Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Жаңа «Барыс» жасалуда

Оралдағы «Зенит» зауытының жұмысшылары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне тапсырыспен «Барыс» кемесін жасауда.

Кәсіпорындағылар бұған дейін мұндай жобадағы кеменің тоғызын құрастырды. Оның бесеуі шекара шебінде, ел тыныштығын күзетіп жүр. Ал төрт кеме еліміздің әскери-теңіз күштері құрылымдарында қызмет етуде. Мамандардың айтуынша, зениттіктер әр кеменің өндірісіне шығармашылықпен қарайды.
– Бұл – «Барыс» жобасы бойынша алтыншы кеме. Жаңа кеме күрделі навигациялық құрал-жабдықпен, түрлі қару-жарақпен жарақтандырылған. Су құралының ұзындығы 42 метр, ал кеменің жүзу жылдамдығы 30 узел. Шекара қызметі үшін құрастырылып жатқан кеме 2019 жылы дайын болып, суға түсіріледі, – деді зауыттың бас директорының маркетинг және өнім өткізу жөніндегі орынбасары Богдан Хомко.
«Зенитте» күні бүгінге дейін 27 кеме жасалды. Кәсіпорын­дағылардың жұмысы кемелерді жасап, суға түсірумен бітпейді. Олар кепілді мерзім ішінде және одан кейінгі уақытта да сол кемелерге қызмет көрсетеді, жөндейді. Өндіріс ошағында шығарылатын кемелердің су ығыстырылымдығы 250 тоннаға дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта мұнда су ығыстырымдылығы 600 тонна болатын кеме құрастыруға барлық жағдай жасалған. «Сал­мақты» кеме жасайтын цех қайта құрудан өткен. Ол корпус қажетті әлеуетті крандармен, жабдықтармен, плазмалық кесу, металл майыстырғыш құрылғыларымен жабдықталған. Жаңа цех мемлекеттік тапсырыстар күтуде.
– Үкіметте «Зенит» зауытын мемлекеттік тапсырыспен қамту жайы әлденеше рет қаралды. Мемлекеттік тапсырыстарға қатысты республикалық бюд­жеттік комиссияның шешімін күт­удеміз. Бірақ жүктеменің қанша көлемде болатынын әзірге нақты айта алмаймыз, – деді Б.Хамко.

ГҮЛБАРШЫН ӘЖІГЕРЕЕВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру