Валюта бағамы: $ 371.31 419.32 5.59 ¥ 53.83

Елімізде ет экспорты ұлғаяды

Қазақстан соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы жетекші сектор – ет өндіруді қарқынды қолға алып, дәл қазір сиырдың және қойдың еттерін экспорттайтын елдер арасындағы басым көңіл бөлетін бірнеше мемлекетке таңдау жасап та қойған сияқты. Атап айтқанда, еліміздің етті өткізетін нарығында Қытай Иран, Сауд Арабиясы мен Вьетнамға басымдық беріліп отыр. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға және оның жетекші салаларына, соның ішінде ет өндіруге де, басымдық берілетінін премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев те атап көрсеткен болатын.

Жайылымдық жайы қандай?

Қазақстанда мал жаятын жер жетіп артылады, дейді мамандар. Бұл бойынша біз, Қытай, Австралия, АҚШ пен Бразилиядан ғана кейін қалып, әлемде бесінші орында екенбіз. Әйтсе де, экономикалық тұрғыдан осыншама жоғарғы орын сырт көзге ғана «дүрдигендей» шамада көрінеді – ресми түрде 188 млн гектар жайылымдықтың 58 млн га-сы ғана пайдаға асырылуда екен. Дегенмен, осынша аумақтың өзі өзгелерді қайран қалдырғандай. Салыстырып көрсек: бізден әлдеқайда кейінгі, бар-жоғы 15 млн га жайылымы бар Канадада бір гектар мал жайылымдыққа шаққандағы өнімі 80 кг сиыр етін құрайды екен, Уругвайда – 14 млн га жайылымдықта гектарына 45 кг ет өндіріледі, ал Жаңа Зеландия, 11 млн ғана га-дан бір гектарына 60 килодан ет өндіретін көрінеді.
Айта кету керек, бұл елдер шет елдерде өндірілетін барлық сиыр етінің 20%-дан 60%-ға дейін көлемін экспорттайды екен. Бұл жерде олардың табиғаты, климаты айрықша деп сылтауратудың, әсіресе рейтингте Канаданың да бар екенін ескерер болсақ, еш реті жоқ. Сондықтан да біздің көрсеткішіміз – гектарына 5 килодан да төмен және өткен жылғы шекарадан тыс шығарған экспортымыз 800 кг ғана сиыр еті – еңбек өнімділігінің төмендігінен және тіпті «ресми» жайылымдарымыздың да тиімсіз пайдаланылғанынан деп мойындамасқа лаж жоқ. Бірақ бұл да жеткіліксіз сылтау.
Мәселен, Австралия да бір гектарға шаққандағы еңбек өнімділігімен – гектарына 10 кг-ға таяу – мақтана алмайды, тап осы құрлықтық мемлекет 350 млн га жайылымдық жерлерді өндіріске енгізіп отыр. Сондықтан да бұлардың экспорты – жыл сайын 2 – 3 млн тоннаны құрайды.

Өнім құны мен логистика

Қазақстандағы логистика мен бағалар ұсынысына қатысты айтар болсақ, біз ең алдымен нақ осы австралиялық фермерлермен қатаң текетеріске түседі екенбіз. Шындап келгенде, тек олармен ғана емес, бәрімен де – тіпті парагвайлықтармен де, украиндіктермен де және сома­лийліктермен де бәсекелестікке түсеміз. Ал бірақ та түсініктірек болуы үшін – Қытайға экспорттауға тоқталсақ, өйткені оны біз «нөмірі бірінші басым артықшылық беретін ел» дейміз, олай болса нақ осы үшін де бізге австралиялықтардан асып түсуіміз шарт.
Әлемдегі сиыр мен қой еттерінің экспорты үш бөліктен құралады: тікелей тірі малды сату, сондай-ақ салқындатылған және мұздатылған ет сату.
Мынаған қараңыз, союға жет-кізілген қазақстандық тірі тайынша Қытаймен шекарада 1605 АҚШ долларына сатылса, австралиялық өгізше сатып алу қытайлықтарға 1800 долларға түседі. Мал басына 200 долларды құрайтын айырмашылық айтарлықтай пайда. Ал Қытай тірілей малды екі елден жеткізіп келген және әлі солардан әкеліп те жатыр: тайыншалар бойынша – 67%-ы Австралиядан және 33%-ы Жаңа Зеландиядан, қойлар бойынша – 100% Австралиядан жеткізілуде. Сапалы салқындатылған сиыр етін Қытай жүз пайызға Австралиядан әкеледі, мұздатылған етті – аракідік осы елден, сосын арасында Бразилиядан, Уругвайдан және Канададан әкеледі. Қой еті бойынша – салқындатылған және мұздатылған еттер қытайлық нарыққа екі елден – Австралия мен Жаңа Зеландиядан жеткізіледі.
Құрлықтық мемлекеттің бәсеке-лестік артықшылықтарының ауқымы туралы, австриялық фермерлердің сиыр етінің барлық түрлері бойынша нарықты бекем ұстап отырғанын дәлелдейтін елдер арасында біздің тізіміміздегі – Вьетнам да бар, олар сонымен қатар Жапония мен Оңтүстік Кореяға да қыруар ет өткізуде, сондай-ақ біз үшін басым саналатын Сауд Арабиясы мен Иран да осылардың сауда құзырында. Австралия тіпті сол аймақ үшін тартымды саналмайтын, салқындатылған және мұздатылған қой етін де Еуроодаққа сатуда, сөйтіп, 28 еуропалық елдердің еттің осы түрін импорттаудағы қажеттіліктерін толықтай дерлік өтеп отыр.
Демек, бізге австралиялықтармен тек баға бойынша ғана емес, сондай-ақ логистика бойынша да бәсекелестікті үйренуімізге тура келеді екен. Иә, егер біздегі ет өндірушілердің бір тайыншаны тірілей сатудағы маржасын (баға мен өзіндік құн ара-сындағы айырмашылық – ред.) есепке алар болсақ, ол 600 АҚШ долларын құрайтын көрінеді. Ал, австралиялық фермерлер бір мал басынан тек 100 доллар маржа тапқанына көңілдері көншиді. Яғни, біз нақ осындай баға бағытында бағдар құруымыз шарт. Айтарлықтай ауқымды маржаны өзімізге икемдей отыра, өнім құнын төмендетуге, сөйтіп австралиялықтарды қытайлық нарықтан ығыстыруға мүмкін екені есепке алынуда. Бірақ австралия-лық экспортушылардың иелігінде ауқымды көлем, тұрақты өнім ағыны, әлем бойынша жеткізуді әртараптандыру және теңізбен тасымалдаудың мінсіз көліктік логистикасы бар. Оларға 100 доллар маржа да, мүмкін тіпті одан да аз, түсім жетіп артылады. Оның үстіне, бүкіл әлем – соның ішінде қазымыр қытайлықтар да – төлеуге даяр, бәлкім тіпті тұрақтылық пен дер мезгілінде жеткізілуі үшін, ақыр аяғында, австралиялық өндірушілердің еті брендтік тауар болып табылатындығы үшін-ақ олар төлеп бере алады.
Сондықтан да біз өзіміздің брендімізді қалыптастыру бойынша және сонымен қатар өз көліктік-логистикалық жүйемізді үйлестіру жолының бастамасында ғана екенімізді мойындауға тиіспіз. Кемелермен жеткізе алмаймыз, тек вагондармен ғана тасымалдай аламыз. Демек, елімізде мал тасымалдау үшін пайдаланылатын жеткілікті мөлшерде вагондар болуы қажет. Нақ осы вагондарға келгенде бізде мәселе ушығып тұрғаны жасырын емес. Өткен жылы әлдебір ведомствоның БЖЗҚ ақшасын шұғыл түрде жүктер мен тауарлар топтамаларын экспортқа тасымалдау үшін қажетті қарапайым техникалық құрал – вагондарды шығару және сатып алуға бөлуге қатысты ұсыныс жасап, шағын дау туғызғаны да есімізде.
Бүгінгі таңда темір жол мен қажетті жүк тасымалдаушы вагондар жиынтығы біздің экспорттаудағы ең осал тұсымыз: мейлі, бұл көмір, химикаттар, астық, тірілей мал немесе еттің тауарлық жиынтығы болсын – қай-қайсысын алсаңыз да. Демек, әсіресе темір жолмен тасымалдауда, барлық жұмыс көлемін үйлестіре отырып ыңғайлағанда ғана, біз Австралия мен Жаңа Зеландия сияқты ірі өндірушілермен бәсекелесе аламыз.
Бұл ретте жақын шетелдік мемлекеттермен арадағы және алыс шет елдермен де бәсекелестік өз алдына бөлек әңгіме. Ол туралы алдағы шолуларымызда кеңірек тоқталмақпыз.

Интернеттік ақпарат көздерінің
мәліметтері бойынша дайындаған
Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру