Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

ҚАЗАҚСТАН ТЫҢ ШЕШІМДЕР ҰСЫНАДЫ

Қазан айының алғашқы күндері Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) отырысы болып өтті. Оның жұмысына 63 елдің ұлттық комитеттерінің басшылары мен делегациялары, салалық министрліктердің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ірі трансұлттық компаниялар басшылары, сондай-ақ ОПЕК мүшелері қатысты.

Осынау аса маңызды іс-шара аясында 2 қазанда «Ин­вес­тициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» конференциясы өтті. Оны ұйымдастыруға Энергетика министрлігімен бірлесіп, KAZENERGY қауым­дастығы мұрындық болғанын атап айту қажет. Конференция барысында ұлттық комитет­тер өкілдері Қазақстандағы мұнай және энергетика сала­лары дамуының соңғы тен­денцияларымен танысуға мүм­кіндік алды.
Бірінші күнгі маңызды шаралар қатарында энер­гетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Дос­мұхамбетовтың ДМК жастар комитетінің мүшелерімен, Kazenergy 2009-2017 жылдары білім беру бағдарламасының стипендиаттарымен және Student energy challenge кон­курсанттарымен кездесуін атап өткен жөн. Махамбет Досмұхам­бетовтың ашық және мәнді әңгімесі Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жас қанаты мен жас мамандардың есінде мәні зор ойлы пікірлермен және ашық ұсыныстармен сақталады, дейді кездесуге қатысушы жастар. Бірінші энергетика вице-министрі қатысушыларға отандық және дүние­жүзілік энергетикалық сек­тор­лардың дамуы туралы, Қазақстан үкіметінің жас ұрпақтың әлеуетін дамыту үшін қандай жағдай жасап жатқандығы туралы айтты.
Мұнай-газ мамандығы жолында алғашқы қадамдарын жасап жүрген студенттер мен мамандар қазақстандық кен орындары, Қазақстан алдында көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдау бойынша қандай жобалар тұрғандығы жайлы да жан-жақты әңгіме тыңдады. Келешекте авто­көлікте қандай отын түрі пай­да­ла­натындығына қатысты мәселелер де тыңдаушылар назарынан тыс қалмады. Қонақтарды энергетика сала­сындағы қазақстандық білім беру бағдарламалары қызық­тырады екен. Олар осы бағытта өздерін толғандырған сауал­дарына жауап алды.
ҚР бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың жастар­мен бейресми жағдайда әңгімелесуі ДМК қонақтары­на Қазақстанның отын-энергети­калық саласы, оның әлеуеті мен перспективалары туралы мәлімет алуларына да мүмкіндік бергенін айта кету керек.
Сондай-ақ осы күні, яғни 1 қазанда Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесі шеңберінде «Энергетикалық сектордағы гендерлік саясат» атты арнайы сессиясы өтті, оған мемлекеттік органдар және Орталық Азия елдері зерттеу институтының, KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының өкілдері қатысты.
Сессия спикерлерінің бірі – «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау орталығы Өзгерістерді басқару бло­гы­ның басшысы Айгүл Байтурова «KEGOC: «Әйел ма­ман­ды­ғы емес делінетін саладағы әйел­дердің жетістігі» тақыры­бында сөз сөйледі.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру