Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

«Алматы туры» қала брендіне айналды

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өткізілген болатын. Жеті жүзге жуық қала тұрғындары мен қонақтары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы алаңынан бастап, Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакентке» дейін барды.

Велошерудің жалпы қашық-тығы 9 шақырым. Мәреге қатысушылар танымал арт-объектісі «Үлкен тиінді» тамашалап, бағалы сыйлықтар мен велосипедтерге ие болды. Соның бірін Ежебековтар отбасы ұтып алды. «Бүгін біз бірінші рет бүкіл отбасымызбен қатыстық, осы уақытқа дейін өзім арасында келетінмін. Менің ұлымның бағы бар екен, келе салып велосипед ұтып алды. Өте қуаныштымыз. Өзім велосипед тепкенді жақсы көремін, аптасына бір рет жұмысқа барып тұрамын», – деді Виталий Ежебеков. Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жос-парланған 21 велошерудің он екіншісі болып саналады.
Қазір Алматы қаласында салауатты өмір салты мен спортқа жақсы көңіл бөлініп жатыр. Қалада бүгінгі таңда 68 шақырымдық велодәлізі салынды. Сонымен қатар, қала-басшысы велосипедтерді жалға беретін «Almatybіke» жобасы қарқымды дамып, қаланың орталық көшелерінде 1730 велосипедке арналған 200 велосипед тұрақтары жұмыс істеп тұр. Жылда өтетін «Алматы туры» веложарысы қаланың танымал брендіне айналып, Алматының туристік және спорттық қала имиджі ретінде шет елге танымалдығын арттыруда.
Веложарыстың тағы бір мақсаты болып, қалада велосипед көлігін насихаттау табылады.
Алматы қаласының табиғи-климаттық ерекшеліктері мен орналасқан жерін, автокөліктің шектен тыс көптігін ескере отырып қала әкімшілігі мен қоғамдық ұйымдар велосипедті қосымша көлік ретінде насихаттауды көздеп отыр, өйткені ол салауатты өмір салтына ғана емес, қаланың ауа бассейнінің біршама тазаруына, қалалықтардың бірқатар сырқаулардан арылуларына және қала жолдарының автокөліктерден босауына әкеледі.
Қазіргі таңда қала әкім-шілігі Алматыда велосипед инфрақұрылымын дамытуда көптеген жұмыстар атқаруда, олардың ішінде велосипед жолдарын салу, қаланың ірі көшелерінде велотұрақтар салу да бар. Сонымен қатар қала көшелерінде велосипедшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары қарастырылуда.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру