Валюта бағамы: $ 382.38 428.3 5.97 ¥ 55.39

Қытай – аса ірі инвестор

Республикамыздың инфрақұрылымдық жүйесіндегі аса ірі инвестор – Қытай. Биылғы бірінші жартыжылдықта қытайлық инвесторлардың салымдары бұдан бір жыл бұрынғы 14,8 миллиардқа қарағанда біраз артық, 15,6 млрд АҚШ долларын құраған. Соңғы үш жылда ҚХР-дан инвестициялық ағынның – 6,6% – сызықтық өсімі байқалады.

Салалық сараланымда қытай­лық инвесторлар үшін 5 неғұрлым тартымды жүйелер: көлік және қаттау (4,9 млрд долл.), тау-кен өн­ді­рісі өнеркәсібі (2,6 млрд долл.), қаржылық және сақтандыру ісі (2,2 млрд долл.), құрылыс (2,1 млрд долл.) және – көтерме-бөлшек сауданы (833,1 млн долл.) ығысырған – қайта өңдеу өнеркәсібі (2,1 млрд долл.) ерекшеленген. Топ-5 үздігінің үлесін (2014 жылы – 68,4% болған) бүкіл қытайлық инвестициялардың қазір 88,9%-ы құрап отыр, деп хабарлайды finprom.kz сайтынан.
2018 жылы қытайлық инвестор­лардың басты құралы алғаш рет тікелей инвестициялар болып табылды, олардың көлемі бірінші жартыжылдықта 9,5 млрд долларды (барлық инвестициялардың 60,3%-ы) құраған. Қоржындық инвестициялар мен туынды қаржы құралдары әлі де болса ең аз бөлікті – 2,1 млн долларды (1%-дан аз) құрапты. Әйтсе де, осы құралдар арқылы инвестициялар бір жылда 69,8%-ға өскен.
Қазақстан-қытай инвести­циялық жобалардың жалпы саны 51-ге жетіп, инвестициялардың жиынтық көлемі 27 млрд АҚШ долларынан астам сомаға баға­ланған. 2018-2019 жылдары инвестициялар көлемі 4,4 млрд АҚШ долларынан асатын тағы 11 жобаны жүзеге асыру басталады. Бұл жобаларды орындау 20 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек.
Орталық жоба – «Бір белдеу, бір жол» («Белдеу және Жол») бағдарламасы, оның аясында 5 жылда мынадай бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске қосылды: Ляньюньган айлағы; Қытаймен шекарадағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ ай­лағы; Каспий теңізіндегі Ақтау айлағы; Орталық Азияны Парсы шығанағымен және Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас айлағымен жалғастыратын жалпы ұзындығы 900 шақырымға жуық Қазақстан – Түрікменстан – Иран жаңа темір жол дәлізі; сондай-ақ бір бөлігі Қазақстан арқылы өтетін «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі. «Белдеу және Жол» бойында қытайлық компаниялардың қатысуымен 80-нен астам сауда-экономикалық ынтымақтастық аймақтары және 200-ден аса жұмыс орындары құрылды (1-инфографика).


Нарықтарды жаһандандыру қаржылық секторды біріктіру есебінен де күшейе түскен. Астана мен оның қаржылық орталығы халықаралық инвесторлардың инвестициялық белсенділігін де шоғырландыруда. Қытай – қазақстандық капитал нарығын дамытуға белсенді қатысушының жарқын айғағы. 2018 жылы қар­жылық хаб базасында 5 меморандум мен келісім-шарттарға қол қойылған (2016-2018 жылдары барлығы – 13), басты мақсат – жоғары сапалы сервисті қамтамасыз ететін трансшекара­лық бизнесті дамыту және жаңа қаржылық қызметтерді іске қосу.
Бұл ретте мына бір маңызды мәселені де айта кеткен орынды. Дүниежүзілік банктің бизнесті жеңіл жүргізу рейтингі – бүкіл әлем елдерінің бизнес-бағыттарын бағалайтын сыни көрсеткіш. Қазақстан рейтингтің 2019 жылға арналған көрсеткіштері бойынша 8 айқындамаға көтеріліп, бизнес жүргізу бойынша аймақтағы ең үздік ел атанып, 28-інші орынға (2018 жылы – 36-шы) жайғасқан. ЕАЭК-тегі ең жақын көршілері 31-ден 70-інші орындарға дейінгі дәлізге орналасыпты. Қытай өз кезегінде 4-орын (2018 жылы – 5-ші) алыпты.
Қазақстан мен Қытайдың сырт­қы сауда айналымы 9 айдың қорытын­дысы бойынша 2018 жылы 8,2 млрд АҚШ долларын (бір жыл бұрын – 7,4 млрд. АҚШ долл) құраған. Қытай – Қазақстанның маңызды әріптестерінің бірі: ҚХР-мен сауда айналымының үлесі жиынтық көлемнің (68,2 млрд АҚШ долл.) 12,1%-ын құрайды.
Қазақстандық тауарлар мен қыз­меттердің Аспанасты еліне экспорты мен импорты тепе-тең жағдайда: экспорт – 4,2 млрд доллар (+6,6%), импорт – 4 млрд доллар (+17,2%).
2017 жылы Қытай Қазақстан Рес­публикасымен тауар айналымы бойынша – 10,5 млрд АҚШ доллары сомасымен – басқа елдер арасында екінші орын алды (2-инфографика).


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру