеппен 7,4%-ға, қыз­дар көйлегінің бағасы да – 5,7%-ға көтерілген. Ұлдардың жейделері (бір жылда 9,3%-ға) және кішкентай балалардың футболкілерінің бағалары да айтарлықтай өскен. Сондай-ақ жыл мен жыл аралығында мектеп жасындағы балалардың маусымдық күртешелері де 7,6%-ға қымбаттап кеткен.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру