Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Теңге құнсыздануының бағаға әсері

Шілде айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі бір айда 0,1%-ды құрады. Жылдың басына шаққанда бұл көрсеткіш 2,7%-ға жеткен (бұдан бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңдегі 3,8%-ға қарағанда), жылға жылды шаққанда – 5,9% (бір жыл бұрынғы 7,1%-ға қарағанда) құрапты, дейді www.kursiv.kz сайтынан.

Айта кету керек, инфляция деңгейі, теңгенің кезекті құнсыз-дануына қарамастан басқарушы белгілеген (осы жылға 5-7%), дәлізде қалып отыр: мәселен, ұлт-тық валюта америкалық долларға қарағанда шілдеде 2,4%-ға, ал одан бұрынырақ, маусымда – мамыр айына қарағанда 2,4% арзандап кеткен.
Бағалардың өсуін бәрінен бұрын Атырау облысының халқы (бір айда бірден +0,5%-ға), сондай-ақ олардың құдай қосқан мұнайлы «көршілері» Маңғыстау облысы мен Астана қаласының (маусымға қарағанда +0,4%) тұрғындары сезіңкіреген екен (1-инфографика).


Мұндайда «шикізаттық қар-ғыс» ұғымы еріксіз еске түседі. Мұнайдың үстінде отырып, инфляцияға душар болған, онсыз да қуаң далада ғұмыр кешкен тұрғындар үшін аса ауыры азық-түлік қымбатшылығы екенін де айта кету парызымыз.
Сөзге орай, өткен айда азық-түліктік тауарлардың бағасы тіпті 0,4%-ға түсіп кеткен. Керісінше, азық-түліктік еместердің бағасы 0,4%-,а өскен.
Сондай-ақ маусымда ақылы қызметтер құны да 0,5%-ға қымбаттаған (2-инфографика).

Астанадағы қымбатшылыққа көндігіп кеткен басты қала халқы азық-түлік арзандауына ешқашан илана қоймас-ау. Әйтсе де, әсіресе соңғы жылдары қолға алынған облыстардан сенбі-жексенбіде арнайы жәрмеңкелер ұйымдастыру өз нәтижесін беріп келеді.
4-5 тамыз күндері Астана қаласындағы «Қазақстан» СК алаңында өткен ауыл шаруа-шылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесіне Жамбыл облысы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеде жалпы құны 121,6 млн теңгені құрайтын 365,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынды. Атап айтқанда олар 30 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 19 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұжық өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 20 тонна қант, 6 тонна өсімдік майы, 5 тонна балық, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна тұз, 2 тонна кептірілген жеміс және 257,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін астаналықтарға ұсынды.
Шолуымызға қайта оралсақ, азық-түлік сараланымына кіре-тін темекі бұйымдары мен алкоголь (өткен айда +1,8%-ға) қымбаттап кеткен, ал жалпы азық-түлік тағамдары мен алкогольдік емес сусындар, керісінше, мау-сымға қарағанда құны 0,5%-ға төмендеген.
Азық-түліктік емес тауарлар саласында киім-кешек пен аяқ киім бағалары (бір айда 0,6%-ға) айтарлықтай өсіп кеткен.
Қызмет түрлерінен бәрінен бұрын байланыс (өткен айда +0,7%-ға) пен ойын-сауыққа (мәдениет пен демалыс салаларында бағалар өсімі маусым айында бірден 0,8%-ды құраған) қымбаттаған (3-инфографика).


Үкіметтегі өткен айдағы мәжі-лісте ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Ресми статистика мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басына қарағанда маусымның соңындағы жағдай бойынша 7%-ға ұлғайды, азық-түлік тауарлары бойынша инфляция деңгейінен 1,4 есе асып тұр. Ағымдағы жылдың маусымында инфляция жыл басынан 3,7% құрады», – деп ашығын айтқан еді.
Демек, теңге құнсыздануы бағаларға, оның ішінде азық-түлікке де айтарлықтай әсер етіп отырғаны құзырлы органдар үшін әбден аян. Яғни халықтың инфляцияны ауыздықтауға Үкімет тарапынан нақты шаралар қолдануын талап етуі де орынды ұсыныс деп білеміз.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру