Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Шағын және орта бизнес кредитке мұқтаж

Аса ірі ондықтың ішіндегі банктердің жетеуі шағын және орта бизнесті несиелендіруге ынталы, ал көш бастаушыларының бірі тіпті көлемді – 5 миллиард теңгеге дейін заем беруге әзір, деп хабарлайды ranking.kz сайтынан.

Шын мәнінде, елімізде шағын бизнес жыл сайын дами түсуде. Мәселен, Қазақстан нары­ғын­да тамыз айына 263,3 мың шағын компаниялар – бір жыл бұрынғыдан 9,7%-ға артық жұмыс істеген. Олардың ішінде 56%-ы белсенді жұмыс істейді.
Іс үстіндегі шағын кәсіпкер­ліктің 18,1%-ын стартаптар – жаңа, әлі де белсенді емес компаниялар құраған. Еліміздегі олардың саны 47,7 мыңға жеткен – бір жыл бұрынғыдан бірден 21,0%-ға артық.
Орта бизнес, керісінше, өсуге асығар емес – бір жылда компаниялар саны 6 мың деңгейінде қалып, іс жүзінде өзгерген жоқ. Дегенмен, іс жүзінде бұл компаниялардың бәрі (97,3%) Қазақстан нарығында белсенді жұмыс жасауда. Тағы 1%-ын орта бизнес саласындағы жаңа компаниялар құрайды.
Сөйтіп, бүгінгі күнге нарықтағы шағын және орта бизнес (ШОБ) буынында орта бизнестің 6 мыңға жуық компаниялары және 200 мыңдай шағын кәсіпорындар кредиттік қолдауды қажет етеді.
Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) үздіктері ондығы арасында қарыздық қоржынының көлемі бойынша ШОБ-ке кредиттік сүйеніш болуға бірден 7 банк даяр екен (1-инфографика).


ШОБ буынында заемның ең үлкен сомасын – 5 млрд теңгеге дейін АТФ банк ұсынады. Атап айту керек, несиелендіру секторында жалпы алғандағы заңдық тұлғалардың жабыла құлдырауы аясында (өткен жылдан осы жылға дейін минус 5,8%) және шағын бизнес те – соның ішінде (бір жылда бірден минус 14,9%), АТФ банктен ШОБ-ке кредиттер тек бірінші жартыжылдықтың өзінде бірден 12,2%-ға артқан.
Ұсынған сомаларының ау­қымы бойынша бұдан кейін Халық банкі мен Цеснабанк келеді – 3 млрд теңгеге дейін. 2 млрд теңгеге дейін ForteBank ұсынады (2-инфографика).


ШОБ-ты кредиттеу өнімдері бойынша ең тартымдырақ төмен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) АТФ және Халық банк ұсынып отыр. ШОБ-ты кредиттеудің ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлемесі – АТФ банкте – 13,2%-дан, сондай-ақ 14,6%-дан және 15,7%-дан мөлшерлемемен өнімдер де бар. Бұдан кейін Халық банкі келеді – 13,5%-дан, 14,2% және 14,8% нұсқалар бар. Үштікті ForteBank – 16,3%-дан түйіндейді. Осы буындағы орташа тиімді мөлшерлеме – 16,9%-дан.
Кредиттеу мерзімі 12-ден (Банк ЦентрКредит) 120 (Цеснабанк пен БЦК) айға дейін. Кредиттің ең тартымды мерзімін – 84 айға дейін – АТФ, Еуразиялық, БЦК, Сбербанк, Халық банк пен ForteBank ұсынады.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру