Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Қазақ футболы қашан көгереді?

Елордада «Астана-Арена» стадионында футболдан Ұлттар лигасы тарихындағы алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Грузиямен жасыл алаңда жолықты.

D дивизионының алғашқы тобындағы алғашқы матч Астанада өтіп, есеп 0:2 есебімен қарсылас команданың пайдасына шешілді. Қонақтар матчтың екінші бөлігінде есеп ашты. Мачтың 69-минутында жартылай қорғаушы Георги Чакветадзе Ұлттар лигасы тарихындағы алғашқы голды соқты. Ал 74-минутта Қазақстан қақпасына автогол тіркелді.
Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойында Андоррамен сырт алаңда ойнады. Пиреней түбегіндегі Испания мемлекетінің ішінде орналасқан қуыршақ мемлекеттің астанасы Андорра-ла-Велья қаласының «Андорра-ла-Велья» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Қазақстан құрамасы ойында басымдығын алғашқы сәттерден-ақ байқатты. Шабуылға сәт сайын ұмтылғанмен, алаң иелері қақпасына гол соғу мүмкін болмады. Барлығы бұрыштама добымен аяқталды. Нәтижесінде бірінші таймда есеп ашылмады.
Қазақстан құрамасы бірінші болып гол соқты. Қорғаушы Юрий Логвиненко бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, баспен қақпаға дәл енгізді. Матч­тың 86 минутында Дмитрий Шомко оңбай қателесті. Осыны пайдаланған Жорди Алаэс таразы басын теңестіріп кетті.
Өз тобымыздағы екі тур қо­ры­тындысы бойынша Грузия құ­рамасы 6 ұпаймен алға шықты. Андоррада 2 ұпай бар. Қазақстан мен Латвия құрамаларында бір-бір ұпайдан. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін алдағы айдың ортасында сырт алаңда Латвияға қарсы өткізеді.
Егер Қазақстан осы топта жеңіске жетсе, D лига­сындағы басқа үш топтың жеңім­паз­дарымен 2020 жылы наурызда өтетін плей-офф кезеңіне қатысады. Төрт жеңімпаз алдымен жартылай финалда ойнайды. Ал жеңіске жеткен екі құрама финалда кездеседі. D лигасы финалында озған команда 2020 жылы жазда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады. Жалпы Ұлттар лигасына 55 еуропалық құрама рейтингтеріне қарай төрт дивизионға бөлінді. Алғашқы турнирде Еуро-2020 жолдамасы сарапқа салынады. Айта кетейік, Еуро-2020 турнирінде 24 Еуропаның үздік құрамасы қатысатын болады. Әрі Еуро ойындарының басталғанына 60 жылдық мерейтойлық мерекесіне байланысты Еуропа чемпионаты көптеген елдердің стадионында өткізілмек.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру