Валюта бағамы: $ 382.38 428.3 5.97 ¥ 55.39

«Шабыт» байқауы өтті

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты түрде жабылуы болып өтті. Биыл байқау бес номинация бойынша өткізілді: классикалық музыка, халық әуені, журналистика, эстрадалық вокал және хореография. Кеш қонақтарын әкімнің орынбасары Ермек Аманшаев құттықтады.

«Жыл сайын жастар фести­ва­лінің географиясы мен форматы кеңеюде. Бүгінде «Шабыт» еліміздің орнықты және мәдени брендіне айналды. Бұл еліміздің әр түкпірінен, басқа елдерден келіп жатқан жас таланттардың арқасында мүмкін болды. Жыл сайын мұнда жұмысы тығыз болса да әлемнің басқа елдерінен мәдениет пен өнердің көрнекті қайраткерлері келіп жатады», – деді Ермек Аманшаев. Өзінің құттықтауы кезінде ол қатысушыларды, жастар фестиваліне қолдау көрсеткен әділқазы мүшелеріне алғыс білдірді. «Президент кубогы – бұл фестивальдің ең жоғары марапаты. Бұл – біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан жас таланттарға жүйе­лі түрде көрсетіп келе жат­қан қолдауы. Сіздерді тағы да осынау өнер мен мәдениет әлемін­дегі «Шабыт» деп аталатын айшықты мерекелеріңізбен құттық­таймын!», – деді ол.
«Спутник» Қазақстан тілші­лері «Шабыт» XXI халықаралық шығармашыл жастар фести­валінің «Журналистика» номинациясында марапатталды. Марапаттау салтанаты Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл Жабаев атындағы залында өтті. «Журналистика / Интернет ресурстары» номинациясы бойынша Айгөзел Қадыр ІІ орын алды, оған құрмет дипломы және медаль тапсырылды. Әділқазы алқасының мүшелері Жания Уранкаеваның да жұ­мы­сы баға­ланып, дипломмен марапатталды.
Әділқазы алқасының төра­ғасы, Qazaqstan телеарна­сы ақпараттық-талдау бағдар­ламалары дирекциясы бас редакторының орынбасары Қайрат Мұсақұлов «Интернет-ресурстар» номинация­сының финалында 70-ке жуық жұмыс қаралғанын атап өтті. «Қатысушылар берілген тақырыпты әр түрлі қырынан ашуға тырысқан және өте сәтті шыққан», — деді Қ.Мұсақұлов.
Өз кезегінде конкурсант­тар шығармаларына жоға­ры баға берген қазылар ал­қасына өз алғыстарын білді­ріп, қаламдарын тастамай, шеберліктерін одан ары шын­дау­ға уәде берді.
Сонымен қатар әртүрлі номинация бойынша жүлдегер атанған жастардың есімі белгілі болды. Айта кетейік, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі биыл жиырма бірінші рет өткізіледі. Осыған дейін фестивальге өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан астам адам қатысқан. Әр жылдары қазақстандық сықақшы Тұрсынбек Қабатов, ақын Қалқаман Сарин, балет артисі Әйгерім Бекетаева, опера әншісі Айгүл Ниязова, «Меломен» тобы, Аша Матай, әнші әрі композитор Қайрат Баекенов және басқа да кеңінен танымал шығармашылық тұлғалар фестиваль Гран-приін иеленген болатын.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру