Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Жемқорлықпен күрес – басты міндет

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатын жемқорлықпен күрестің басымдығын атап көрсете келіп, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін талай рет айтқан болатын.

Елімізде осы мақсатта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «ҚР-дағы мемлекеттік қызмет туралы» заңдары қолданыста және арнайы өкілетті орган құрылған. Бұл орган мемлекеттік қызмет саласындағы функциялар мен жемқорлыққа қарсы іс-қимылды кешенді түрде жүзеге асырады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Осы орайда Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алулар саласындағы өкілетті орган ретінде мемлекеттік сатып алулардың субъектілері болып табылатын азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Жемқорлыққа қатысты тәуекелдерді азайту үшін аудит нысанының араласуынсыз, ақпараттық жүйелердің көмегімен камералдық бақылау іске асырылуда. Мұның өзі тексерілетін нысанмен қарым-қатынасты мейлінше шектеуге көмектеседі, сөйтіп шешім шығару кезінде адам факторының ықпалын болдырмайды.
Мемлекеттік аудит нысанын тексеруге шығардың алдында ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты тұлғалармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөнінде әңгіме өткізіледі.
Департамент қызметкерлері ауди­торлық іс-шаралар жүргізу кезінде департаменттің сенім телефонын көрсете отырып, жүргізілетін аудиторлық іс-шара туралы аудит нысанында хабарландырулар іледі. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтарды жасауға әкеп соғатын себептер мен шарттарды жою және анықталған бұзушылықтар­ды жасырып-жабуды болдырмау мақсатымен аудит нысанындағы қыз­меткерлерге аяқ астынан тексеру жүр­гізу тәжірибесі енгізілген.
Аудиторлық қызмет материал­дарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің басқармасы өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел топпен, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп дөңгелек үстелдер, семинарлар, түрлі отырыстар ұйымдастырылып келеді. Бұл жиындарда мемлекеттік сатып алулар, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі туралы заңнама жөніндегі мәселелер талқыланады, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қосымша шаралар қарастырылады, тұтқынға алынғандар мен ұсталғандар туралы бейнероликтер көрсетіледі.
«Өзіңнен баста» атты республи­калық акция аясында Қаржы минис­трлігінің сайтында департамент бас­шылығы өздерінің 2017 жылғы табысы мен мүлкі туралы ақпаратты жария­лады.
Аталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жалпы айтқанда, Алматы қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті сыбайлас жем­қорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыруға өз үлесін қосып отырған­дығын атап өткен жөн.

Гүлнәр НАҒУМАНОВА,
Алматы қаласы бойынша
Ішкі мемлекеттік
аудит департаменті
кадрлық және ұйымдастыру
жұмыстары бөлімінің басшысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру