Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Қырғыз еліне сапар

Тамыздың 22-күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен келді.

Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен кейін мемлекеттік әнұран ойналып, екі ел президенті Конгресс Холл сарайында шағын құрамдағы кездесу өткізді. Одан кейін кеңейтілген құрамдағы жүздесу болып, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысын өткізу жоспарланды.

Кездесудің қорытындысында Президенттердің қатысуымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестік және одақтастық қарым-қатынастарды тереңдету туралы мерейтойлық декларацияға, 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Жоғары мемлекеттаралық кеңестің шешіміне, Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан мен Қырғызстан Парламентаралық кеңесін шақыру туралы №2 шешіміне, 2007 жылғы 11 шілдедегі Қазақстандық-қырғызстандық инвестициялық қор құру туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, Қырғызстанда мектеп салу туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысына және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің екінші саммитіне қатысады деп жоспарланған.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру