Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Шымкенттегі металлургиялық зауыт дамымақ

Мемлекетіміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қытай Халық Республикасымен барлық салада байланысымыз күшейді. Әсіресе, бұрынғы Кеңес одағы тұсында жұмыс істеп, кейін тұрып қалған, өнеркәсіп пен зауыттардың қазіргі заманға сай жұмыс істеп, өркендеуіне қытай инвесторлары мен білікті мамандардың қосқан үлесі шексіз.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан түрлі инвестициялық және өндірістік жобалар өз нәтижесін беріп келеді. Таяуда Қытайдың Алматыдағы бас консулдығы БАҚ өкілдеріне, журналистерге арнайы Түркістан облысы мен Шымкент қаласына баспасөз сапарын ұйымдастырды. Сапар аясында журналистер бірқатар өндіріс ошақтарында болды. Соның бірі Шымкенттегі «Sin Yuan Steel (Син Юань Стил)» жауапкершілігі шектеулі серіктесігіне металлур­гиялық зауыт құрылысына тоқтал­сақ.
Түркістан облысында 2018 жылы 42,0 миллиард теңгені құрайтын, 2 072 жұмыс орнын ашатын 15 жобаны іске қосу жоспарланып жатыр. Оның ішінде индустриалдық аймақтарға ба­сым­дық берілмек. Соның бірі – «Sin Yuan Steel (Син Юань Стил)» ЖШС Теміржол тұйығымен қосылған металлургиялық зауыт құрылысы 2016 жылы қаланың индустриалдық аумағында басталған болатын. Қытай мен Қазақстан инвес­тор­ларының қаржысына салынған бұл кәсіп­орын «Бір белдеу, бір жол» эко­номикалық бастамасына енген. Зауыттың бірінші бөлігі – болат балқыту шеберханасынан, ал болат құю цехы 4 бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – 35 тонналық 2 кран, екінші бөлігі болат балқыту пеші, үшінші мен төртінші бөлігі – шикізат өндіретін цех. Компанияның 90 мың кВА стансасы бар. Стансадағы ең жоғарғы жиілік – 220 мың вольт. Бұл өз кезегінде электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталмыш зауытты қытайлық азамат Чжу Цзунбяо басқарады.
Аталмыш зауыт 23 гектар жер көлемімен «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан. Бұл автоматты басқарылатын Қазақстандағы ең заманауи зауыт болмақ. Зауыт металдарды жылдан-жылға сапалы өңдеп, ел сеніміне кіруді жоспарлап отыр. Статистика бойынша біздің еліміз жыл сайын Ресейге 500 000 тонна экспорттап, осындай көлемде көрші елден осыншама импорт қабылдайды екен. Ал тұтастай алғанда құрылыстық импорт 1 миллион тоннаны құрайды. Зауыт Қазақстанда өте аз өндірілетін арматура, катанкі, швелер сынды құрылыс заттарды көбірек жасауды көздеуде. ЖШС бас директоры Чжу Цзунбяо өнеркәсіптің жұмысы жайлы қысқаша: «Қазақстанда қазір арматура әрі кеткенде 26 мм жасалынып жатса, біздің зауыт 32 мм жасамақ. Барлық өнім ел ішіндегі және шетелдегі құрылыс материалдарына қажет болмақ. Өйткені біздің зауыт соңғы үлгідегі заманауи болғандықтан, өнімнің сапасы жоғары. Осы жағынан біз Ресейдің зауыттарына басты бәсекеге түсе аламыз. Ал өнімнің сапасын бақылайтын жапондық зертхананы зауытымызға енгіздік», – деді.
Компания басшылары зауыт өнімі көршілес ресейлік металл зауыттарына басты бәсеке болып, еліміздің өнеркәсіптің дамуына оң ықпалын тигізетініне сенім білдіруде. Жергілікті құрылыс заттары өте сапалы болып қана қоймай, арзан бағамен сатылатын болады. 500 адам зауыттың құрылысына атсалыспақ, соның ішінде 110-ы – Қытай азаматтары. Зауыт іске қосылғанда 600 адам жұмыс істемек, оның көбісін жергілікті халықты құрамақ. Бұдан басқа зауыт ұзындыңы 2 шақырымды құрайтын екі теміржол көлік жолын жасады. Бұл жолмен металды жет­кізу, дайын өнімдерді тасу, шикізат қабылдау және тағы да басқа заттарды тасымақ.
Алдағы уақытта өнім көлемі зор, сұранысы мол тауар өндіретін өндіріс орнының келешегі кемел болатыны сөзсіз.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру