Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Төртінші өнеркәсіптік революция

2 миллиардтай жас ұрпақ өкілдерін жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Ал, мұндай күйге ұшырамас үшін олар бүгіннен-ақ жұмыс берушілерден қолдау табуы тиіс. Төртінші өнеркәсіптік революция жаңа технологиялардың теңдесі жоқ жедел дамуына жетелеуде, соның салдарынан тек жұмыс түрлері ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар оларды орындаудың тәсілдерін де түбегейлі ауыстыруға мәжбүрлеуде.

 

Жұмыскерлер өзгерістерге бейім­деліп үлгере алмай жатса, ком­па­ниялардың басшылары тарапынан бұған кәдуілгідей қобалжу туындайды. Болжамдарға сәйкес, өзгеріске ұшыраған жағдайларда бүкіл әлем бойынша 1,8 млрд жас ұрпақ өкілдері жұмыс орындарынан айырылып қалу қаупі бар.
Deloitte және Білім беруді дамыту жөніндегі бизнестің халықаралық коалициясының (GBC-Education) «Ертеңгі күн жұмыскерлерін төртін­ші өнеркәсіптік революцияға даярлау. Компаниялардың іс-қимылдары жоспары» жаңа зерттеулерінде іскер қоғамдастық жастарды болашақ қызметтерге даярлық барысында көбірек ұсыныс танытулары қажет делінген, сондай-ақ жас ұрпақтың қандай қадамдарға қабылдауы бойынша ұсыныстар да берілген.
«Төртінші өнеркәсіптік революция мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін ескере келе, біз қазірдің өзінде жаңаша ой түйіндеп, бүгіннен бастап болашақ қызметкерлер құрамын даярлауға кірісуіміз қажет, – деп мәлімдейді Deloitte ха­лық­аралық жүйесі директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Крукшанк. – Менің ойымша, бизнес бола­шақта қажет болатын іскерлік дағдылар мен білімді анықтауда ғана көшбасшылық рөл атқарып қоймай, сонымен бірге білім беретін мекемелермен, үкіметтермен және коммерциялық емес ұйымдармен де тығыз жұмыс істеуі тиіс. Бұл біздің болашақ қызметкерлеріміздің өздері ертең еңбек нарығында бәсе­келесе алатындай білім иеленіп және табысқа жетулеріне мүмкіндік бере­ді.
Зерттеуде төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында табысқа жетуге қажетті мынадай төрт тәсілге көңіл аударылған:
1. Еңбек етуге даярлық. Жұмыс уақытын жоспарлауды қоса есептегенде, таныстырылымдарды ұйым­дас­тыра білу, еңбек тәртібін сақтау сияқты базалық тәсілдердің болуы – адамның еңбек белсенділігіне шұ­ғыл жұмылып кетуі жолындағы аса маңызды шарт.
2. Тұлғаралық қарым-қатынастар тәсілі. Жұмыс орындарында құл­темір­лер (роботтар) адамдарды жиі­рек алмастыра бастады, сондық­тан да жасампаздықты, міндеттерді шешудегі кешенді тәсілдемелер, әсерленгіш интеллект пен сыни ойлауды қоса есептегендегі – тұлғара­лық қатынастар тәсілдері, машина әзірге мінсіз орындауға қауқарсыз басты мүмкіндіктер болып табылады.
3. Техникалық тәсілдемелер. Ең жаңа технологияларды енгізу жұмысқа орналастырудың бұрын қолжетімсіз болған мүмкіндіктерін ашып отыр. Бүгінде ашық тұрған жұ­мыс орындары, жұмыс іздеушілер­дің мамандандырылған салалық білімдері болуын және мақсатты оқытудан өткенін талап етуде.
4. Іскерлік қасиеттер. Жастардың жаңа бастамаларда жаңашылдықты жылдам қабылдауы, жасампаздық пен бастамашылдық қасиеттері төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жақсы шарапатын тигізуі тиіс.
Жастарды келешекте жұмысқа орна­ластыруды оңды шешу үшін жалпы жүйелі тәсілдеме жасау қажет. Мұнымен бірге қазіргі кезде компаниялар ауқым мен тиімділік арасынан таңдау жасай отырып, ымыраға баруға мәжбүр. Біз қарас­тырып отырған есеп­темеде осылар­дың біріншісін де, басқасын да қамтамасыз етудің мүм­кін­­­діктері ұсы­ны­лады. Бұдан басқа, түрлі себептермен өзгерістерден тыс қал­ған жас мамандарды, әсіресе жас қыз­­дарды, жұмысқа тартуға байланысты мәселелерді шешу айрықша маңыз­­ды.

Аталған өзгерістерді
енгізудегі төрт
негізгі ұсыныстар

1. Мақсаттар мен барлық мүдделі тараптарды жақындастыру. Айтулы жетістіктерге жету үшін компаниялар өз іштерінде, әрбір топтың мықты жақтары мен мүмкіндіктерін ескере отыра, біріктірілген тәсілдемені қолданып, жұмыс істейді. Бұған күш-жігерді үйлестіру, кадрлар даярлау барысындағы олқылықтарды анықтау, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ алдағы қызметкерлер құрамына қажеттіліктер туралы ақпаратпен алмасу мәселелері кіреді.
2. Қоғамдық күн тәртібін қалып­тастыруға қатысу. Жас ұрпақтың және келешектегі қызмет­кер­лер­­дің біліктілігін арттыруға кө­ме­гі тиетін саясатты, ережелер мен нормативті талаптарды үкіметтер үшін жасауда компаниялардың мүмкіндіктері мен оған қажетті алғышарттар жеткілікті. Үкімет қабылдайтын диалог, түсіндіру жұмыстары, шешімдерді түзеуге ықпалдастық және оған үлес қосу – қажетті нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін түйінді элементтер.
3. Қызметкерлер әлеуетін артты­рудың тиімді стратегиясын жасау. Қызметкерлер әлеуетін арттырудың қолдағы бар стратегияларына талдау жасау және бейімдеу табысқа жетуде маңызды рөл ойнайды, оның үстіне инклюзивтілік пен инновацияларды енгізуді қарастырған алдыңғы қатарлы стандарттар жасаудың мәні де айрықша болып табылады.
4. Қызметкерлер дағдыларын дамытуға инвестициялар. Компаниялар қызметкерлерді оқытуға немқұрайлы («жалған тіркеу» сияқты) қараудан толықтай арылып, жұмыскерлердің білімдері – болашақта кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ететін және олардан сұралатын талаптарға сәйкес болатындай деңгейде бағаланады, сөйтіп, компанияның стратегиялық мақсаттарынан туындайтын оқыту бағдарламалары жасалады.
Қазіргі уақытта Білім беруді дамыту жөніндегі бизнестің халықаралық коалициясы «Іс-қимылдар платформасы» жобасын құра отырып, және де – жастарға болашақта қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін жаңа үлгілерді жасау және ауқымдандыру бойынша бірлескен іс-қимылдар өткізу мақсатында – түрліше әріптестерді біріктіре келе, өз ұсыныстарын таратуды жоспарлаған. Ал Deloitte осы аталған ұсыныстарды түрлі компаниялардың басшыларымен бірге корпоративті бағдарламаларда қолдануға және бүкіл әлемдегі жастарға болашақтың қызметкерлері құрамы қатарынан өз орындарын иеленуіне көмектесуге бел байлап отыр.
Өз кезегінде Deloitte сондай-ақ бүкіл әлем бойынша – жастардың оқыту үдерісі барысында игере алмаған білімдер мен дағдыларды бере отырып, оларды болашақ жұмысқа даярлаудың – өзіндік бағдарламасын іске асырмақ.
«Біз Ресейдің және ТМД елде­рінің алдыңғы қатарлы ЖОО-лары студенттері үшін кешенді бағдар­ламаны жүзеге асырамыз, оның мақсаты – компанияда жинақталған білімді, жақсы дағдылар мен тәжірибені жас мамандарға беру, сөйтіп, еңбек нарығында олардың қалаулылығын арттырамыз. Компа­ния­мыздың қызметкерлері кәсіби саладағы мей­лінше өзекті тақырыпта лекциялар оқып, семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұдан басқа жыл сайын бірталай студенттер «Делойтта» тәжірибеден өтеді, ал бұл оларға алған білімдерін іс жүзінде қолданып, кәсіби қызметтер саласындағы үздік халықаралық стан­дарттармен танысуға мүмкін­дік береді. Біз ЖОО-лармен ын­ты­­мақтастықты тұрақты түрде ке­ңей­­тудеміз, студенттерді барған сайын көбірек өршіл жобалар­ға қаты­суға шақырамыз. Осының бәрін жұмылдыра келе, мұндай іс-қимылымыз еңбек нарығын­да жас мамандардың сұранысын айтар­лықтай арттырады және өздерінің кәсіби келешегіне сенімдерін нығайта түсетініне сенімдімін», – деп атап көрсетеді Deloitte компаниясының Қызметкерлер құрамымен жұмыс және оқыту жөніндегі департаментінің директоры Мила Волкова.
Иә, білікті маман айтқандай төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында болашақтың жастары мамандықтың қыр-сырына жете қанығуы – басты міндет. Сонымен қатар күніге өзгеріп жатқан жаңа технологиялардың өндіріске дендеп енуі де олардан талмай үйренуді талап етеді. Тек осы орайда ізденімпаздығымен танылып, алдыңғы қатардағы жастар арасында өзіміздің қаракөз жас ұрпағымыз қатары да ешқашан ортаймаса екен деп тілейміз.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру