Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Тамшылатып суару – табыс көзі

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «Аймақтарда су инфрақұрылымын тиімді басқару» пилоттық жобасының ашылу салтанаты мен таныстырылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Алматы облысы әкімдігі,Қазақстандағы Еуропалық одақ қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – ауылдық елді-мекендерде дренажды суларды жинап, оларды экономикалық тұрғыда тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін экологиялық таза тәсілдер мен технологияларды көрсету.

Қазақстанда сумен қамтамасыз ету мәселесі – ұлттық қауіпсіздік басымдылықтарының бірі, ал су тапшылығы қаупі және тиімсіз басқару елдің экономикалық өсімі мен әлеуметтік дамуындағы негізгі кедергілер ретінде қарастырылады. Республикадағы су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру саясатын қолдау бағытында Қазақстандағы ЕО өкілдігі БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ ЕЭК және ҚР АШМ Су ресурстары бойынша комитетімен бірлесе отырып, «Қазақстанның жасыл экономика моделіне өтуін қолдау» жобасын жүзеге асыруда, оның бір мақсаты – елдегі тұрақты су пайдалану жүйесін құруға атсалысу.
Жүзеге асырылған пилоттық нысан кешенді тәсіл қолданылғанын көрсетуге мүмкіндік берді, соның нәтижесінде: Ақши ауылы білім беру мекемелеріндегі балалардың сапалы ауызсу мен ыстық суға қол жеткізуі; Ақши ауылы білім беру мекемелерінде су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, қайнар көздердегі сарқынды суларды азайту; суғару үшін қайтара пайдалануға және ауыл кооперативінің органикалық бизнесін дамыту үшін су жинағыш-тоғандардағы сарқын суларды тазалау әрі жинау;коллекторлы-дренажды желіні реконструкциялау арқылы Ақши ауылы аумағын және ғимараттарын су басуқатерін азайту қамтамасыз етілді.
Рәсімге БҰҰ тұрақты үйлестірушісі әрі БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Қазақстандағы ЕО өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханес Стенбаек Мадсен қатысып ауыл шаруашылығын дамытудың оңтайлы әдістері жайлы өз ойларын ортаға салды.
БҰҰДБ барлық деңгейдегі қоғам өкілдерімен ынтымақтасады, олар дағдарыстарға төтеп беруі үшін елдердің мемлекеттік құрылысына көмектесіп,әрбір адамның өмір сүру сапасын көтеруге бастайтын өсіп-өркендеуді қоштайды әрі қолдайды. Әлемдегі 177 астам мемлекет пен аумақтарда жұмыс істей отырып, адамдардың неғұрлым тең құқықты өмір сүруіне ықпал етіп, мемлекеттердің өміршеңдігін арттыратын ғаламдық көзқарас пен жергілікті шешімдер ұсынады.
Еурпалық одақ – еуропалық интерграцияға қатысатын 28 еуропалық демократиялық мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Жарты ғасыр бойы Еуропалық одақ Еуропада тұрақтылық,бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуде. ЕО арқылы адамдардың өмір сүру деңгейі көтеріліп, біртұтас еуропалық рынок құрылып, айналымға ортақ еуропалық валюта – еуро енгізіліп, Еуропаның әлемдегі орны нығая түсті.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру