Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Дарындылар қалталы болмақ

Сыйлық қоры – 50 миллион теңге!

Алматыдағы «Сыдық» мейрамханасында 31 арнадан эфирге шығатын «I`m a singer» халықаралық талант-шоуының екінші маусымының басталуына орай журналистерге арналған таңғы ас ұйымдастырылды. Былтыр дүниежүзінің 6 мемлекетінде таратылған, 200 миллионнан аса адам тамашалаған үлкен жоба биыл өз елімізде де жалғасын таппақ.

Жоба жасаушылар мен сарапшылар жаңа маусымның басты жаңалықтарымен бөлісіп, ресми түрде жоба кастингінің аяқталғанын хабарлады.
31 арнаның бас директоры Бағдат Қожахметов 2018 жылдың мамырынан бастап 28 шілдесіне дейін өтініш қабыл-данғанын, байқауға Қазақстан азаматтарымен бірге шетелдік өнерпаздар да қатысуға хақылы екендігін атап өтті. 31 арнаның басшысы бұл жоба – кез келген музыкалық эстраданың деңгейін көтеретін шоу екен-дігін, ол жай ғана ән сайысы емес, оны жұлдыздардың өнері деп қарау қате екендігін, ол, ең алдымен, өзінше драматургиясы бар, әншінің ішкі жан тебіренісін бейнелейтін бірегей жоба екендігін жеткізді. Сонымен қатар ол бұндай жобалардың басым бөлігі көптің арасынан біреуді суырып алып шығып, жұлдыз жасауды мақсат тұтса, бұл шоудың мақсаты – керісінше, жұлдыздың да адам екенін көрсету екендігін тілге тиек етті.
Жобаның бас ұйымдастыру-шысы – 31 арна биыл ғаламат шараның ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізді. Ендігәрі шоуға 16 жасқа толған, өзінің талантына сенімді кез келген үміткер өтініш білдіре алады. Өтініш қабылдау 2018 жылдың көктем мезгілінің соңғы айында басталып, жақында ғана аяқталды. Биылғы жобаға еліміздің 30 шақты танымал эстрада жұлдызы қатыспақ. Сонымен қатар қатысатын мемлекеттердің де саны артты.
Әнші, жобаның сарапшы-ларының бірі Сәкен Майғазиев: «Мұндай ауқымды халық-аралық жобаға қазылық ету – үлкен мәртебе. Бас жүлдегер Алматыда жеке концертін өткізіп, жаңа әнін жазып, бейнебаян түсіруге және оны қазақстандық радиостанцияларда, музыка телеарналарында жыл бойы ротациялауға мүмкіндік алады», – деді.
Бүгінге дейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзірбайжан, Иран, Армения, Беларусь пен Ресейден 3 мыңнан астам әнші «I am а singer» жобасына қатысуға өтініш білдірген. Екінші маусым 2018 жылдың 9 қыркүйегінде көрсетілімін бастайды. Сарапшылар арасында Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев және тағы да басқа белгілі әншілер болмақ.
Айта кетейік, алғашқы жоба 2017 жылы күз бен қыс айларында ұйымдастырылған бірінші маусымда әлемнің 6 мемлекетінен 8 кәсіби әнші қатысып, нәтижесінде Қайрат Түнтеков жеңіске жеткен. Байқаудың ұйымдастырушылары мәде-ниет саласымен бірге отан-дық туризмді дамытуға да мүдделі. Мәселен, 8 елден келетін қатысушылар жоба күнделігін жүргізу барысында Алматының тарихи мекендері мен әсем жерлерінде болып, өз мемлекеттеріне елімізді насихаттауға үлес қосады. Сонымен қатар шетелдік қонақтар мен отандық өнерпаздар биыл құрылғанына 200 жыл толатын Қызылорда қаласына сапарлап, ол жақтан да әдемі әсермен оралатыны сөзсіз.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру