Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Жұмысшы құқы ақталуының кепілі

Алматы – республикамыздағы ең ірі қаланың бірі. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына қомақты үлес қосып отырған алып шаһарда жұмыс ұсынатын ірілі-ұсақты кәсіпорындар мен мекемелер жетерлік.

Бірақ соның барлығы заң­нама­ларға сай жұмыстарын жүр­гізіп отыр деп сеніммен айтуға болмайды. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек шарты­ның дер кезінде жасалмауы жиі кездеседі.
Еңбек шарты – жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жазбаша жасалатын келісім. Осы шартта жұмыс­шының қандай қызмет атқа­ратыны, оған қандай талаптар қойылатыны анық көр­сетіліп, жұмыс берушінің ел заңнамаларына сай қандай мін­деттемелер атқаратыны, қара­уын­дағылардың айлығын, демалысын, жұмыспен қам­тылуын толық мойнына алатыны құқық­тық тұрғыда бекітіледі. Және екі тарап қол қойған бұл құжат екі данамен шығарылып, бірі жұмыс берушіде, екіншісі жұмысшыда сақталады.
Еңбек шартын толтыруға кө­ңіл бөлмеген азаматтардың құ­қығы тапталатын кездер аз емес. Олардың көпшілігі құжаттың жоқты­ғынан өзінің аталмыш мекемеде еңбек еткенін дәлелдей алмай жатады. Ауызша келісілген соң өзінің қанша еңбекақы алатынын құзырлы орындарға дәлелдеуі қиынға соғады. Сондықтан кез келген азамат қызметке кіріспес­тен бұрын еңбек келісім шартын жасауды талап етуі тиіс. Бұл жұмыскерді еңбек дауларының туын­дауынан қорғайды. Осымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сай еңбек шартын жасамай жұмысқа алған жұмыс берушілерге арнайы жауаптылық барын ескергеніміз жөн.
Айта кететін жайт, 2018 жылы елімізде «Еңбек шар­тын жасаңыз­дар» атты республикалық акция жарияланғанын жұмыс берушілер мен жұмысшы­лардың назарына салғымыз келеді.
Осыған орай, Алматы қала­сының мемлекеттік ең­бек инспекциясы және көші-қон басқармасы еңбек қатынас­тары тараптарын еңбек заң­намаларының талаптарын орындау және еңбек шартын жасауға шақырады.

Нұрсұлтан ӨСКЕНБАЙ,
Алматы қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон
басқармасының инспекторы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру