Валюта бағамы: $ 366.43 420.11 5.58 ¥ 52.87

Жас журналистерге арналған

«Jas QALAM» форумы

Алматы AlmaU университетінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Қазақстан жастарының конгресі республикалық «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасының форумы өтті.

Отандық БАҚ-тың танымал журналистері – «Inform­buro» бас редакторыМихаил Дорофеев,«КТК» телеарнасы жаңалықтарының шеф-редак­торы Оразәлі Баймұратов, «31 арна» бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова,танымал журналистер Серік Акишев, Дина Төлепберген, Асқарбек Қазанғап және телерадиожүргізушілер Аяна Габдуллина, Назыма Ғаділбек,Әсет Рахманбердиев қатысушылар үшін шеберлік сабақтарын өткізді.
«Жоба мақсаты – еліміздің журналистика саласын дамыту, жас журналистерге еліміздің үздік журналистерінен сабақ алу мүмкіндігін беру. Қазіргі журналистика мамандары тек негізімен шектелмей, жаңа заман ағымдарын жетік түсінуі керек, ал мұны іс жүзінде мил­лиондаған көрермендер мен оқырмандардың жүрегін аулай алған журналистер практика тұрғысынан көрсетіп бере алады. Жобаның тұңғыш форумын біз Тараз қаласында өткіздік. Алматыдан кейін Семей қаласында ұйымдастыра­­мыз. Жоба нәтижесінде Қазақстан­ның 2 облысы мен 2 қаласында 500-ге жуық жасқа практикалық сабақтар жүргізіп, олардың медиа саласындағы прогресін қада­ғалап, менторлық көмек пен тапсырмалар арқылы қабілеттерін дамыту жоспарланған. Осылай олар алған білімдерін бекіте алатын болады», – дейді Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.
Жобаға 14 пен 29 жас аралы­­ғын­­дағы жас журналистер және болашақта журналист боламын деген жастар қатысты. Форумдардың үздік қатысушылары Астанада алдағы айдың басында өтетін республи­калық форумға жолдама алды.
«Біздің жас кезімізде мұндай жобалар мүлде болмаған. Практика тәсілдерін өзіміз іздеп, тауып, жоқтан бар жасайтынбыз. Бала кезімде магнитофонға даусымды жазып, жаңалықтар, мақалалар жазып, үнемі жаңа білімге деген ізденіс үстінде тыным таппайтыным есімде. Қазір мұндай жобалардың ұйымдас­тырылатыны керемет деп ойлаймын. Ал біз, өз кезегімізде, жастармен білім-тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз», – деп санайды танымал тележүргізуші, продюсер Серік Акишев.
Алматы форумының 2 күнінде шарада 150 іріктел­генжас журналист білімін толықтыруға мүмкіндік алды. Ал республикалық жобаның келесі аймақтық форумы Семей қаласында өткізілді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру