Валюта бағамы: $ 363.26 420.11 5.54 ¥ 52.45

Халық банктің болжамы жақсарды

Fitch Ratings халықаралық агенттігі Халық банктің рейтингі бойынша болжамды «тиімді» деңгейіне өзгертті, деп хабарлайды https://lsm.kz сайтынан. Бұрын бұл қаржылық жүйенің болжамы «тұрақты» деңгейінде болып келген еді.

Мұнан басқа Fitch Қазкоммерцбанктің (ҚКБ) ұзақ мерзімді ЭДР (эмитент дефолтының рейтингі – ред.) көрсеткішін «BB-» деңгейінен «BB» деңгейіне өсірді, оны Rating Watch «тиімді» тізімінен алып тастап, Қазкомның рейтингін қайтарып алды.

Қазкомның қазіргі күйі

Рейтингтік іс-қимыл Қазкоммерцбанкті Халық банкпен іс жүзіндегі біріктірілуі аяқ-талысымен біріншісіне екінші банктің барлық мүлкін, құқықтары мен міндеттерін өткізіп беру жолымен жүзеге асты. Рейтингті көтеру олардың Халық банк рейтингімен бір деңгейде болуы үшін жасалды, өйткені міндеттерді өткізіп беру кезеңінде кредиторлар солары үшін тәуекелге барады. Көрсеткіштер қайтып алынды, себебі банк таратылатын болды, сөйтіп, тиісінше, Fitch енді Қазкоммерцбанктің рейтингін сараламайды және ол бойынша талдау жүргізбейді.
Сонымен қатар банктің рейтингін қайтарып алғанға дейін Қазкомның орнықтылығы көрсеткіштерін көтеру агенттіктің осы банк бағдарының біріккенге дейінгі өз алдына нық болғанын айғақтайды. Көрсеткіштердің жақсаруына құнсызданған кредиттер бойынша тереңірек сақтық қорда сақтаудың нәтижесінде түсімділіктің жақсаруы және активтердің сапасы тұрақтануының арқасында капиталға қысым мейлінше бірқалыпты жүзеге асты. ҚКБ тұрақтылық рейтингі банктың күшті өтімділігінде және капиталының жеткіліктілігін де айғақтап отыр.

Халық банкі  бірқалыпты дамуда

Халық банктің банк орнық-тылығы индексімен айқындалған ЭДР-і оның жеке кредитті өтеу қабілетіне негізделген. Рейтингтер бұрынғыдай банктің нарықтағы үстем үлесін және оның Қазақстандағы депозиттерінің көлемі бойынша аса ірі банк ретінде баға белгілеуге әсер етуде айтарлықтай мүмкіндіктері барын, сондай-ақ тәуекелге және менеджментке парасатты қарым-қатынасын және капиталының жақсы қоры мен нық өтімділігі барын ескереді.
Халық банктің ЭДР-і бойынша болжамды «тиімді» деп қайта қарау Fitch әдістемесі бойынша сақтау қорына түспеген құнсызданған кредиттердің негізгі капиталға қатынасы капиталдың одан әрі табыс есебінен артуы нәтижесінде біртіндеп қысқаратынын, кредит-тердің тек қана бірқалыпты өсімі-мен, кепілдікті қамтамасыз ететін сатулар мен бірқалыпты қосымша сақтау қорында ұстау нәтижесінде бірқатар активтер бойынша қаражаттарды өндіріп алу және өтеу айқындайды.
2018 жылдың І тоқсанының соңына Халықтық банктегі құнсыз-данған кредиттер (IFRS–МСФО – қаржылық есептің халықаралық стандарты – ҚЕХС – ред.) 9-ға сәйкес үшінші сатыдағы кредиттер) жалпы кредиттердің 21 пайыздық жоғары деңгейінде болды және кредиттердің құнсыздануы сақтық қорымен 45 пайызын жаба алды. Сонымен қатар бұл Халық банктің ҚЕХС (IFRS) 3-ке сәйкес сақтық қорларды шығарып тастағандағы «Қазком» проблемалық кредиттерін шоғырлауымен де түсіндіріледі. Fitch-тің бағалауынша, егерде осы проблемалық заемдар банктің есеп-қисабында көрсетілген болса, Халық банктің құнсызданған кредиттері жалпы кредиттердің 35 пайызын құраған болар еді. Оның үстіне заемдардың құнсыздануын сақтық қорымен жабу 74 пайыздық жоғары деңгейге шығып кетер еді және Fitch – құнсызданған кредиттердің көпшілігі бойынша тұрлаулы кепілдік қамтамасыз етудің қолжетімділігін ескере келе – құнсызданудан қандай да бір болмасын шығындар шектеулі болуы тиіс деп жорамалдайды. 2018 жылдың І тоқсанының соңына сақтау қорының құнсыздануын есептен шығарып тастағанда құнсызданған кредиттер Fitch әдістемесі бойынша негізгі капиталдың тұрлаулы 44 пайызы деңгейінде болды. ҚЕХС (IFRS) 9-ға сәйкес екінші сатыдағы кредиттер және профильдік емес активтер (негізінен өндіріп алынған жылжымайтын мүліктер) Fitch әдістемесі бойынша негізгі капиталдың тағы 19 және 17 пайызын, тиісінше, құраған. «Біз бұл көрсеткіштер Халық банк активтерінің сапасын тұрлаулы айшықтайды, ал активтер сапасына қатысты басқа тәуекелдер тұрақты деп болжаймыз. Мұндай пікір (і) көпшілігі жетекші қазақстандық компаниялар немесе олардың қосалқы мердігерлері, болмаса үлестес жүйелері болып табылатын Халық банктің аса ірі корпоративтік қарыз алушыларының лайықты сапасына; (іі) соңғы жылдарғы тек бір қатарлы төменгі сандармен айқындалған кредиттердің (есептен шығаруды түзетуді ескере отырып) тұрақты жаңа құнсыздануларына; және (ііі) 2018 жылдың І тоқсанының соңына банктің жиынтық активтерінің 50 пайызын құрайтын тәуекелділігі төмен (негізінен инвестициялық деңгейдегі рейтингті облигациялар және ақшалай қаражаттар/банктік орналастырулар) жоғары үлесіне негіз болған», – деп атап көрсетеді агенттік.

Капитал жеткіліктілігі – табыс көзі

Fitch тағы банктің шығындарды сіңіре алу мүмкіндігі айтарлықтай екенін айтады. 2018 жылдың І тоқсанында, бір жолғы табыстарды есептемегендегі, сақтық қорларына дейінгі бір жылдағы табыстар жалпы кредиттердің 7 пайызына тең болған немесе сақтық қорларындағы емес құнсызданған кредиттердің 50 пайызы. Түсімділік айтарлықтай маржадан және күшті операциялық тиімділіктен қолдау тапқан. Халық банктің түсімділігіне қысым Қазкоммерцбанк көлемі кішірек болғандығынан және оның теңгерімі жүйесін жақсартудың арқасында бірқалыпты болған. Халық банктің таза пайдасы ең бастысы кредиттерді сақтық қорда сақтауға мүдделі болып қалатын сияқты, әйтсе де 2018 жылғы І тоқсанның қаржылық нәтижелеріне орай, банк орташа капиталдың (ROEA) 2018 жылы 25 пайыздан жоғары табыстылықтың күшті көрсеткішіне ие болады, деп болжауда.
Халық банк капиталдандыруы-ның сәйкестігі ойдағыдай, мұны оның 2018 жылдың І тоқсанының соңына Fitch әдістемесі бойынша 17,3 пайыз негізгі капиталының көрсеткіші де айғақтайды.
Біздің бағалауымызша, банк құнсызданған және қайта құрылым-далған кредиттерді 100 пайыз сақтық қорымен жабуы үшін Халық банктің капитал қоры жеткілікті және де оның үстіне Fitch әдістемесі бойынша негізгі капиталының жеткіліктілігін сақтап қала алады. Капиталының жеткіліктілігі жақсы табыстылығы және кредиттік қоржынының ұдайы тұрақты өсімі (бәлкім, бөлшек несиелендіру үшін де, корпоративтік кредиттеу үшін де 10 пайызға дейін) арқасында орташа мерзімді келешекте жоғары болып қалатын тәрізді.
Қорландыру мен табыстылық жағымды рейтингтік фактор болып табылады. 2018 жылдың І тоқсанының соңына Халық банкі 77 пайызға клиенттік қаражатқа қаржыландырылды. Қорландырудың айтарлықтай шоғырлануына (2018 жылдың І тоқсанының соңына жиынтық міндеттемелердің 25 пайызы банктің 10 аса ірі клиенттеріне тиесілі) қарамастан, банкті қорландырудың тұрақтылығына оның қазақстандық нарықтағы жақсы жайғасымы және үлкен клиенттік базасы оңды әсерін тигізуде. 2018 жылдың мамырындағы Қазкоммерцбанк еурооблигациялары шығарылымының 300 млн АҚШ долларына келісімшарттық өтеуінен кейін қалған бөлігін 2018 жыл бойына одан әрі өтеу онша айтарлықтай емес. Халық банк өтімділігінің ауқымды қоры 2018 жылдың І тоқсанының соңына дейінгі барлық міндеттемлердің 57 пайызын өтеуге жеткілікті.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру