Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

«Самғау-2018» кинофестивалінің үздіктері

Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған жас режиссерлердің дәстүрлі «Самғау-2018» қысқаметражды бейнефильмдер байқауы өз мәресіне жетті.

Астана қаласының 20 жыл-дық мерейтойына арналған байқауға 40-тан астам фильм ұсынылып, оның ішінен 20 фильм іріктеп алынды. Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта 5-15 минут аралығында түсіріл-ген бейнефильмдерін ұсынды. Олардың арасында «Иллюзия», «CEITNOT», «Мейірім аңсағандар», «Инстинкт», «Балық сорпа», «105», «Анама», «Қараөткел», «Отау», «STOP», «Әркім өзін ойлайды», «Дос» және тағы сол секілді бейнефильмдер бар. Жас режиссерлердің шеберлігі мен кәсібилігін белгілі операторлар мен клипмейкерлер, театр актерлері мен блогерлер, композиторлар мен режиссерлер бағалады. Нәтижесінде ІІІ-орынды «СТОП» бейне-фильмінің режиссері Хамит Муталиев иеленсе, ІІ-орынды «Дос» бейнефильмі-нің режиссері Олжас Омаров жеңіп алды. Ал, І-орын «Балық сорпа» бейнефильмінің режиссері Әлішер Жәдігеровке бұйырып, Бас жүлдеге «Анама» бейнефильмінің режиссері Жандос Бабаханов лайық деп танылды. Үздік фильм режиссерлері мен үздік номинация иегерлерін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр марапаттап, арнайы алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру