Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Адами капитал – айрықша фактор

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында адами капитал сапасын жақсартуға білім берудің мән-маңызын айқындауға ерекше көңіл аударды.

Жолдауда алда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті атап көрсетті. Соның жетіншісі «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталды. Мұнда адами капитал сапасын құраушы салаларды одан әрі жандандыру жолдары жан-жақты қамтылған.
Бүгінгі күні экономикалық даму­дың қозғаушы күші адаммен байланысты өндіріс факторы ретіндегі – еңбекпен ғана шектелмейді. Қазір жұмыс күшінің сапалық пара­метр­лері адами капитал деген түсінік­пен біріктіріліп (ол бірқатар ерекше­ліктерімен белгіленеді, оның ішінде білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, айрық­ша жұмыс дағдылары және т.б.), оның рөлі барған сайын кү­шейе түсуде. Адами капиталдың жи-нақталуы білім экономикасын қалыптастырады, ұлттық экономиканың халықаралық бәсе-келестіктегі қабілетін жоғарыла­тады.
Адами капитал – білім саласын дамытудың негізі. Қазіргі уақытта ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру талабы білімге негізделген экономиканы, яғни «білім экономикасын» құруға бағытталған. «Білім экономикасын» қалыптастыру мен дамытудың басты факторы креативтік және инновациялық адами капитал болып табылады.
2016 жылы әлемдік экономика-ның өсуі төмен жағдайда, сұраныс пен инвестициялық шы-ғыстардың нашар серпінімен, инфляцияның төмен қарқынымен, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі-мен сипатталады.
Сонымен қатар Қазақстан экономикасы үшін жағымды үрдістер де бар: 2016 жылдың алты айы ішінде мұнай 28,5 пайызға, металдар 4,6 пайызға қымбаттады. Сыртқы факторлардың теріс әсеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы 2016 жылғы қаңтар-маусым қорытындысы бойынша оң аймаққа өтті, ЖІӨ-нің өсуі 0,1 пайызды құрады. Сонымен қатар, ЖІӨ-нің өсуіне өнеркәсіп өндірісінің 1,6 пайызға, ішкі сауданың 4,9 пайызға, ақпарат пен байланыстың 4,1 пайызға төмендеуі теріс әсер етті.
2017 жылғы қаңтарда жария-ланған Дүниежүзілік банктің (бұдан әрі – ДБ) баяндамасында өткен дағдарыстан кейінгі жылды сипаттаған төмен өсу көрсеткіштерінен кейін 2017 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқынының 3,6 пайызға дейін біршама жеделдеуі болжанып отыр.
Жекелеген елдердің ЖІӨ-нің өсуі Дүниежүзілік банктің 2017 жылғы қаң­тар­дағы мәліметіне сәйкес (таблица).
Жалпы мынадай жағдайды айта кету керек. Негізінде ұлттық экономиканың халықаралық бәсекелестік қабілетін жоғары деңгейге жеткізу мемлекеттің экономикалық саясатының түпкі мақсаты емес. Бұл тек қана елдегі жалпы өмір деңгейін және әр адамның әл-ауқатын көтеретін маңызды жол. Елдің күшті бәсекелестік позициясы ұлттық әл-ауқат деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Әдетте оның көрсеткіші ретінде ЖІӨ-нің бір жан басына шаққандағы өлшемі қолданылады.
ЖІӨ 2018 жылы 51 855 млрд теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ақпанда мақұлданған көр­сеткіштен 2 114,7 млрд теңгеден жоғары. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 8,7 мың АҚШ долларына дейін артады.
Халықаралық бәсекелестік қабілетінің жоғарылауы нақты адамның өмір сапасының жақ-саруына, адами капиталдың жи­нақ­талуына әсер етеді. Адами капитал өз кезегінде ұлттық бәсекелестік позициясын күшей-туде маңызды фактор болып табылады.
Ашық халықаралық бәсекелес-тік адам капиталының құнын қалыптастырады, оның жылжу бағытын белгілейді, сан көрсет-кіштеріне ықпал жасайды. Бір кездері нақты білікті еңбек әр кәсіпорынды және тұтас елді орнықты ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтармен қамтамасыз етеді. Білім экономикасы қалып-тасқан сайын бұл фактордың рөлі тұрақты түрде ұлғая түседі.
Экономикалық өсімді ынталандыратын басқа механизмдер іздестіріле бастады, нәтижесінде мынандай қорытындыға келді: білім беру және кәсіби даярлық (адами капиталдың элементтері болып келетінін жоғарыда айттық), технологиялық прогресс, макроэкономикалық тұрақтылық, институттардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлықтың жоқтығы, тиімді басқару және т.б. параметрлер жиынтығы елдің халықаралық бәсекелестік қабілетін жоғарылатудағы қозғаушы күші ретінде қарастырылу керек. Соңғы онжылдықтар ішінде білім мен адам капиталының рөлі орасан өсті.
1979 жылдан бастап, халықаралық бәсекелестік қабілеті туралы жыл сайын жарияланатын баяндамаларда орнықты экономикалық өсім мен ұзақ уақыт бойы өркендеуге себепші болатын факторлар талданады. Бүгінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі Бүкіл әлемдік экономикалық форумы (ӘЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі (ЖБҚР) арқылы бағалайды. Аталған индекстің компоненттері 12 топқа бөлінеді: институттар, инфрақұрылымдар, макроэкономикалық тұрақтылық, денсаулық және бастауыш білім беру, жоғары білім және кәсіби даярлау, тауар нарқының тиімділігі, еңбек нарқының тиімділігі, қаржы нарқының дамуы, технологиялық деңгейі, ішкі нарық өлшемі, компаниялардың бәсекелестік қабілеті, инновациялық әлеуеті. ЖБИ-дің әр құрамасы әр түрлі шамада адам капиталын ескереді, ал үшеуі – денсаулықты қорғау және бастауыш білім беру, жоғарғы білім және кәсіби даярлау, еңбек нарқының тиімділігі – тікелей онымен байланысты.
Елдегі жоғары өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін дені сау қызметкерлер қажет (олардың ауруы бизнеске ауыр тиетіні айдан анық, өйткені қосымша шығындарға ұшыратады). Алайда заманауи экономика үшін тек қана денсаулығы емес, қызметкердің даярлану деңгейі маңызды. Бастауыш білімнің болуы жеке қызметкердің тиімділігін арттырады, ал біліктілігі төмен жұмыс күші орналасқан компаниялар күрделі ғылыми сыйымды өнімді шығаруға шамасы келмейді.
Егерде экономика өте қарапайым өндірістік үдерістен және өнімнен кетіп, құндылықтар жасау сатысымен жоғары көтерілетін ниеті болса, онда қызметкерлері жоғары білімге ие болуы керек.
ӘЭФ 2016-2017 жылдарына арнал­ған жаңа жарияланған баяндамасында ЖБҚР көрсеткіші бойынша Қазақстан 138 мемлекеттің ішінде 53 орында. Бірақ әліде ЖБИ бойынша жоғары көтерілу үшін адам капиталын одан әрі дамыту қажет.
Білім мен технологияға сүйенген заманауи экономика орнықты бәсекелестік артықшылығын тудыратын адам капиталының сапасы мен ерекшелігін жақсы сезінеді, олардың халықаралық бәсекелестік күресте шешуші рөл атқаратынын жақсы түсінген. Орнықты экономикалық өсімді ең жоғарғы деңгейдегі адам капиталын дені сау, білімді, ертеңгі күніне сенімді қарайтын қызметкерлер қалыптастырады. Сонымен бірге нақ елдің ұлттық бәсекелестікке қабілеттігі халықтың табысымен өмір сапасын тұрақты көтеруге мүмкіндік береді, сөйтіп адам капиталын жаңартуды және толтыруды тек сан жағынан емес, ең алдымен, сапалық сипаттарын жақсарту арқылы қамтамасыз етеді.
Білімді адамның жалақысы білімі төмен немесе білімі жоқ адамның жалақысынан, көбінесе, едәуір артық болып келеді, оны отандық тәжірибеден көруге болады. Экономика ғылымының әйгілі жетістіктерінің бірі адам капиталына инвестиция бағыттау теориясы болып келеді. Әр елдің бүкіл байлығы адами және материалдық капиталдан құралады.
Адами капиталға жұмсалған қаражат кейінде жалақының жоғарылуына әкеледі, жұмыстан қанағаттану сезімге бөлену өседі, адам рухани байиды. Білім алуға және кәсіби даярлауға қажетті уақыт шығыны мен ақша қаржыларын адами капиталына жұмсалған инвестиция ретінде қарауға болады.
Өкінішке қарай бұл көзқарас бізде әлі де кең таралмай жатыр. Соның бір салдары: көп адамдар аңғырт болжамдарға сүйеніп кең танылған мамандықтар бойынша білім алуға ұмтыладыда, төрт-бес жыл білім алып маман болып шыққан кезде, алған мамандығына сұраныс қатты кемиді. Нәтижесінде жұмыс орнын табу өте қиынға соғады. Нәтижесінде ол екінші білімді (дипломды) қажеттілікке қарай «оқымай» (сырттай) алады. Қазіргі уақытта мұндай құбылыс чиновниктердің екісінің бірінде…
Бұл құбылыс білім саласындағы нарыққа тән бір кемістікті айқын көрсетеді. Сол себепті мемлекет грантты, білім алуға бағытталған несиелерді реттеу арқылы белсенді қатысуда. Бірақ, бұл жерде де, грант иегерлерінің басым бөлігі бұрынғы «экстердің» (экс-президент, экс-министр, экс-депутат т.б.) туған-туыстарының, бала-шағаларының үлесінде екені күнделікті ақпаратта жарияланып жүр емес пе?…
Алайда мамандарды даярлауда белгілі кемшіліктер бұрынғыша елеулі орын алуда. Осы жерде білім алуға жұмсалған инвестиция қаншалықты тиімді, қаншалықты жеке адам басына және қоғамға пайдалы болып келеді деген сауалдар туындайды: Бұрынғыша айтқанда екінің бірі ғылым кандидаты немесе ғылым докторы деуші еді енді, қазір екінің бірі Философия докторына (PhD) айналып бара жатыр. Бұрын ғылым кандидаты мен ғылым докторының арасы ең аз дегенде 10 жыл еді, ал қазір бір сатылы 3 жылда PhD. Шетелдік консультанттардың ақылы көмегінің арқасында адамды да, ғылыми мақаланы да «печаттап» жатырмыз… Не үшін? Капитал қайда кетіп жатыр? Кейінгі деректер бойынша, бұрынғылар қазіргі жазылып, қорғалып жатқан ғылыми жобалардың 80-90пайыз құрайды екен. Олардың жастары – 65-75. Айтпаса да түсінікті, «шалдарды» не үшін ұстап отырғаны…
Көп зерттеушілердің пікірінше, адами капиталына бағытталған инвестиция акция, облигациямен жылжымайтын мүлікті сатып алумен бірдей екен.


Нобель сыйлығының лауреаты Г.Беккер білім алудың экономикалық қайтарымын жылдық пайданың 12-14 пайыз деңгейінде бағалады. Ал қоғамға тиетін пайдасына келсек, әлеуметтік инвестиция арқасында білім алған қоғам мүшелері бір-бірімен «ортақ тіл» табады, қоғам құндылықтарын бірдей ұғады. Оқыған, білімді қызметкердің еңбегі өнімді, бәсекелес қабілетімен жалақы деңгейі жоғары болып келеді.
Сайып келгенде, мұның барлығы қоғамның әлеуметтік аман-есендігіне әкеледі. АҚШ-ты алсақ әр түрлі деректер бойынша адами капиталына бағытталатын инвестиция жалпы ұлттық өнімнің 10 пайызына дейін жететін көрінеді. Ал бұл елдің ЖІӨ-нің алып ауқымын ескерсек, әсер ететіндей қаржы көлемі жұмсалғанын көреміз.
Қазіргі уақытта білім беру сапасын және кадр даярлау деңгейін жоғары көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет жағынан бөлінетін қаражат көлемі өсуде, оны тиімді жұмсау көкейкесті мәселелердің бірі болмақ. Мысалы, 2017 жылы жалпы білім саласына қалалық бюджеттен 19 млрд. 604,6 млн. теңге бөлінді немесе 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға жоғары. Мемлекет адами капиталын өсіруге белсенді кірісіп жатыр.
Бұл орайда 2017 жылы «Білім беру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі пайда болды. Бүгінгі таңда нақты нәтижелер бар. Осылайша, 2013 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру орта білім беруде апробациялануда.
Орта білімді арнаулы кәсіби мамандарды дайындауда Президенттің жолдауында аталған жобаларды іс жүзіне асыруға қажет кадрлардың тізімі, саны мен пішіндері толық есептелуі керек, оны бүкіл халыққа жария етіп және әр адамға жеке түсіндірілсе, сонда ол шын мәнінде осы оқу орындарын дамытудың негізін құрар еді.
Жоғары оқу орындарында білікті мамандардың түрлерін көбейту қажет, бұл жерде еңбек нарығының сұранысын алдын ала айқындап даярлау керек, ол үшін жетекші университеттерге өз бетімен жаңа мамандықты енгізуге толық құқы берілу керек. Тек сонда ғана өмір талабын алдын ала болжап, керекті мамандарды өз уақытында даярлап тұруға қам жасалар еді.
Өзекті мәселелер қатарында – ұйым­дар мен кәсіпорындармен тығыз қатынасты, оқытушыларға өз білікті­лігін үзбей жоғарылату жүйесін байыпты негізде құру. Осы аталған және басқа шаралар тәжірибеге енгізілсе, адами капиталына жұмсалған инвестицияның әлеуметтік және экономикалық қайтарымы өсе түсер еді.
Сөйтіп, осы мәселелерді шешу эко­номикалық жаңарту жағдайында білімге негізделген экономиканы құ­руға бағытталған білім беру дең­гейінің жоғарлануына және елдің инно­ва­ция­лық әлеуеті, адами капиталдың түбегейлі қайта құрылуы мемлекет ал­дың­дағы басты мәселелердің бірі болып табылады.

Бақытхан ДӘУЛЕТБАҚОВ,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор,


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру