Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Агробизнес – заманауи үдерісте

Салада жобалық басқаруға ден қойылуда

Ауылшаруашылық өнімдерін жобалауды басқару нәтижеге бағдарланған басқару жүйесін қалыптастыру және ауылшаруашылық өнімін өндіруші мен мемлекеттік орган арасындағы тиімді жұмыс байланыстарын ұйымдастыру мақсатын қамтиды.

Астанада Қазақ агротехникалық университетінің базасында Ақмола облысы бойынша ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған «Іскерлік ойын» форматында пилоттық оқыту семинары өткізілді. Іс-шараның негізгі мәні агроөнеркәсіптік кешенде өндірістік тиімділікті арттыруға және тәуекелдерді азайтуға арналған жобаларды басқару элементтеріне бағытталған. Оған бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық, аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының өкілдері қатысты. 4 команданың қатысуымен іскерлік ойын нақты өндірістік жағдайларды иммитациялау негізінде жүргізілді. Оңтайландырылған жұмыс әдісінің моделін жасау нақты қатысушылардың әрқайсысына белгілі бір ережелердің шеңберінде рөл атқаруға, шешімдер қабылдауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бір ойынның шеңберінде қатысушылар оңтайлы шешім табу жолдарын іс жүзінде меңгеруге және қолдануға үйрену үшін бірнеше басқару тетіктері мен құралдарын енгізе алды. Шара барысында әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы қалаған командаға дауыс беру мүмкіндігі болды. Бұл нәтижелерді қорытындылау және жеңімпазды анықтау кезінде ескерілді.
Жобалық басқару шарасы қатысушылардың – мемлекеттік органдар, бизнес, қаржы институттарының бір-бірімен өзара түсінікті және қолжетімді коммуникациялық қарым-қаты­настың тиімділігін көрсетіп, мұндай элементтерді енгізу бірлескен табысқа негіз болатынын түсіндіруді мақсат етеді.
Іскерлік ойын белгісіздік пен көпфакторлық жағдайында басқару шешімдерін табу құралы ретінде пайда болғаны тарихтан белгілі. Қазіргі кезде олар жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде, педагогикалық технология ретінде немесе белсенді оқыту әдістерінің бірі ретінде өндірістік-әлеуметтік және психологиялық мәселелерді шешу үшін өндірісте, әлеуметтік-психологиялық дайын-дықта қолданылады. Барлық жағдайда іскерлік ойынның қос­жоспарлылығы аңғарылады. Яғни, іскерлік ойын барысында қаты­сушылар кәсіби және ойындық тапсырмаларды орындаумен қатар оқу мен тәжірибені де меңгереді. Компьютерлік технологияларды дамыту типтік іскерлік ойындардың компьютерлік баламаларының тұтас қатарын және күрделі компьютерлік экономикалық ойындардың (Capitalizm) жаңа санатын ғана емес, көп пайдаланылатын ірі бизнес-модельдеуді (Virtonomica), онлайн және қашықтықтағы тренингтік іскерлік ойындардың жаңа буынын жүргізу мен генерациялау үшін нақты орта болып табылатын онлайн-платформаларды құруға әкелді.
Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев шараның негізгі мақсаты – агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру екенін атап өтті. Осындай іс-шараларды өткізу ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің әрқайсысына өздерінің құзыреттілігі мен білім деңгейін айтарлықтай арттыруға, соның ішінде жобалық басқару түсінігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Іскерлік ойындар алдағы уақытта тұрақты түрде агроөнеркәсіп кешенінің барлық салалық өкілдерінің қатысуымен өткізіліп тұрмақ.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру