Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

«Жеңіл су» – денсаулық механизмі

Астана қаласында «Жеңіл су – өмір сапасы мен оның ұзақтығының негізі. Теория және тәжірибе» атты әлемдегі ең алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Венгрияның сумен жабдықтау саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының, университеттерінің және өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекші ғалымдары қатысты. Олар денсаулық үшін жеңіл суды зерттеу және пайдалану жолындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Халықаралық ғылыми-тә­жіри­белік конференциясында тәжірибелерімен бөліскен зерттеуші ғалымдар жеңіл судың организмнің бейімделу мүмкін­діктеріне, иммундық жүйе­сіне, гормондық теңгеріміне, өмір сүру ұзақтығына оң әсерін ти­гізетіндігін айтты. Еуропада қатерлі ісікпен ауыратын нау­қастарды емдеуде жеңіл суды пайдаланудың айтарлықтай оң тәжірибесі пайда болды. Венгриялық зерттеуші Габор Шомлай, жеңіл судың онкологиялық аурулардың ра­диациялық терапиясына оң әсері бар клини­калық зерттеулердің нәти­­же­лерін адам морфологиясы ғылыми-зерттеу институтының эндо­кринді даму зертханасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқаратын, медицина ғылымдарының докторы Сергей Обернихин, Кубан мемлекеттік медицина университетінің іргелі және клиникалық медицина кафе­драсының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Александр Басов және көптеген қазақстандық және шетелдік мамандар судың, соның ішінде жеңіл судың адам организміне қалайша оң әсер ететіндігі жайлы өз ойларымен бөлісіп, дәлелді зерттеулерін атап өтті.
Жеңіл сулар бар жерде адам­дар ұзақ өмір сүреді және денсаулықтары мықты болып келеді. Қазақстанда әлі ондай өлшем жүргізілген жоқ. Бірақ, еліміздің радиоактивті элементтер мен радиоактивті жер асты суларының қайнаркөздерінің географиялық орнына байла­нысты экологиялық күйінің ауыр­лығын ескерсек, тау-кен қазу және өңдеуші өнеркәсіп барынша көп табиғи жеңіл суларды көбейткен жағдайда ғана басым болады. Сонымен қатар, қа­зақстандық жеңіл суды клиника­лық зерттеу қажет, және оның онко-аурулардың емдеуі мен терапиясына әсерін байқау қажет.
Қазақстанның әрбір азаматына Қазақстанның жеңіл суы максималды түрде жету үшін және осы мәселеде ұлт денсау­лығы үшін халықтың білімін жетілдіру шеңберінде Қазақ­стан Республикасының ғылым қоры ғылыми зерттеу грантын бөлді. Президенті Аппараты­ның Медициналық орталығы бастығының орынбасары Айдар Докеновтың айтуынша: «Адам денесі үшін судың қандай рөл атқаратынын бәрі біледі. Жеңіл ауыз суының бірегейлігі Қазақстан, АҚШ, Жапония, Қытай және Венгрия ғалымдары тарапынан дәлелденді. Адам ағзасына жағымды әсер етудің кең ауқымы өмір сүру сапасына жақсы әсер етеді және ұзақ өмір сүруді ұзартады. 2015 жылы Президент ісін басқару бойынша Медициналық Орталығының құрамында белсенді ұзақ өмір сүру, ұзартуға байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу үшін геронтология және қартаюға қарсы медицина орталығы ашылды. Бұл конференция ғылыми қоғамда қажет. Конференция шешімінде көрсетілетін ғылыми деректермен алмасу, практикалық тә­жірибе клиникалық медицина сала­сындағы медицина қоғамдас­тығының хабардарлығын арттыратынына сенімдіміз».
Конференцияның қорытын­дысы бойынша қатысушылар Жеңіл судың биологиялық жүйе­лерге, тірі ағзаларға, адамдарға әсерін әрі қарай зерттеу үшін бірлескен жұмыс тобын құруға келісті. Ғылыми қоғамдастыққа және мүдделі тұлғаларға зерттеу нә­тижелері туралы ақпарат беріп, жетекші ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференция өткізуді жоспарлады. ТМД елдері мен басқа да елдер осы саладағы ірі бизнесті индустриалдық өндірісті құру әлеуетін қарастыру мәселесін алға тарта отырып, өзара негiзде Қазақстан, Ресей және басқа да елдегі дейтерийдің төменгі мазмұны бар жасанды жеңіл судың өндірісін бастап көрмек.
Жеңіл су – құрамында дейтерий мөлшері төмен су. Яғни ондағы дейтерий (ауыр сутегі) мұхит деңгейінен едәуір төмен (155 ppm). Ғылыми зерттеулердің ақпараттары бойынша жеңіл су имунномодельдеуші, қабынуға қарсы, жасартушы қасиеттерге ие. Жеңіл судың зерттеулері салыстырмалы түрде жақында ғана басталды (60 жылдан артық емес). Толыққанды клиникалық зерттеулер қазіргі таңда тек Венгрия­ның онкология клиникалары­нда ғана өткізілген болатын. Нәтижесінде науқастардың емде­ліп, жағдайлары анағұрлым жақ­сар­­ған­дығы байқалған.
Әзірше жеңіл суды негізінен жасанды түрмен алады. Оны буландыру әдісін қолданып немесе ауыр (дейтерийлі) суды шығаратын өндірістік «ағынды» суды дейтерийден босату арқылы алады. Өндірісте ауыр (дейтерийлі) суды ядролық өнеркәсіпте нейтрондарды баяулату үшін пайдаланады.
БҰҰ-ның 2030 тұрақты даму бағ­дарламасына Жер шары хал­қын сапалы ауыз сумен қам­та­­масыз ету бөлімі кіреді. ДСҰ ақ­параттары бойынша, тұрғын­дардың ауруының 60% себебі олар тұтынатын тамақ пен судың сапасына тікелей байланысты. Осыған орай қазіргі таңда ауыз судың құрамына байланысты биологиялық әсерлерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Санитарлық-гигиеналық қада­ғалау департаментінің басшысы Марал Рахимжанова айтып кеткендей: «Бөтелкедегі суды өндіруді қамтамасыз етудегі нем­құрайлылық әлі де өндіру­шілерге өндірілген судың нақты құра­мын және көзін көрсетпеуге жол береді. Ол халықтың денсаулығына әсер етіп, көптеген созылмалы, жазылуы қиын аурулар пайда болады. Сондықтан Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті құ­рыл­ды. Жеңіл судың рөлі денсау­лық сақтауда өте маңызды бол­ғандықтан, біз халықты толы­ғымен ақпарат­тандыруымыз керек. Халық судың қандай түрлері болатындығын, оны қалай, қандай мөлшерде ішуге болатындығын білуі керек».
Жер шарындағы судың 99,9% құрамында дейтерий (сутегінің ауыр изотопы) бар. Дейтерийі көп мөлшерде болатын суды ғалымдар «ауыр» немесе «өлі» су деп атайды. Себебі ол жасушадағы химиялық реакцияларды төмендетеді немесе толығымен жояды. Соңғы 100 жылда, АҚШ-тан келген ғалымдар дәлелдегендей, жердегі қарапайым су атом өнеркәсібі мен озон қабатының жұқаруына байланысты ауырлай түсті. Мәселен, XIX ғасырдың аяғында нормаға сәйкес келетін Дүниежүзілік мұхит суларының құрамында 120 мгл дейтерий болса, ендігі кезде литріне 155 мг.
Жеңіл судың зерттеулері салыс­тырмалы түрде жақында ғана басталды – 60 жылдан артық емес. Ауыр судың қасиеттері ғылыми зерттеудің логикалық салдары ретінде анықталды. Ауыр судың молекулалары алғаш рет 1932 жылы ғалым Гарольд Льюис тарапынан анықталды. Ол гидролиз арқылы қарапайым судан алғашқы таза ауыр суды алуға қол жеткізді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру