Валюта бағамы: $ 364.95 416.99 5.55 ¥ 52.58

Маусымдағы пайыздық мөлшерлемелер жайы

Жаздың алғашқы айы еліміздегі банктердің халықты несиелендіру немесе олардың өз ақшаларын түрлі депозиттерге орналастыруы бағытында белсенді кезең болған сияқты. Мұны Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясының (ҚҚА) Талдау орталығы таратқан ақпарат та айқын аңғартады.

ҚР Ұлттық банкінің өзекті мә­лі­меттеріне (2018 жылдың 1 маусымына) сәйкес, мамыр айында барлық депозиттік ұйымдардың жиынтық депозиттері 158,8 млрд теңгеге (-0,9%), 16,9 трлн теңгеге дейін қысқарған, деп хабарлайды ҚҚА Талдау орталығы. Сонымен бірге мамырда теңгедегі салымдардың жиынтық көлемі шамалы 20,9 млрд теңгеге (+0,2%), 9,4 трлн тенгеге дейін өскенін көрсетеді, ал шетелдік валютада салымдар ашық жағымсыз серпін аңғартып – 179,4 млрд теңгеге (-2,3%), 7,5 трлн теңгеге дейін төмендегінін аңғартады. Осының аясында жалпы қоржындағы шетелдік валютадағы салымдар үлесі 45,0%-дан 44,4%-ға дейін қысқарған.
Бұл ретте долларландырудың төмендеуіне жеке тұлғалардың валюталық депозиттерінің азаюы негізгі әсерін тигізген (-3,0%). Мамырда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жұмылдырылған депо­зиттері бойынша банктердің орта өлшемді мөлшерлемелерінің сый­ақылары 9,9%-ды (сәуірде 10,3%) құраған, шетелдік валютада 1,8% (1,8%). Қорландыру қоры құнының баяу арзандауы кредиттеудің мөлшерлемесіне оң әсерін тигізетінін атап айтқан жөн.
Мамырдағы маңызды үрдістер­дің қатарынан Kaspi Bank-тің бөлшек салымдарының өсуін (+12,5 млрд тенге) және салыстырмалы көрсеткіштерде олардың Qazaq Banki-де (-26%), АзияКредит Банкте (-19%) және Банк Астана-да (-17%) азайғанын атап көрсетуге болады. Сонымен қатар мамырдың қорытындысы бойынша корпоративтік салымдардың абсолюттік түрде мейлінше өсуі Сбербанк ЕБ-де (+46,7 млрд теңге; сәуірде салымдар қоржыны 91,0 млрд теңгеге төмендеген) байқалады. Базалық мөлшерлеме мен ҚДКҚ (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – ред.) жеке тұлғаларға депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме сыйақыларының (12%-ға дейін) төмендеуінен кейін банктердің депозиттер бойынша тиісінше баға ұсыныстарын түзетулер байқалады.
• Маусымда төмендегі ЕДБ-ларда теңгелік депозиттік өнім­дер бойынша пайыздық мөл­шерлемелердің төмендеуі байқа­лады: Халық банкінде (бес депо­зиттік өнім бойынша), Казкоммерцбанкте (барлық төртеуі бойынша да), Цеснабанкте (бесеуі бойынша), Сбербанк ЕБ-де (үшеуі бойынша), БЦК-да (үшеуі бойынша), RBK Bank-те (үшеуі бойынша), Еуразиялық-та (біреуі бойынша), Нұрбанкте (біреуі бойынша), Altyn Bank-те (біреуі бойынша), AsiaCredit Bank-те (үшеуі бойынша).
• Сонымен қатар долларлық депозиттік өнімдер бойынша мөл­шер­лемелердің төмендеуі мына қар­жылық институттарда: Казкоммерцбанкте (0,5%-ға дейін), ForteBank-те 0,8%-ға дейін), Сбербанк ЕБ-де (0,02%-ға дейін) және Еуразиялық банкте (0,1%-ға дейін).
Мамырда жаңадан кредиттер 983,1 млрд теңге (жыл басынан бері 4,7 трлн теңге) сомасында берілген. Қарыздық қоржынның өсімі бойынша жетекшілікке мамырда Forte Bank (+38,7 млрд теңге) ие; жыл басынан банктің қарыздық қоры 34,2 млрд теңгеге өсіпті.
Дегенмен де, жыл басынан бергі қарыздық қордың өсімі бойынша көшбастаушы Kaspi Bank (+77,2 млрд теңге) болып табылады.
Мамырда заңдық тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орта өлшемді мөлшерлемелердің сыйақылары 12,5% (сәуірде – 12,2%), жеке тұлғаларға – 19,3% (19,6%) құра­ған.
Экономикадағы жағдайдың, с.і. инфляцияның одан әрі те­желуіне, жақсаруына (маусымда жылға шаққанда 5,9%-ға дейін төмендеген) орай біз бөл­шек кредиттер бойынша мөл­­шерлемелердің біршама төмен­­дегенін аңғарамыз. Алайда, орташа шұғыл келешекте мөлшерлемелердің айтарлықтай төмендеп кетуі неғайбыл.
Банктік кредиттер бойынша ағым­дағы мөлшерлемелер негізінен, Казкоммерцбанктің ипотекалық кредиттерін есептемегенде, байырғы деңгейде қалған. Сөйтіп, бұл банк ағымдағы айдан бастап банктің теңгерімінен ғана жылына 8,0%-бен ипотека ұсынады, бұл айтарлықтай жақсы ұсыныс, өйткені, ипотекалық өнімдер бойынша мөлшерлеме 14%–33% аралығында белгіленеді (1-таблица).


Қазіргі, теңгемен ұзақ мерзімді қорландыру әлі де болса шектеулі жағдайда, ал кейбір қарыз алушы­лардың төлей алу қабілеті қанағат­танарлықсыз күйінде қалып отыр­ғанда, еліміздегі банктік кредиттеу соның ішінде қаржыландырудың іс жүзіндегі мемлекеттік бағдарла­малары есебінен де қолдау тауып отырғаны рас.
Бұл ретте жылдың екінші жартысынан бастап маусымда орталық банк бекіткен «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндігі» Тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасын жүзеге асыру күтілуде екенін де атап айтқымыз келеді, дейді қаржылық сарапшылар.
Редакциядан: Мөлшерлемелер бойын­ша мәліметтер банктер ұсынған ресми ақпараттардан жинақ­талған және олар, көрсе­тілген өнімдерге байланысты, барлық шығындарды толық түрде айқын­дамауы да мүмкін. Өнімдер бойынша нақты ақпарат алу үшін аталған банктерге тікелей хабарласқан абзал.

Интернеттегі және
банктердің ашық ақпарат
көздерінен әзірлеген
Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру