Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Автокөлікті дамыту –экономиканың гүлденуі

Алматыдағы «Барыс» автокөлік базарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары қызмет көрсетті. Енді осы айда әр демалыс сайынАлматы қалалық мамандандырылған ХҚО қызметкерлері автобазарларда жұмыс істеуіне болады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру, мамандандырылған ХҚО-лардағы жүктемені төмендету, автокөлік иелерінің кезегін азайту мақсатында жүзеге асып жатқан іс-шара барысында мамандар азаматтарды электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше қызмет алуға үйретеді.
«Бүгінгі таңда Алматы қаласының автобазарларында күніне 5 мың көліктің сату-сатып алу үдерісі жүріп, дүйсенбі күні мамандандырылған ХҚО-ға адамдар ағылады. Ал кейбір азаматтар сол жерде жүретін алаяқтарға алданып, делдалдарға жем болып жатады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін автобазарда көшпелі қызмет көрсету секторын орналастырдық. Егер осы бастамамыз оң нәтиже беріп жатса, алдағы уақытта да сенбі-жексенбі күндері МХҚО мамандары осында қызмет көрсететін болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.
«Барыс» автобазарында орналасқан көшпелі автоХҚО мамандары автокөлік иелеріне ЭЦҚ жазып алу, мобильді үкіметке тіркелу, айыппұл, салық берешектерін тексеру және төлемдер жасау, «Жүргізуші куәлігін онлайн алу», «Көлік құралын онлайн тіркеу» мемлекеттік қызметтерін алу процестерін үйретіп, осы қызмет түрлеріне МХҚО-ға бармай-ақ қол жеткізуге көмектесті.
Барлық автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылды. Корпорация мамандары шара барысында халыққа ақпарат таратушы БАҚ өкілдеріне автокөлік иелерінің игілігі үшін жасалған жаңашылдықтартуралы айтып, онлайн қызметтерді алу жолдарын кезең-кезеңімен түсіндіріп, цифрлық қызметтердің артықшылықтарын көрсетті.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру