Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Заманымыздың негізгі үрдісі

Президент Нұрсұлтан
Назарбаев «Астана Хаб»
ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы іс-шара басталар алдында қазақ­стандық стартап-компа­ниялардың жобаларымен танысып, ғылыми-зерттеу зертханаларын аралап көрді, сондай-ақ IT-университеттің алдағы жұмысы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасының іске асырылу барысы жөніндегі баяндамаларды тыңдады. Сонымен қатар ашылу рәсіміне қатысқан Эстония Премьер-министрі Юри Ратас мырзаға және шетелдік қонақтардың барлығына алғыс білдірді.
Қазақстан Президенті еліміз бен қоғамымызды одан әрі дамыту ісінде цифрландыру үдерісінің мәні зор екенін атап өтті.
– Заттар интернеті, жасанды интеллект, 3D-баспа технологиялары және блокчейн адамзат өмірінің бүкіл саласына белсенді түрде еніп келеді. Бұл – қазіргі заманның негізгі үрдісі. Цифрландыру мемлекеттердің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының біріне айналды. Бүгінде әлемнің жетекші елдері, сондай-ақ олардың G-20 және Еуропа одағы сияқты бірлестіктері өздерінің цифрландыру жөніндегі стратегиялық құжаттарын қабылдады, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев елі­міздегі цифрландыру бағдар­ламасының жүзеге асырылу үдерісі мен осы бағытта қол жеткізілген нәтижелерге арнайы тоқталды.
Қазақстан Президенті «Астана Хаб» ІТ-старт­аптар халықаралық техно­логиялық паркі қазіргі инновациялық экожүйенің өзегіне айналуға тиіс екенін айтты. Технопарк жұмысына қатысушылар жеңілдетілген виза және еңбек режімдерін пайдалана алады, сондай-ақ оларға салық және басқа да жеңілдіктер беріледі. Технопарк базасында тәлімгерлік институты құрылды. Оның аясында сарапшылар стартап-командаларға қамқорлық жасайды.
Сондай-ақ Елбасы ІТ-технологияларды дамытуға тартылған дарынды жастарды қолдау қажеттігіне назар аударды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру