Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

205 000 АҚШ доллары сарапқа салынған жарыс

Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында үлкен теннистен ATP Challenger және ITF Women’s сериялары аясында дәстүрлі «Президент Кубогы – 2018» Халықаралық турнирі өтті.

Астананың 20 жылдығына арналған жүлде қоры – 205 000 АҚШ доллары сарапқа салынған турнирге әлемнің 30 мемлекетінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Теннисшілердің арасында әлемдік рейтингте алғашқы жүздікке енген тәжірибелі спортшылар болды.
Президент Кубогына қатыса-тын қазақстандық теннисшілер қатарында Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Деннис Евсеев, Роман Хасанов, Гозаль Айнитдинова және Жібек Құламбаевалар еліміздің атынан сынға түсті. Турнирге қазақстандық теннисші Зарина Диастың алған жарақатына байланысты қатыса алмады.
Әйелдер арасында грузия-лық спортшы Екатерина Горгодзе биылғы турнирдің үздігі болды. Ақтық сайыста Е.Горгодзе өзбекстандық Сабина Шәріповамен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 6:1 есебімен басым түскен грузиялық ару жеңімпаз атанды.
Ал ерлер арасында бірінші орын үшін талас тартысты дәрежеде өрбіді. Финалда германиялық Даниэль Брандс финалда австриялық теннисші Себастьян Офнермен кортта жолықты. Екі неміс тектес ұлт арасында өрбіген жарыстың қорытындысында австриялық С.Офнер жеңіске жетіп, «Президент Кубогы-2018» турнирінде топ жарды. Бір сағат 39 минутқа жалғасқан кездесу 2:0 (7:6/6:3) есебімен австриялық теннисшінің пайдасына шешілді. Бұған дейін С.Офнер 1/4 финалда қазақстандық теннисші Александр Недовесовты жарыс жолынан шығарған болатын.
Президенті Кубогы еліміздегі ең үлкен жарыстардың бірі. Биыл 25 елден, 270 теннисші кортта бақ сынады. Елбасының ұлттық теннисті дұрыс жолға қоюының арқасында бүгінде барлық өңірде заманауи теннис орталықтары ашылған. Қазіргі таңда аталмыш орталықтарда болашағын кәсіби тенниспен байланыстырған 7 мың жасөспірім жаттығуда. Бұдан бөлек 1500 бала тенниспен тегін айналысу мүмкіндігіне ие болды. Президент Кубогы – 1991 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келе жатқан кәсіби спортшылар арасындағы ірі теннис турнирлерінің бірі.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру