Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Сапалы дамуға бағдар

Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының және инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылауға арналған семинар-кеңес өтті.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдар-ламасы Елбасы жолдауларында жүктелген стратегиялық міндет-терді, соның ішінде АӨК-тегі еңбек өнімділігін және өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге ұлғайту міндетін іске асыруға бағытталған. Оңтүс-тік өңірдің жаңа орталығы Түркістанда өткен жиында Ө.Шөкеев аграрлық саланы жедел дамытудың, отандық өнімнің әлемдік нарықта бәсе-кеге қабілеттігін арттырудың маңыздылығын айрықша атап өтті.
Вице-премьер Түркістан облысы үшін суармалы егістіктер мәселесінің өзекті екендігіне, сондықтан өңірде пайдаланылмай жатқан алқаптарды тездетіп айналымға қосу қажеттігіне тоқталды. АӨК бағдарламасы өз деңгейінде орындалуы үшін әкімдіктер әрбір аудандағы қолданылмай жатқан егістік жерлерді игеріп, суармалы жерлердің көлемін арттыру, қарқынды бау шаруашылығын дамыту және салаға инвестиция тартуды басты назарға алуы тиіс. Бүгінгі таңда өңір бойынша барлығы 35 898 гектар жаңа суармалы жерді пайдалануға енгізу жоспарлануда.
Аграрлық салаға елеулі серпін берудің тағы бір жолы – зәкірлік кооперация негізінде етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту. Бұл ретте өңірлік салалық бағдарламалар шеңберінде облыста он жыл ішінде бордақы-лау алаңдарының айналасынан жалпы сүтті ірі қара мал басы 150 мыңнан асатын 3000 отбасылық ферма құру көзделіп отыр. Қой санын 300 мың басқа дейін ұлғайтумен қатар, өңірде тұқымды жақсартуға мән берілуі керек. Сондай-ақ мал шаруашылығын жүргізуге арналып, игерусіз жатқан 2 млн гектар жайылымды фермер-лік шаруашылықтарға кредит берудің қолжетімділігін ескерумен, отбасылық фермалар желісін құру есебінен айналымға енгізу қажет.
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Евниев агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ұсынатын мүмкіндіктер жөнінде айтып берді. Жаңа бағдарлама мәні – жер мен қаржыландыруды қажет ететін фермерлерге баса көңіл бөлінеді. Мал шаруашылығымен – жылқы және қой өсірумен айналысатын 80 мыңнан астам отбасылық фермаларды құру, жайылым алаңдарын 58 млн гектардан 100 млн гектарға дейін, ал ірі қара мал санын 15 млн, қой санын 30 млн басқа дейін жеткізу көзделген. Фермер өз кезегінде аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржылай қолдау қорымен 15 жылға 4 процентпен қаражат ала алады.
Кеңесте сондай-ақ облыста жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. Солардың бірі – «Нұрым» серіктестігі экспортқа бағдарланған 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын құрған. Серіктестік басшысы Сырым Ертаев кәсіпорын жыл басынан бері 1300 тонна сиыр етін Өзбекстанға экспорттағанын айтты.
Сапар барысында Ө.Шөкеев қалада салынып жатқан түйе және бие сүтін өңдейтін «Golden Camel» ЖШС зауытына барды. Зауыт тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеуге қуатты және ағымдағы жылғы қазан айында пайдалануға беріледі. Шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылған жобаның өнімі түгелдей экспортқа бағытталады. Бұдан бөлек, ауылшаруашылық техникасын құрастыратын зауыт – «Каz Kioti» серіктестігінің ағымдағы қызметі таныстырылды. 2015 жылы кореялық компанияның жеке инвестициялары есебінен құрылған кәсіпорын қазірде жыл сайын 150 бірлік DAEDONG маркалы трактор шығарады.
Пікір алмасу және өңірдің тауар өндірушілерінің маңызды мәселелерін талқылау форматында жалғасын тапқан жиында Ө.Шөкеев АӨК-ті дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі мұндай семинар-кеңестер елдің барлық өңірлерінде өткізілетінін жеткізді.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру