Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Ауыл шаруашылығын дамыту – басты назарда

Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында Алматы облысына қарасты «Шелек фермерлері» жобасының 2018 жылғы жұмысының қорытындысына байланысты конференция өтті.

Еңбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қоры атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева «Көктемде біз фермерлеріміздің шаруашылықтарында 15 жылыжайдың салынғандығы жайлы айтқан болатынбыз. Дегенмен, көкөністердің басым бөлігі ашық топырақта өсіріліп жатыр. Сондықтан өсірілген көкөністерді сақтау мәселесі аса өзекті болып қала беруде. Агробизнес орталығы базасында биыл біз көкөніс қоймасын салдық. Биыл тауар түрлерін кеңейтіп, жөнелтілетін тауар көлемін ұлғайттық – жаңа піскен көкөністің 167 тоннасын сата алдық, ал бұл өткен жылға қарағанда 67 %-ға көбірек. Бұл – аса керемет нәтиже, сондықтан сатып алушыларға тауарды аса тартымды бағада ұсынғанымызға қуаныштымыз. Сондықтан биыл тұңғыш мәрте қызанақ пастасын, соус, кетчуптарды шығаратын «Цин-Каз» ЖШС қайта өңдеуші кәсіпорнымен ынтымақтаса бастадық. Біз өз ісімізді дамытудың жаңа көкжиектерін көріп отырмыз, ал жеткен нәтижелеріміз ауданымыздың фермелерінің көңіліне шабыт ұялатып отыр»,-деп атап өтті.
Фермерлердің өнімі тұтынушы­ларға қолжетімді әрі жақын болуы үшін «Шелек фермерлері» кооперативі жаңа піскен әрі экологиялық өнімдерін өткізуге арналған арналарды кеңейтіп отыр. 2015 жылдан бастап фермерлік өнімді өткізуге өз сауда алаңдарын ұсынып отырған «Арзан» супермаркеттер желісіне биыл тағы да бірі ірі ритейлер – «METRO Cash & Carry» қосылып отыр.
Осыған дейін фермерлер жылына ауылшаруашылық өнімдердің орташа есеппен 100 тоннаға жуығын өткізіп келген болса, енді 2018 жылы 23 миллион теңгеден аса сомаға тең 167 тонна өнім өткізілді. Кооперативтің келесі жылға арналған мақсаттарының бірі – Қазақстанның басқа өңірлеріне өнімді өткізу.
«Біздің компанияның миссиясы – бизнес үшін ең үздік серіктеске айналу. METRO жұмыс жасап жатқан 25 елдің барлығында біз шағын және орта бизнес өкілдеріне, атап айтқанда, ел экономикасының басты қозғалтқышы болып отырған жергілікті тауар өндірушілеріне қолдау көрсетеміз. Фермерлік шаруашылықтармен мұндай ынтымақтастығымыз сауда желілеріндегі отандық мазмұнды ұлғайтуға өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге, елімізде салауатты тамақтану мәдениетін дәріптеуге көмектеседі», – дейді «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС операциялық қызмет бөліміні ңбастығы Артур Янушевский.
«Біз биыл өнім түрлерін кеңейтіп, жөнелтілетін тауар көлемін ұлғайттық: биыл біз жаңа піскен көкөністің 167 тоннасын сата алдық. Бұл – аса керемет нәтиже, сондықтан сатып алушыларға тауарды аса тартымды бағада ұсын­ғанымызға қуаныштымыз», – дейді «Шелек фермерлері» ӘКК төрағасы Марат Мансұров.
Күз – бұл егін жинайтын кезең, тек қана көкөніс-жемісті ғана емес, сонымен бірге бір жыл ішінде атқарылған маңыздың істерді қорытындылайтын мезгіл. Биыл жоба аясында оның ары қарайғы дамуы мен өсуіне жағдай жасайтын бірнеше айтулы оқиғалар орын алды: көкөніс қоймасы салынып, Шелекке агро-тур ұйымдастырылды, атқарып отырған жұмыс халықаралық деңгейде мойындалып, METRO Cash & Carry желісінде жалпы сомасы 23 миллион теңгеден аса фермерлік өнімдер өткізіле бастады.
Алматы облысына қарасты Ең­бекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қорының күшімен Агробизнес орталығының базасында биыл жалпы ауданы 240 текше метрге тең, 35 тонна көкөніс өнімін сақтауға болатын эксперименттік көкөніс қоймасы салынды. Бұл көкөніс қоймасы Қорға қойманың табыстылығын бағалап, фермерлерге тура осындай қоймаларды өз шаруашылықтарында салуды ұсынуға мүмкіндік береді.
Тұтынушылар көкөністі оның табиғи өсіп шығатын жаз-күз мез­гілінде ғана емес, сондай-ақ, маусым арасында, яғни қыста және ерте көктемде сатып алғысы келеді. Көкөністердің сауда нүктелерінде бүкіл жыл бойы сатылып жатқандығы екі жолмен қамтамасыз етіліп отыр: жемістер жылыжайда өсіріледі немесе арнайы жабдықталған қоймаларда сақталады.
2017 жылдың екінші жартысында бағдарлама аясында фермерлік өнімдерді ірі сауда желілеріне өткізу үшін «Шеле фермерлері» өндірістік ауылшаруашылық кооперативі тіркелді. Коператив 26 ұсақ фермерлік шаруашылықтардан құралған. Олар өз өнімдерін «Арзан» және METRO супермаркеттер желілеріне тасымалдайды. Бұл құрамдас бөлік өнімді қндірушіден тұтынушыға дейін жет­кізу тізбегінен көптеген алыпсатарларды шығарып, фермер үшін дамыған өткізу нарығын қамтамасыз етуге жүйелік тәсіл ұсынады.
Биылғы жылдың соңына дейін 75 000 келі қызанақ, 60 000 келі бұрыш, 25 000 келі кәді және 20 000 келі қияр, барлығы – 180 тонна көкөніс өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұған қоса, фермерлерге Rijk Zwaan мен тұқымдарды тегін негізде тарататан «Агровэй – Nunhems» компаниясы қолдау көрсетеді. Kagazy Recycling фермерлерге көкөністерді тасымалдауға арналған қораптармен, ал «Эко Культура» компаниясы оларға тыңайтқыштармен көмектеседі.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру