Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Достық дәнекері

Көршіңмен тату болсаң ұтылмайсың

Алматыдағы «Интерконтиненталь» қонақүйінің «Grand Ballroom» залында Қытай Халық Республикасының құрылғанына 69 жыл толуына байланысты салтанатты мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиынды ашқан Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулының орынбасары Мяо Хунбо екі ел қарым-қатынасының бүгінгі жетістіктеріне тоқталды. Бас консулдық атынан бұл шараны ұйымдастырғанына алғысын білдірді. «Биыл «Бір жол, бір белдеу» бастамасына да 5 жол толады. Осы жылдар ішінде 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдар бұл бастамаға қолдау көрсетті» деп атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы экономикалық, мәдени байланыстар жылдан жылға жақсарып келе жатқандығын атап өтті.
Салтанатты жиынға алма­ты­лық зиялы қауым мен шы­ғар­машылық өнер ұжым­дары қатысты. Қытай Ха­лық Респуб­ликасының құрыл­ғанына 69 жыл, Қазақстан­мен дипло­ма­тиялық қатынас орнаға­нына 26 жыл толып отыр. 26 жылда екі елдің қарым-қаты­насы біртіндеп жоғары деңгейге көтеріліп келе жатыр. 2013 жылы Қытай төрағасы Қазақстанға келген сапарында «Жібек жолы экономикалық белдеуін жаңғыртуды» ортаға қойған болатын. 2014 жылы Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Нұрлы жол: болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жолдады. Демек, екі елдің Жібек жолы бойындағы жоспарларында өзара сәйкесетін тұстары көп. Сондықтан, екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп келеді деп айта аламыз. Нақтырақ айтқанда, инфрақұрылым, индустрия, жаңа технология саласында, сонымен қатар, мәдениет саласындағы ынтымақтастық та жаңа деңгейге шығып келеді. Екі ел арасына дәнекер болатын мәдени қарым қатынаспен қоса, ақпараттық байланыстар да көбейіп келеді
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 3 қаңтарда орнатылды. 2015 жылдың ақпанынан бастап ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев болып табылады. ҚХР аумағында Бейжіңдегі ҚР Елшілігінен басқа (1992 жылғы желтоқсаннан бастап), ҚР-дың Гонкогтағы (2003 жылғы тамыздан бастап) және Шанхайдағы (2005 жылғы мамырдан бастап) бас консулдықтары, Үрімшідегі Паспорттық визалық қызметі (1995 жылғы наурыздан бастап) жұмыс істеуде. ҚР аумағында ҚХР-дың Астанадағы Елшілігі және ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы (2007 жылғы тамыздан бастап) қызмет атқарады.
2013 жылдың 7 қыркүйегінде бас хатшы Си Цзиньпин Астана­дағы Назарбаев универси­тетінде Жібек жолының экономи­калық белдеуін құру туралы ұсыныс айтты. Ол бұрынғы Жібек жолына жаңа өмірлік мән беріп, Жібек жолының бойындағы елдер арасында ынтымақтастық пен кез-келген бағыттағы алмасуды көздейтінін айтты. Сол сәттен бастап барлық ел қолдау білдіріп, қатысуға ниеттерін жеткізді. Сондай-ақ, соңғы бір­неше жылда Қазақстан – Қытай саяси қатынасы үнемі дамып, жолдар мен байланыс ұлғайды, сауда жақсарды, валютааралық сауда да қарқынды дамуда. Жібек жолының аясында ұзақ жылдар бойы құрылған мәдени алмасу мен ынтымақтастық «Бір белдеу, бір жол» құрылысында маңызды рөл атқарды.
Қазақстан мен Қытай арасын­дағы байланыс мемлекетаралық қарым-қатынастың үлгісіне айналып отыр. Екі ел басшыларының берік достығы – халық арасын­дағы татулықтың негізі. Осының арқасында қазақ елінің Қытаймен экономикалық бағыт-бағдары дұрыс жолға қойылған.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру