Валюта бағамы: $ 378.17 429.11 5.88 ¥ 56.48

Теңге еліміздің қаржылық тәуелсіздігіне жол ашты

Еліміз егемендігін айқындайтын басты бір белгі, тәуелсіздіктің экономикалық негізі – ұлттық валютамыздың айналымға шыққанына өткен аптада ширек ғасыр толды.
Осынау айтулы оқиғаға орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады.

Елбасы Ұлттық банк төр­ағасының баяндама­сы­нан бұрын барша қазақ­стан­дықтарды ұлттық валю­тамыз – теңгенің 25 жыл­ды­ғымен құттықтады.
– Барша қазақстандықтар­ды және қаржы секторының бүкіл қызметкерлерін төл теңгеміздің 25 жылдығымен құттықтаймын. Күрделі ке­зең­дерді еңсердік. Теңгені енгізу арқылы Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігіне жол аштық. Қазір біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық, – деді Мемлекет басшысы.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен еліміздің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімдеді.
– 2018 жылғы қазан айында инфляция соңғы 3 жылдағы ең төменгі 5,3 пайыз деңгейінде болды. Жыл басынан бергі инфляция 3,7 пайызды құрады. Біздің 2018 жылға жасаған болжамымыз бойынша оның деңгейі 5-тен 7 пайызға дейінгі аралықта болады, – деді Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы Мем­­лекет басшысына инфля­ция­ның қазіргі деңгейіне ықпал ете алатын негізгі факторлар жөнінде айтты.
– Біріншіден, бұл – эко­номикадағы инфляциялық қалыпты сақтау. Біз бағаның өсуіне жол бермеу үшін Үкіметпен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Баға субъективті факторлардың ықпалымен өзгеріп отырған нарықтарды анықтау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Екінші фактор – біздің сауда саласында­ғы серіктестеріміз санала­тын елдердегі ахуал, – деді Д.Ақышев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне ұлттық валюта бағамы төңірегіндегі жағдай жөнінде мәлімделді.
Ұлттық банк төрағасы­ның ақпаратына сәйкес, қуат көз­дерінің қазіргі уақыттағы құны қалыпты, бұл айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Данияр Ақышев еліміздің алтын-валюта резервінің ахуалы туралы баяндады. Атап айтқанда, қазан айының соңына қарай алтын-валюта резервінің көлемі 29 миллиард АҚШ долларына жетті. Ал, ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 57 мил­­лиард АҚШ долларына жуықтады.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тап­сырма берді.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру