Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Медиация институты жанданып келеді

Даулы мәселелерді шешу кезінде татуласу үрдістерін кеңінен қолдану – Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында алға қойған маңызды міндеттердің бірі. Бейтарап тұлға – медиатордың немесе сот медиациясының қатысуымен шиеленуші тараптарды ерікті келіссөз жолы арқылы татуластыру әдісі уақыт ағымымен бірге өз тиімділігін дәлелдей түсуде.

Медиация – дауларды шешудің баламалы түрі және ең танымал формасы болып табылады. Дамыған мемлекеттердің статистикасы медиация үрдісінің 83-85%-і тиімді екендігін көрсетті. Сонымен қатар медиация – азаматтық қоғамның негізі, демократия мен жаһанданудың жолы деген пікір қалыптасқан. Медиацияны дамыту орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанда 2018-ге жуық медиатор 24 147 дауды шешкен. Бүгінгі таңда құқықтық саланы жақсарту жөніндегі қадамдарды жүзеге асыру, Азаматтық іс жүргізу кодек-сінде мазмұндалған дауларды шешудің баламаларын енгізу мақсатында судьялар назары татуластыру процедураларын кеңінен қолдануға аударылып отыр.
Елімізде жыл сайын 5 тамызда Медиация күні аталып өтеді. Осы датаға орай, Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің бастамасымен және Жоғарғы сотпен бірлесе, Ұлттық акаде-миялық кітапханада медиация мәселелері бойынша қоғам-дастық пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында «Қазақстандағы медиация: жағдайы мен болашағы» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Талқылау барысында медиацияны және өзге татуласу үрдістерін дамыту, Қазақстанда медиацияны қолданудың тәжірибесі, мектептегі делдалық және медиацияны кәсіподақтар ұйымдары және басқаларының жұмысында қолдану мәселелері қозғалды. Диалог алаңының модераторы ҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова өз сөзінде медиацияны әлеуметтік өмір механизмдеріне енгізу азаматтық қоғам институт-тарының дамуына әсер ететінін атап өтті.
Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша жиналғандар медиацияны дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. Жалпылай алғанда, ұсыныстар заңнама базасын жетілдіру, медиация орталықтарын құру, азаматтық қоғам институттарын тартумен ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу мәселелерін қамтыды.
Сонымен қатар медиацияны және өзге де татуластыру үрдістерін қолдану арқылы қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендету мақсатында Қоғам-дық даму министрлігі мен Жоғарғы сот ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру