Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Еңбекке қабілеттілер азайып барады

Соңғы ресми деректерге сәйкес 2018 жылы Қазақстандағы 1 мың еңбекке қабілетті тұрғындарға 687 еңбекке жарамсыз жастағы адамнан келеді екен. Бұл туралы LS ақпараттық агенттігінен нақты дәйектермен хабарланды.

Атап айтқанда, 2017 жылдың осы кезеңінімен салыстырғанда (666 адам) бұл көрсеткіш 3,1%-ға өскен.
ҚР Ұлттық экономика министр-лігінің Статистика комитеті таратқан ақпараттар бойынша бұл көрсеткіш 18 жыл бұрынғы бедерге жетіп жығылыпты. 2000 жылы 1 мың еңбекке қабілетті адамдарға 687 жасы кіші және үлкен еңбекке қабілетсіз адамнан келген. 2009 жылға дейін бұл көрсеткіш 554 адамға шейін төмендеген де, сосын қайтадан өсе бастапты.

Мұның үстіне ағымдағы жылы 687 адамның ішінде: 191-і зейнеткерлер болса, 496-сы кәмелетке толмағандар екен (1-инфографика).
Бұл жерде мына мәселені де баса атап айтқан абзал: демографиялық жүктеме ОҚО-ға (686 адам), Маңғыстау облысына (636 адам) және Жамбыл облысына (628 адам) түсіп отыр екен, ал мейлінше төменірек көрсеткіш – СҚО-ға (368 адам), Алматы қаласына (353 адам) және Қостанай облысына (341 адам) тиесілі (2-инфографика).
Енді алысқа бармай-ақ, жақын шет елдердегі, нақтырақ айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтағы еңбек нарығына, соның ішіндегі аса өткір мәселе – жұмыссыздық жағдайына қысқаша тоқталып өтсек.
2018 жылғы мамыр айының соңына Қазақстанның халықты еңбекпен қамту қызметтерінде 153,4 мың адам тіркеліпті. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметтері айғақтайды, деп мәлімдейді LS сайтынан. 2017 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 92,9 мың адамды құраған.
Сөйтіп, жұмыспен қамту қызметін-де тіркелген қазақстандықтардың саны 65%-ға өскен.


Бұл ретте ЕАЭО елдері арасында біздегідей жұмыссыздық санының өсуі Қырғызстанда да байқалыпты, мұнда тіркелген жұмыссыздардың саны 4,4%-ды – 61,6 мыңнан 64,3 мыңға дейін адамды құрапты.
Қалған ЕАЭО елдерінде тіркелген жұмыссыздар санының азайғаны байқалады. Мәселен, Ресейдегі көрсеткіш бір жылда 13,3%-ға 730,4 мың адамға, Беларусьте – екі есеге жуық 37,5 мыңнан 19,8 мың адамға дейін, Арменияда – 12,2%-ға 68,6 мың адамға дейін төмендеген.
Жалпы алғанда, ЕЭК мәліметтері бойынша, аталмыш Одақтағы тіркелген жұмыссыздар саны 2018 жылғы мамырдың соңына 1 млн адам құраған, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жуық аз екен.
Бұдан бұрын да LS агенттігінен хабарлағандай, Қазақстан еңбек жағдайлары ең төмен елдердің ондығына кірген.
Қалай болғанда да, елімізде құзырлы орган ҰЭМ Статистика комитетінің өзі ашық көрсетіп отырған мәліметтер еңбекке қабілеттілердің азаюы, шын мәнінде, дабыл қағарлықтай күйде екенін айғақтайды. Бұған қосымша жұмыссыздар қатарының да өсе түскені тіпті айрықша алаңдатса керек. Үкімет осы маңызды мәселелерді қатаң бақылауға алып, тиісті шаралар қолданбайынша, мәселелер тек ушыға түсері даусыз.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру