Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Инфляцияның өсу салдары

«Halyk Finance» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Темірханов

«Halyk Finance» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Темірханов

Экономиканың дамуына жайсыз әсерін тигізеді

Белгілі қазақстандық экономист, Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Темірханов бұл жайында өз пікірімен бөлісті. Ол Halyk Finance сайтында жарияланған мақаласында «ұлттық валютаның долларға қарсы ештеңеге негізделмеген құнсыздануына жол беріп, ҚР Ұлттық банкі (ҚР ҰБ) валюталық арна арқылы экономикаға инфляциялық қысым трансмиссиясы үшін жағдай жасады» дейді.

«Жалпы алғанда, егер тең­генің долларға ағымдағы бағамы осы жылдың аяғына дейін сақталса, онда біздің (бұл жерде және одан әрі де Halyk Finance-тың талдаушылары – ред.) инфляцияның шектеулі дәлізден (7%-дан артық болады) шығып кететініне ықтималдықтың мейлінше басым ауыртпалығымен болжауымызша, нәтижесінде ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені ұлғайтуға мәжбүр болады да, бұл өсе түскен инфляциямен бірге Қазақстан экономикасының өсуіне жайсыз әсерін тигізеді», – делінген құжатта.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдыруға шешім қабылдады. Мұндай шешім қабылдауға «қалпына келе бастаған ішкі сұраныс тарапынан да, әлемдік экономика көрсеткіштері тұрғысынан да орташа мерзімді көкжиекте инфляцияның тежелуі әлеуеті төмендеп, инфляцияға қарсы факторлардың әсер тигізуінің күшеюі» негіз болған.
Бұдан әрі мәтінде «инфляция аясындағы сипат көбінше, формальді түрде Ұлттық банк­тің ақша-кредит саясатына қатысы жоқ, факторлармен айқын­далатыны» атап айтылған.
Сондай-ақ 4 қыркүйекте реттеуші ағымдағы уақыттағы инфляцияға қысым көрсетіп жатқан факторлар жөнінде «Инфляция болжамы туралы» баспасөз хабарламасын жариялады. Сол құжатта аракідік былай делінген: «Бұл Ресей рублі мен дамушы елдердің басқа валюталарының құнсыздануы аясында байқалып отырған ұлттық валюта баға­мының әлсіреуімен; РФ-да инфляция өзінің таргеттелетін деңгейінен ықтималды асуына байланысты сыртқы инфля­циялық аяның нашарлауымен; сыртқы монетарлық жағдайлар қатаңдауымен; қорлар төмендеуі және әлемдік тұтыну ұлғаюы салдарынан дәнді дақылдарға күтіліп отырған баға белгілеудің өсуіне байланысты болды. Сонымен қатар, инфляциялық үрдістерді халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуі аясында ішкі тұтынушылық сұраныстың оң серпіні, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі баға индексінің жоғары деңгейде сақталуы (жылдық мәнде) айқындайтын болады».

Жалпы алғанда, ақша-кредит саясаты сипатына қатысты реттеу­шінің риторикасын қатайтуын атап көрсету қажет. Егерде базалық мөлшерлеме бойынша шілдедегі шешімде ағымдағы жылы ақша-кредит жағдайларын жұмсартудың шектеулі әлеуеті туралы әңгіме болса, ал қыркүйекте реттеуші «ақша-кредит саясатын қатайту мүмкіндігін жоққа шығармайтыны» туралы айтты.

Halyk Finance пікірі

Halyk Finance ҚР ХБ-нің халық­тың нақты ақшалай табыстарының салыстырмалы жағдайдағы аздаған өсімі аясындағы ішкі тұтынушылық сұраныс пен тұтынушылық несие­лендірудің ағымдағы оң динамикасы инфля­цияға белгілі дәрежеде қысым көрсетеді деген пікірін қолдайды, алайда бұл инфляцияға қарсы фактор басқаларымен салыстырғанда онша маңызды емес.
Halyk Finance талдаушылары сондай-ақ ҚР ҰБ-нің республи­кадағы жағдайы көбінше ұсыныстар факторларымен айқындалады, алайда мұны да екі жағынан қарастыру қажет. Реттеушіден айырмамыз, біз мәселе қырының біреуі тікелей реттеушінің ақша-кредиттік саясатына тәуелді деп есептейміз, дейді олар.
Halyk Finance, реттеуші ықпа­лын тигізе алмайтын, өндіріс шығын­дарының өсіп кеткенін атап айтады. Бәрінен бұрын мұның жанар-жағармайға (дизель, бензин, газ, көмір, т.б.) қатысы бар. Жанармайға бағалар белгілеудің қалай жүзеге асатыны күңгірт күйінде қалып келеді, алайда бұл фактор инфляцияға барған сайын көбірек қысым жасауда. Жанар-жағармайға бағалардың айтарлықтай өсуі өзіндік құннан және үстелме шығындардан көрініс табады, сөйтіп өз кезегінде барлық тауарлар мен қызметтерге бағалардың өсуіне әкеліп ұрындырады. «Әйтсе де, біздің пікірімізше, іргелі факторлардың ағымдағы жағдайына сәйкес келмейтіні, бұл ұлттық валютаның қазіргі кездегі айтарлықтай құнсыздануы ең басты инфляцияға қарсы драйвер болып табылады. Біз нақ осы бағытта реттеушінің ақша-кредиттік саясатында айтарлықтай атқарылмаған істер бар деп есептейміз», – делінген есептемеде.
Halyk Finance бағалауынша, тең­генің долларға және рубльге бағамы қаңтардың аяғынан сәуір айының басына дейін іргелі факторларға сәйкес болды. Бұл уақытта мұнай­дың Brent маркасының бағасы шамамен барреліне 65-70 АҚШ дол­лары аумағында құбылса, тең­геге доллардың бағамы 319-323 мөлше­рінде, ал теңгенің рубльге қатынасы 5,55-5,65 деңгейінде болды.
Ресейге жаңа ықпалшаралар (2018 жылғы сәуірдің басынан) енгізілген кезден бастап теңгенің бағамы іргелі факторлармен сәйкестенуден қалды. Бүгінгі күнге жағдай мынадай күйде. Тамыздың жиырмасынан бастап мұнай барреліне 75 АҚШ долларынан жоғары деңгейде орнықты. Сонымен бірге бұл кезде теңге долларға қатысты тұрақты түрде 360-тан 370-ке дейін әлсіреді, ал теңгенің рубльге бағамы шамамен 5,35-5,45 теңге аумағында құбылды.
Сөйтіп, сандардың орташа көріністерімен айтқанда, Halyk Finance талдаушыларының пікірлері бойынша, теңге бағамының іргелі факторларға сәйкес болғанынан қазіргі уақытқа дейін ұлттық валюта долларға шаққанда шамамен 14%-ға әлсіреген және рубльге шаққанда шамамен 4,5%-ға бекіген. Теңге бағамының мұндай өзгерісі Қазақстанға импорттың айтарлықтай қымбаттауына және жылдың аяғына инфляцияның жеделдеуіне әкелетіні айқын. Бұл Қазақстандағы импорт құрылымымен тікелей байланысты.
Ресей Федерациясынан Қазақ­станға тауарлық импорт барлық импорттың 37%-дайын құрайды. Ресей Орталық банкінің ресми мәліметтеріне сәйкес, тауарлар жеткізу және Қазақстанмен сыртқы сауда келісімдері бойынша есеп айырысулардың валюталық құрылымдарындағы ресейлік рубльдің үлесі 2017 жылы 62,9%-ды (2014-2017 жылдардағы мәні 61,8% құрапты) құраған. Демек, Қазақстанға жеткізілетін барлық импорттың тек 23%-ы ғана рубльмен төленеді екен. Импорттың қалғаны доллармен және айтарлықтай аз шамада, теңгенің оларға қарағанда айта қаларлықтай әлсіреп қалған, басқа валюталармен мүлде аз төленетін көрінеді.
Осылайша, ұлттық валютамыз­дың долларға қарсы құнсыздануына ешбір негізсіз жол беріп, ҚР ҰБ валюталық арна арқылы экономикаға инфляциялық қысым трансмиссиясына жағдай жасаған және халық пен бизнесті девальвацияның өсуін күтуге де мәжбүрлеп отыр.
Рубльмен төленетін импорт үлесін ескере келе айтар болсақ, ресейлік валютаның әсері теңгенің долларға бағамына салыстырмалы деңгейде онша көп болмауы тиіс. Halyk Finance есептемелері бойынша, Ресейге қарсы биылғы енгізілген ықпалшаралардан кейін, теңгенің долларға іргелі негізделген бағамы бүгінгі күнге (қыркүйек айының басы – ред.) 345 аумағында, ал теңгенің рубльге қатынасы – 5,0. Мұндай бағамдар инфляцияға салыстырмалы түрде аз ғана қысым көрсетеді және сөйте тұра, импорт пен экспорт құрылымын әдеттегідей теңдестіріп тұрады.
Компания негізгі сауда-әріптес елдердегі инфляцияның өсуі және АҚШ ФРЖ ақша-кредит саясатын қатайтуы сияқты сыртқы факторлардың айтарлықтай әсерін байқап отырған жоқ, дейді Halyk Finance мамандары.
Бәрінен бұрын, ҚР ҰБ-нің түйінді пайыздық мөлшерлемелерді көтеру бойынша АҚШ ФРЖ-нің саясаты теңгенің одан әрі әлсіреуіне әкеліп соғады, деген мәлімдесімен талдаушылар келіспейді. Басқа жағынан, бұл рубльдің әлсіреуінен де болуы мүмкін.
Алайда, дамушы нарықтардағы капиталдың жылыстауы көзқарасы тұрғысынан, мұндай оқиға теңгеге елеулі қысым көрсете алмайды. Мәселен, иелері бейрезиденттер болып табылатын, мемлекеттік қаржы құралдарының ауқымы шілдеде теңге бағамына әсерін тигізе алмайтындай деңгейге құлдырап кетті. Өз кезегінде, теңге бағамына қысым жасайтын пайыздық арналар айтарлықтай шектеулі.
Жалпы алғанда, егер теңгенің долларға ағымдағы бағамы жыл аяғына дейін сақталса, Halyk Finance инфляцияның шектеулі дәлізден (7%-дан көп болады) шығып кететінін, нәтижесінде ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені ұлғайтуға мәжбүр болатынын, ал бұл өсе түскен инфляциямен бірге Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізетінін сенімділігі мейлінше басым болжаммен растай алады.
Қаржылық талдаушылар пікірі, міне, осындай. Бәрін, әрине, уақыт көрсетеді және тек соңғы аптаның өзінде теңге бағамы сан құбылды. Алда, шын мәнінде, бұл бағытта түбегейлі өзгерістер орын алатыны даусыз ақиқат.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру