Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Табысты стартаптар тәжірибесі

Қазақстанның және шетелдің ІТ саласындағы мамандары үшін ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі – Astana Hub жобаларын дамыту мүмкіндіктері мен жұмыс шарттары таныстырылды.

Жуық арада технопарктің инфрақұрылымдары орналастырылатын ЭКСПО қалашығы павильондарының бірінде өткен айтулы шараға Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникация­лар министрі Дәурен Абаев, бизнес-бірлестіктердің өкіл­дері мен стартаперлер, ІТ-ма­мандар қатысты. Жиында сөз сөйлеген ақпарат және коммуникациялар министрі Хаб идеясына және стартаперлердің жобаларының инвестициясына сенім білдірген инвесторларға алғыс айтты.
– Жобаның басталуымен біз Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі – Қазақстанды цифрлық шешімдердің орталығына айналдыра аламыз, – деді Д.Абаев.
Шара аясында панельдік отырыс ұйымдастырылып, онда табысты стартаптардың негізін қалаушылар мен же­текші халықаралық сарапшылар стартаптарды құру­дағы және инновациялық эко­жүйені дамытудағы жеке тәжіри­беле­рімен бөлісті.
Таныстырылым соңында жыл сайынғы «Еуразиялық цифрлық алаң» инновациялық жобалары халықаралық байқа­уының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Сондай-ақ технопарк сахнасында робототехника бойынша оқушылар арасындағы республикалық байқаудың финалистері марапатталды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру