Валюта бағамы: $ 370.49 421.06 5.54 ¥ 53.84

Мұнай қымбаттағанымен, теңге әлсіреді

KASE (Қазақстан қор биржасы) валюталық нарығындағы өткен жұмадағы саудада теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа сараланған бағамы төмендеу серпінін жалғастырып, бір долларға шаққандағы 363,07 теңге (+1,25 теңге) белгісіне жетті. Сөйтіп, өткен аптаның қорытындысы бойынша USDKZT валюта жұбының орташа сараланған бағамы 10,53 теңгеге немесе 3%-ға өсті. Сонымен қатар ұлттық валютамыз жұма күні ресейлік рубльге шаққанда 5,54 теңгеге (+5 тиынға) дейін әлсіреді.

Осы ретте ағымдағы аптада тең­генің бағамын нығайтуға әлеует жет­кілікті, дейді сарапшылар. Мұнай­ға жоғары бағалар және белгілі деңгейдегі рубльдің күші мейлінше мол сенімділікпен сауда жасауға қатысушылардың көңіл-күйлеріне жағымды әсерін тигізеді деп күтілуде. Бұған қоса теңгелік активтерге, соның ішінде Ұлттық банктің ноттарына да сұраныстың өсуі теңгеге қолдау көрсетпек, аталған құнды қағаздар көлемі өткен аптада 400 млрд теңгеден 3,46 трлн теңгеге дейін өскен. Ноттар арқылы керексіз өтімділікті алып тастау валюталық нарықтағы теңгеге қарсы алыпсатарлықты неғұрлым азайтады.
Осы дүйсенбідегі таңғы сессияда USDKZT (10:32 AST) бір долларға 364,2 теңгеге саудаланды, ал бұл осының алдындағы сессия жабылардағы орташа сараланған бағамнан 1,13 теңгеге жоғары (1-инфографика).
Ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелері жұмада түрлі бағытты серпінді көрсетті. Репо (кері бағытты) операциялар бойынша мөлшерлемелер өсіп, ал своп (тәуелділікті болдырмау) бойынша мәмілелердің табыстылығы төмендеген. Әйтсе де, АҚШ долларына қысқамерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету мемлекеттік бағалы қағаздарға қарағанда 1,0%-ға қымбат бағаланды. Осылайша, репо овернайт (келесі күннің репосы) операцияларының табыстылығы жылдық 8,31%-ды (+4 б.п. – базалық пункттер – ред.), ал SWAP-1D (USD) – жылдық 9,38% (-10 б.п.) құраған.
Жұма күні Ұлттық банк қысқа­мер­зімді ноттар сату бойынша екі аукцион өткізген. Басқарушы банк нарыққа айналым мерзімі жеті күн және 182 күн қағаздар ұсынды. Мерзімі ең аз қағаздар 195,2 млрд теңге құраса, ал ұзақ мерзімдісі – 44,57 млрд теңгені құрады. Жартыжылдық қағаз­дарға сұраныс толық көлемде қанағаттан­дырылған, ал апталық ноттар 171,6 млрд теңгеге сатылыпты.
Сонымен қазақстандық қор биржасы жұмалық саудасын көтеріңкі жағдайда аяқтаған. Мәселен, KASE индексі 1,59%-ға 2 195,33 пунктке дейін өскен. KASE-нің өкілеттілік тізіміне кіретін жеті компаниялардың үлестік қағаздарының үлестік құны тек БЦК-да (-1,56%) және ҚазТрансОйлда ғана (-0,38%), төмендеген. Өсім бойынша үздіктер легін Қазтелекомның (+4,82%), KAZ Mineralsдың (+3,4%) және Kcellдің (+2,69%) акциялары бастаған.
АҚШ доллары жұма күні әлемдік нарықтарда нығаюын жалғастырған – DXY индексі 0,25%-ға 95,13 пунктке дейін өскен. Америкалық валютаға Федералдық резервтік жүйенің кезекті мәжілісінің қорытындысы және желтоқсандағы базалық мөлшер­леменің төртінші көтерілуінің жоғары ықтималдығы айтарлықтай қолдау көрсетуін жалғастыруда. АҚШ-тың экономикасы бойынша оңды статмәліметтері де долларды жақтай түскендей. Жұмада, 28 қыркүйекте, жарияланған мәліметтер АҚШ эконо­микасы тұрақты өсу жолында деген пікірді бекіте түсті. Атап айтқанда, АҚШ Сауда министрлігінің мәлімет­тері бойынша, АҚШ ІЖӨ-нің 70% үлесін иеленген, тұтынушылар шығы­ны тамызда 0,3%-ға өскен, ал PCE Core (ФРЖ инфляциясының негізгі көрсеткіштерінің бірі) индексі тамызда жылға шаққанда 2%-ға артқан.
Бұл ретте Еуоодақ нарығы да ай­тарлықтай біркелкі емес екенін атап айту керек. Мәселен, Италия бюджеті жағдайына байланысты 2019-шы жыл еуропалық нарықтарда құбылмалылық туындатуы мүмкін деген қауіп бар. Айталық, Италия үкіметі келесі жылға бюджет жобасын ұсынды, онда көлемі 2,4% ІЖӨ дефициті белгіленген, бұл бұдан бұрынғы үкіметтің бағдарынан үш есе артық. ІЖӨ-нің 2,4%-дық теріс сальдосы, жалпы еуропалық мөлшерге сәйкес дефициттің ІЖӨ-нің 3%-дан аспауы керек деген талаптан артық емес. Алайда, Италия бұрынырақ Брюссельге мемлекеттік қарызының аумағын қысқарту үшін дефицитті айтарлықтай төмендетуге уәде берген болатын. FTSE MIB (Лондон қор биржасының иелігіндегі Милан қор биржасының /Milano Italia Borsa, MIB или Borsa Italiana S.p.A./ – негізгі қор индексі – ред.) жұмада 3,72%-ға төмендеген, ал Ита­лияның 10-пайыздық мемлекеттік облигацияларының табыстылығы 5 б.п.-не жылдық 3,14%-ға дейін өскен. Оның үстіне іс жүзінде ЕО-ның бүкіл қор биржасы жұма күні мынаны тіркеген – неміс DAX-ы (Германияның орталық биржалық индексі –нем. Deutscher Aktienindex – ред.) 1,52%-ға құлдыраған, франциялық CAC (фр. Compagnie des agents de change – Париж қор биржасының индексі – ред.) 0,85% жоғалтса, британдық FTSE 0,47%-ға төмендеген. Солай бола тұра, Германияның мемлекеттік қарызына сұраныс артқан – 10-жылдық қағаз­дар­дың табыстылығы 2 б.п.-ға жыл­дық 0,47%-ға дейін төмендеген. EURUSD валюталық жұбының бағамы жұмада 0,27%-ға бір доллар үшін 1,161 АҚШ долларына дейін төмендеп, ал аптаның бірінші күні бір евро үшін 1,159 АҚШ доллары деңгейінде болған.
Мұнайға бағалар АҚШ-тың Иранға қарсы ықпалшаралар қолданудан бір ай бұрынғы төрт­жылдық максимумға жеткен. Brent маркалы мұнай баррелінің құны жұмада 1,22%-ға, яғни 82,72 АҚШ долларына дейін өскен, ал осы дүйсенбіде 83,21 АҚШ доллары (+0,6%) деңгейінде болған. Белгіленімдердің өсуін Қытайдан жеткен хабарлар қыздыра түскен. Мәселен, Қытайдың АҚШ ық­палшараларын елеп-ескермеуі күтілген. Алайда, Sinopec Ираннан мұнай жеткізуін екі есе қысқартатынын хабарлаған (2-инфографика).


Ресей рублі өткен аптаны мұнай белгіленімдерінің көпжылдық макси­мумдарының кезекті жаңарулары ая­сында аяқтады. Жұмадағы саудалар қорытындысы бойынша рубль 0,10%-ға, бір долларға 65,55 рубльге дейін бекіген. Бұл ретте қыркүйекте ресейлік валюта 3%-ға, бір доларға 67,55 рубльден нығая түскен. Сонымен қатар жұмада АҚШ конгресі қарашадағы аралық сайлауға дейін РФ-ке қарсы жаңа ықпалшаралар туралы заң жобаларын қарастырмайтыны белгілі болды. Оның үстіне, Ресей Орталық банкінің мәліметтеріне сәйкес, төлем теңгерімінің ағымдағы операцияларының профициті 2018 жылдың бірінші жартысында бұдан бір жыл бұрынғы 22,9 миллиардтан 49,4 млрд долларға дейін артқан. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Сараптама орталы­ғының мәліметтеріне сүйене отырып, USDRUB валюталық жұбы дүйсенбідегі саудаларда оңды сер­піндерін жалғастырды деп қоры­тамыз валюта нарығындағы ахуалға шолуымызды.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру