Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Шымкент пен Түркістанда үйлер қымбаттады

Соңғы кездері Шымкент пен Түркістан қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығын айтарлықтай жандандырды. Аймақтардың басым көпшілігінде үйлерді сату төмендеп кетсе, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында мәміле саны өсе түскен. Бұған тіпті бағалардың өсуі де әсер етер емес.

Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша шілде айында қайталама нарықтағы бағалар 2,1%-ға өскен. Түркістанда тұрмысқа жайлы тұрғын үйлерді алып-сатудың орташа бағасы 0,5%-ға артқан. Сөйтіп, нарық бұл қалалардың жаңа мәртебесіне осылайша жауап қайтаруда. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 маусымынан Шымкент республикалық мәні бар (бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болды) қала болып табылады, ал Түркістан – жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығы.
Бір айда Шымкенттегі тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 3,6 мың теңгеге – 169,8 мың теңгеге дейін өсіп кеткен. Қала жаңа мәртебе алған кезден бері, айналасы екі айға толмаған уақытта, «қайталамалық» үйлер құны жалпы алғанда 2,8% пайыз қымбаттаған, ал қаңтар-мамыр айлары аралығында үйлер құны іс жүзінде еш өзгермеген болатын.
Түркістанда да пәтер сатып алу қымбаттап кетті – тұрмысқа жайлы тұрғын үйлер шаршы метрінің алып-сату кезіндегі құны бір айда 0,5%-ға өскен. Дегенмен, бұл қаладағы бағалар – республикадағы ең төмендердің бірі: шаршы метрге 136,5 мың теңге (бұдан тек Қызылордада ғана төмен – 130,3 мың теңге).
Есесіне Шымкенттегі жаңадан салынған үйлерге баға шілдеде өзгермеді: маусым айындағы 1,4%-ға өсуден кейін өзгеріссіз – шаршы метрге 300,8 мың теңге (тек Астана, Атырау мен Алматыда ғана қымбатырақ). Түркістанға қатысты айтар болсақ, бұл қаладағы жаңа тұрғын үйлердің құны бойынша мәліметтер жоқ.
Оның есесіне жылжымайтын мүлікті жалға алу әлдеқайда қымбаттап кетті. Шымкент пен Түркістан шілдеде жалға беру бағалары – 4,9%-ға (шаршы метріне 1206 теңгеге дейін) және 5,9%-ға (1005 теңгеге дейін) өсіп кеткен бірден-бір қалаларға айналды. Сөйтсе мұнда, бағалардың өскенін есепке алғанның өзінде, ортареспубликалық (1324 теңге) бағаламалардан төмен.

Шымкентте үйлер сұранысқа ие

Бағалардың өсуі Шымкент пен Түркістан облысындағы жылыжымайтын мүлікке сұраныстың өсуіне жауап болып табылды. Маусым айында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында 1730 сату (мамырдағы көрсеткіштерден 0,1%-ға төмен, бірақ 2017 жылғы маусымдағы мәліметтерден 10,2%-ға асып түседі) жүзеге асқан, шілдеде – 1871 болған. Сөйтіп, бір айда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің саны аймақта 8,2%-ға артып, өткен жылмен салыстырғанда – 27,6%-ға өскен.
Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы сатылған жеке үйлердің саны бойынша Қазақстандағы үздік болып саналады – шілдеде 921 ымыра (республика бойынша барлығының 13,5%-ы) жасалған. Белсенділіктің жалпы деңгейі бойынша Шымкент пен Түркістан облысының алдында тек Алматы (3025), Астана (2873) қалалары мен Қарағанды облысы (2424 мәмілелер) тұр.

Тұрғын үйге сұраныс төмендеуде

Жалпы алғанда республика бойынша жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділік құлдырап кеткен. Шілдеде алдындағы айға қарағанда (22980 дана) 3,6%-ға аз сату жүзеге асқан. Белсенділік екінші ай қатарынан Астанада да төмендеуде – шілдеде сатылған пәтерлер мен үйлердің саны бірден 13,3%-ға азайған, бұл республикадағы барлық аймақтардың арасындағы ең нашар көрсеткіш болып есептеледі. Сондай-ақ көрсеткіштер Маңғыстау (–9,6%), Қызылорда (–10,8%) және Алматы облыстарында (–9,2%) да айтарлықтай төмендеп кеткен. Жалпы 16 аймақтың 11-інде (Шымкент пен Түркістан облысы бойынша әзірге ортақ есептеме жүргізілуде) төмендеу орын алған (1-инфографика).
Шілдеде сату өскен аймақтар арасында Ақмола облысы ерекшеленеді – мұнда маусыммен салыстырғанда сату 9,5%-ға артқан. Бағаламалар белсенділігі Ақтөбе (+1,5%), Қостанай (+2,8%) және Павлодар облыстарында да одан әрі жалғасуда.

Бірақ баға да созылмалы емес-ау

Сұраныстың төмендеуіне риэлтор-лардың қарым-қатынасы да әрқалай. Мәселен, 2017 жылдың қазан айынан бері тұңғыш рет жаңадан салынған құрылыстарға бағалар құлады. Әрине, төмендеу онша да үлкен емес (0,1%), және де бұл тек бір ғана қалада (Ақтөбеде бір айда бағалар 1,7%-ға төмендеген) орын алған. Мына фактіні – бағалар қалған барлық елді мекендерде өзгермегенін атап өту керек, бұған құнды ұстап тұруға мүмкіндік берген «7-20-25» бағдарламасының да әсер етуі әбден мүмкін (2-инфографика).
Шілдеде қайталама нарықта – 0,1%-ға бағалар өсімі байқалды. Шымкент пен Түркістаннан басқа қайталама нарықтағы бағаламалар өсімі Астана мен Семейде (екеуінде де 0,8%-дан) орын алған. Пәтерлерге Павлодарда (–0,8%) және Қостанайда (–1,1%) да қолжетімдірек бола бастады.
Жалпы жыл басынан бері республикада жаңа тұрғын үйлер 1,6%-ға қымбаттаған, қайталама нарықтағы пәтерлер мен үйлердің құны 0,7%-ға өскен. Астана (жаңа тұрғын үйге +4%, «қайталамалықта» +7,5%) абсолюттік көшбастаушы болып табылады. Бұл ретте тұрғын үйге Ақтөбеде (–2,5% және –1,9% тиісінше), Көкшетауда (–4,5% және –0,5%) және Таразда (0 және –4,8%).

ИСА ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру