Валюта бағамы: $ 366.43 420.11 5.58 ¥ 52.87

Болашақ – білімді ұрпақтың қолында

Жастардың еркін пікірі

«Қазақстан – 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын ақпараттық қолдау және түсіндіру аясында елімізде көптеген игі істер атқарылуда. Соған байланысты, Алматы қаласындағы Қазақстан қонақ үйінде ТМД мемлекеттері арасында халықаралық жастар форумы өтті.

ҚР Қоғамдық даму минис­трлігі Жастар және отбасы істері комитеті, Алматы қаласы әкімдігінің қол­дауы­мен«Жас­тардың әлеуметтік және тұрақ­ты даму қоры» Қоғам­дық қоры ұйымдастырған фору­м­ның мақсаты – ТМД-ға қа­тысушы-мемлекеттердің жас көшбасшылары арасында байланыс сұхбат алаңын құру және мәдениетаралық диалогты қа­лыптастыру, жастар ұйымдары мен жас көшбасшыларды бірік­тіру болды.
Форум Қазақстан Республи­касы Қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Асхат Ора­лов­тың құттықтау сөзімен ашылды. Ресей Федерациясының Жас­тар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің халықаралық бө­лім басшысы Дмитрий Иванов, Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас елшісі Сергей Семенов ТМД мемлекеттерінің жастарының болашағы жайлы өз ойларын ортаға салды. Алматы қаласы Жастар саясаты департаментінің басшысы Шыңғыс Бескемпіров жастар кәсіпкерлігін дамытуға баса назар аударды. Блогер, саяхатшы Александа Цой туризм мен еріктілік тақырыбында сөз қозғады. Іс-шараның алғашқы күні Қазақстан – Ресей жастар ынтымақтастығының күніне арналады, оның шеңберінде тараптар жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.Сонымен қатар, Қазақстан және Ресей жастар ұйымдарының арасында меморандумға қол қойылды.
Форумның екінші кү­нінде ТМД-ға қатысушы мем­лекеттердің жастар фору­мының ресми ашылуы өткізілді. Сонымен қатар ұлттық және шетел сарапшыларының қаты­суымен«Заманауи туризмнің трендтері», «Волонтерлік өмір сүрудің бейнесі ретінде», «Жастар және бизнес», «Жастар ақпарат толқынында» тақырыптарында пікірталас алаңдарының жұмысы ұйымдастырылды.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру