Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Ұшаққа отыратындар көбейді

«Алматы Халықаралық аэропорты» қанаттанып келеді.
Алматыдағы «Алматы Халықаралық әуежайының» кеңсесінде әуекомапнияның 2017 жылы және биылғы жылдың 6 айда атқарған қызметіне байланысты журналистерге арналған пресс-конференция өтті.

Жиын барысында «Алматы Халықаралық әуежай» АҚ-ның президенті Болат Ержанов, «Алматы Халықаралық әуежай» АҚ-ның вице-президенті Александр Гордеев еліміздегі аэропорт жұмысы мен атқарылып жатқан істерге тоқталды. Сонымен қатар шара барысында әуежай басшылары журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Елімізде әуежай саласында көптеген игі істер атқарылуда. Жуырда «Эйр Астана» әуекомпаниясы Астананы 20 жылдығымен құттықтады. Өзінің 16 жылдық қызметі ішінде әуетасымалдаушы мегаполисті шетел астаналары мен ірі қалаларымен байланыстыру арқылы оның өркендеуіне едәуір үлес қосты. «Біз жас елорданы айрықша күнімен құттықтаймыз. Астана еліміздің таңбасына және экономикалық, қаржылық және мәдени өміріміздің орталығына айналды. Әуекомпания Астанадан және Астанаға бағдарлық желіні ұлғайтуды жалғастырмақ. Астананы жақын және алыс шет­елдегі ірі қалаларымен байланыстырып, ыңғайлы түйісулермен қоса транзиттік мүмкіндіктерді ұлғайтпақ», – деді «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер.
Өз атауын жас елорданың құрметіне алған Қазақстанның азаматтық авиациясының көшбасшысы 2002 жылы құрылып, Астана мен Алматы арасында 3 күнделікті рейстен бастаған, ал қазір екі қала арасында күніне 9 рет қатынайды. Әуекомпания Астанадан 23 халықаралық бағыт бойынша Ресейдің, Алмания, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Қытай, Таиланд, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, БАӘ, Қырғызстан және Өзбекістан астаналары мен қалаларына ұшулар орындайды. Оған қоса еліміздің 10 қаласына қатынайды.
Қазақстан арқылы транзиттік халықаралық жолаушылар саны 2010 жылдан бері 10,718 адамнан 2017 жылы 488,714 адамға дейін өсті, яғни әрбір 4-ші жолаушы транзиттік.
2018 жылы әуетасымалдаушы Астанадан Түменге және Қазанға жаңа рейс ашты, Астанадан Лондонға рейстер күнделікті болды, басқа да халықаралық бағыттарда жиі қатынайтын болды. Халықаралық рейстер саны Астанадан 2011 жылмен салыстырғанда 4 дүркін көбейді және аптасына 117 рейсті құрады, ал 2020 жылға дейін бұл санды еселетпек.
Қазақстанға туристерді тарту үшін «Эйр Астана» Stopover Holiday бағдарламасын енгізген. Алғашқы тәулік үшін компания рейсімен келіп ары қарай ұшатын жолаушыға АҚШтың бір долларына қонақ үй, таңғы ас пен әуежайдан қонақ үйге және керісінше көлік ұсынылады. Соңғы 2,5 жыл ішінде бағдарламаны 21 мың адам қолданған.
Маршруттық желіні кеңейтуден басқа әуекомпания авиациялық-техникалық базаны жетілдіруде, бұл Астана қаласының аймақтағы авиациялық және транзиттік хабы ретінде өркендеуіне жағдай туғызады. Үстіміздегі жылы компания Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы аумағында авиациялық- техникалық орталықты іске қос­қан. Онда меншікті және өзге әуе­ком­панияларының ұшақта­рына техникалық қызмет көрсе­тіледі.
«Эйр Астана» компаниясы 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта тасымалдың және кірістің өсуін көрсетті. Мәселен, өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта жолаушы тасымалының 10 % және кірістің 17 % ұлғайғаны туралы хабарлайды. 2018 жылдың қаңтар мен маусым айы арасында 2 миллионнан астам жолаушы тасы­малданды.
Халықаралық жолаушылар легі 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22% ұлғайды. Халықаралық транзиттік легі 75% өсіп, 320 000 жолаушыны құрады. Транзиттік жолаушылар саны «Эйр Астананың» халықаралық жолаушылар легінің 30% құрады.
Астанадан Түменге және Қазанға жаңа рейстердің ашылуымен, және Астанадан Лондон, Омбы, Дубаи, Дели қалаларына, және Алматыдан Душанбе, Баку, Гонконг, Сеул және Біш­кек қалаларына қосымша рейстер енгізуімен тасымалдау сиым­дылығы 8% өсті. Оған қоса, Астана мен Алматыдан Бейжіңге, Мәскеуге, Санкт-Петербургке және Киевке жаңа жиіліктер қосылған. Сондай-ақ Атырау-Франкфурт-Атырау бағыты бойынша жаңа рейс 26 наурызда ашылған.
Наурыз айында «Эйр Астана» Cathay Pacific әуекомпаниясымен кодшеринг келісімін жасап, жолаушыларға Гонконг арқылы Азияға және Австралияға ыңғайлы түйісу рейстерін ұсынады. Сөйтіп, Cathay Pacific қазақстандық әуекомпаниясының 11-ші кодшеринг серіктесі болды.
«Эйр Астана» 17 тапсырыс берген ұшағынан жаңа үшінші А321neo әуе кемесін қабылдады. Көктемде әуекомпания Астана қаласында Авиациялық техникалық орталы­ғын іске қосқан. Бұл орталық «Эйр Астана» ұшақтарына ғана емес, Қазақстанға ұшатын өзге де әуетасымалдаушыларға техника­лық қызмет көрсетеді. Сондай ақ орталықта Part 66 EASA лицензиясы бойынша авиациялық механиктер мектебі жұмыс істейді.
«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер: «Жолаушы легі халықаралық және транзиттік бағыттарда жоғары болып тұр. Ішкі және аймақтық бағыттардың дамуы қатаң бәсекелістікпен және операциялық шығындардың өсуімен тежелуде».

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру