Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Шетелге тур-кодпен шығыңыз

Былтырдан бастап қазақстандық саяхатшыларға шетелге тур-кодпен шығуға кеңес беріледі. Арнайы құрылған «Туристік қамқор» корпоративтік қоры шетелде күтпеген жағдайға тап болған сәтте отандастарын тез арада елге оралтуды көздейді.

Ең алдымен бұл ала-қол қызмет жасайтын турфирма-лардың кесірінен зардап шеккендерге қатысты. Тур-код кез келген жағдайда сізді өз еліңізге жақын арадағы рейспен оралуыңызға кепіл болады.
Қор туроператорға туристік кодты бір турист үшін көлемі – 1 АЕК, яғни 1202 теңге (Бұл соманы турист үшін туроператор өзі төлейді) жарна мен 12 млн мен 36 млн теңге аралығындағы банктік кепілдемелер төленгеннен кейін береді.
Бүгінгі таңда «Туристік қам-қор» қорының құрамына 56 туроператор мүшелікке енген. Олардың тізімімен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын ұзын саны 140 компания қызмет етеді. Яғни, қалған жетпістен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып жасырын түрде қызмет көрсетуде деген сөз. Ондай жағдайда шетелде демалыста жүрген отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Әлі шетелге демалысқа шығып үлгермеген саяхатшы-ларға «Туристік қамқор» КҚ өзінің қонақ үйінің бронын тексеруін, артқа үйге қайтатын билеті төленгендігін, сондай-ақ өзінің тур-кодының бар екендігін тексеріп алуға кеңес береді. Туристік код шығатын елге қатысты 11-13 қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде 24 сағаттың ішінде көмек күтуге құқылы.
Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесі-нің жұмыс істей бастаған уақытынан бастап «Туристік қамқор» корпоративтік қоры шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық тур-код берген.
Ауа-райының жағдайы-на сүйене отырып, қазақ-стандықтар үшін тамыз айында шетелдерде демалудың қолайлы орны болып келесі мемлекеттер: Крит, Кипр, Грекия, Түркия, Болгария, Италия, Тунис, Мальта, Доминикан, Куба, Кариб, Хайнань аралы, Вьетнам, сонымен қатар жерорта теңізінің барлық жағалауы мен Португалия саналады.
Қыркүйек пен қазан айларында Мысыр (Египет), Канар аралдары, Израиль, БАӘ, Тайланд, Доминикан, Үндістан, Шри-Ланка, Малайзия, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралында ойдағыдай демалуға болады.
Ал қараша-желтоқсан айларында Тайланд, БАӘ, Доминикан, Куба, Кариб, Үндістан, Малайзия, Хайнань аралы, Вьетнам, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралдарында демалысыңызды өткізуді жоспарласаңыз болады.

ЖІБЕК НҰРТАЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру