Валюта бағамы: $ 366.43 420.11 5.58 ¥ 52.87

Әрбір төртінші адамның кредиті бар

Соңғы бір жылда республика тұрғындарының табыс деңгейі өсті: Ұлттық банктің тапсырмасы бойынша жүргізілген сұраным мәліметтері осындай. Алайда, сұрау салынған респонденттердің әл-ауқаттары одан әрі де өсетініне сенетіндер қатары мейлінше азайған. Бір жағынан халықтың жаппай кредиттендірілуі де оптимистік көзқарасқа әсерін тигізетін сияқты.

Отбасының айлық табысы 150 мың теңгеден асты деп мәлімдеген қазақстандықтардың саны рекордтық деңгейге жеткен. Ұлттық банк тапсырысымен жүргізілген сұрау салу мәліметтері бойынша, 2018 жылдың тамызында респонденттердің 25,5%-ы, бұл шілде айына қарағанда, 4,5%-ға артық. Сонымен қатар табыстары 70 мың теңгеден төмендердің саны – 8 пункттей төмендеу үдерісімен айтарлықтай азайған, демек 20,7%-ға құлаған.
Сөйтіп, алғаш рет, табыстары 70 мың теңгеден аздарға қарағанда, 150 мың теңгеден аса табысты отбасылар саны ұлғайған.
Бұған қоса, жоғары ауқатты отбасылар саны кедейлер санынан асқан: бірден 7,2% респонденттер отбасыларының табыстары айына 300 мың теңгеден жоғары (бір ай бұрын мұндайлар 5,8% болған) деп мәлімдеген, сонымен қатар табыс сомасы 40 мың теңгеден аз деп тек 4,4% (бүкіл кезеңдегі минимум, бір айдағы төмендеуі 1,9%) адам айтқан (1-инфографика).


Тұрғындар тарапынан табыстарын бағалау да жақсарған.
Сұрау салынғандардың 15,1%-ы жалпы бір жылда әл-ауқаттары жақсарғанын мәлімдейді – бұл 4 айдағы ең төменгі көрсеткіш (шілдеде – 17,1%) болса да, бір жыл бұрынғы­дан (14,1%) көбірек. Әл-ауқаттары на­шар­лаңқырады деп есептейтіндер әзір­ге (24,7%) көптеу, бұл абсолюттік минимумға (2018 жылдың шілдесінде 24,4%) таяу көрсеткіш.
Әл-ауқаттарының таяу жылда өсетініне қазақстандықтардың 37,9%-ы ғана сенеді екен – бұл 2017 жылдың желтоқсанынан бергі ең төмен көрсеткіш. Ал бұдан әрі тек нашарлай береді деп есептейтіндер – 12,2%. Соңғы 7 айда пессимистер саны бұдан тек бір ғана рет артық болған – респонденттердің 13,5%-ы наурызда осындай жауап берген.

Жинақ қаражаттарды  неде сақтау керек?

Республикамыз тұрғындары­ның барлығы бірдей жинақ қор­лары­­мен мақтана алмайды – қазақ­стан­дықтардың әрбір бесін­ші­сінде ғана жинағы бар екен. Ұлттық банк сұрау салуларының мәліметтері бойынша тұрғындардың 20,7%-ының жинақтары бар – бұл маусымдағыдан 3%-ға жуық аз, сәуірдегі көрсеткіштерден 4%-дан аса кемшін түскен.
Осы ретте бағам тұрақсыздығы қазақстандықтардың, жинақтарын қалай сақтауға қатысты, пікірін күрт өзгерткен. Ақшаларын қолда сақтайтындар (қалай сақтаудың бірнеше нұсқасынан таңдау мүм­кіндігімен) үлесі бір айда 33,6%-дан 24,4%-ға дейін – сұрау салулар өткізудің (2016 жылдың қаңтарынан) бүкіл кезеңіндегі минимумына шекті құлаған.
Осының аясында банктерге сенім күрт артыпты: жинақ қорлары бар үш қазақстандықтардың екеуінде депозиттері болған – бір айдағы үлес 57%-дан 67,8%-ға дейін өскен.
Сондай-ақ тамызда, жылжымайтын мүлікке қаражат салуды қалайтын, қазақстандықтар үлесі – шілдедегі 6,4%-ға қарағанда 10,1%-ға – айтарлықтай өскен (2-инфографика).


Бір қызығы, теңгенің әлсіреуі халықтың сеніміне әсерін тигізе қой­маған: шілдеде, тамызда қазақ­стандықтардың (жалпы жинақтары барлардың ішіндегі) 81,7%-ының ұлттық валютадағы жинақтары болған.
Респонденттердің 24,1%-ында долларлық жинақтары бар. Ал рубль мен евроға сенім онша емес екен: тиісінше – 6,3% және 6,4%.

Кредитке өмір сүру

Тағы бір таңқаларлығы, әл-ауқат артуы халықтың кредиттенулерімен бірге жүзеге асуда. Әрбір төртінші қазақстандықтың (27,9% – рекорд) тұтынушылық кредиті, 12 адамның біреуінде – ипотекалық (4,3% – 2017 жылдың желтоқсанынан бергі максимум) кредит немесе автокредит (3,8% – 2016 жылғы желтоқсаннан бергі максимум) бар екен.
Кредиттері жоқ респонденттер үлесі 56,3% құраған – зерттеулер өткізле бастаған кезеңнен бергі ең төменгі көрсеткіш.
Сонымен қатар бұдан әрі, мәлім боп отырғандай, кредиттену өсе түсетін тәрізді: респонденттердің 18,2%-ы, таяудағы 12 айда, қарыз алуды жоспарлағандарын мәлімдеген. Бұл да рекордтық көрсеткіш болып табылады.
Сонымен бірге кредиттер көлемі де өсуде. Айлық төлемдері 30 мың теңгеден аспайтын респонденттер үлесі 38,9%-ға дейін (2017 жылдың тамызынан бергі минимум) төмендеген, сонымен қатар 70 мың теңгеден және одан да көп қарыздарын жабуға мәжбүр қазақстандықтардың саны 20,7%-ға дейін (2016 жылдың қыркүйегінен бергі максимум) өскен (3-инфографика).


Редакциядан: Ұлттық банк үшін сұрау салуды GfK Kazakhstan компаниясы жүргізеді. Бұл телефонмен сұрау салуға облыс орталықтарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Семейде (250 мыңнан астам халқы бар қалалар) тұратын, жастары 18-ден асқан 1500 респондент қатысқан.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру