Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Ұлттық қор инвестициямен толығуда

Мұнай саласының кәсіпорындарынан түскен тікелей салықтар – 1,27 трлн теңге немесе барлық түсімдердің 98,7%-ы. Бір жылда мұнай саласының іс-қимылдары нәтижесіндегі салықтық түсімдер 32,1%-ға өскен.

Табыстың неғұрлым маңызды екін­ші бабы – республикалық бюд­жет­тің мақсатты трансфертінің 8,4 млрд теңге сомасы (бір жыл бұрын – 9,1 млрд теңге) кері қайтарылуы. Республикалық меншік саналатын және тау-кен өндірісі мен қайта өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жеке­шелендіруден Ұлттық қорға 7,9 млрд теңге түскен.
ҚР Ұлттық банкінің Инвести­циялық басқармасы 2018 жылдың қаңтар-мамырында қорға табыс бере алмады, әйтсе де бұл өткен жылғы көрсеткіштерден әлдеқайда жақсы. 2017 жылғы осындай кезеңде бұл бап бойынша 784,2 млрд теңге шығын тіркелген.
2017 жылдың қаңтар-мамыры Ұлттық қор үшін соңғы 5 жылда табысы ең төмен кезең боп табылды. Табыс сомасы бар-жоғы 212,7 млрд теңгені (2016 жылдың қаңтар-мамыры – 549,6 млрд теңге) құраған.
2018 жылғы мамырдың аяғында Ұлттық қордың қаржылары 23,1 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан, 1,1%-ға көп. Соңғы жылда қор қаражат пайдалануын 10,1%-ға – 1,2 трлн-нан 1,08 трлн теңгеге дейін қысқартқан.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың қаражаты бес жылдан бері алғаш рет – 3,2%-ға, 23,9 трлн-нан 23,1 трлн теңгеге дейін қысқарған. 2017 жылға дейін қордың қаражаты оң серпін көрсетіп келген. Орта есеппен алғанда қордың активтері сенімді қарқынмен – 24,9 жылдық %-бен – өскен.
2017 жылы Ұлттық қор өзінен түскенінен 758 млрд теңгені көп жұмсаған. 2016 жылы да осылай болған еді, ол кезде қаражаттың пайланылғаны мен қорға түскені арасындағы айырмашылық 1,9 трлн теңгені құраған.
2018 жылдың сәуірінде Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ұлттық қорға қосылған түсімдер 466,97 млрд теңге құрағанын, бұл 2017 жылдың осы кезеңіндегі түсімдерден 21,2%-ға төмен екенін хабарлаған болатын. Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылы түсімдерді 2,6 трлн теңге деңгейінде болады деп болжайды.

Өңірлер мен салалардағы жай қалай?

Республикамыздағы барлық күрделі қаржылық салымдардың үштен екіге жуығы өнеркәсіпте шоғырланған.
Мұнайлы Атырау облысы негізгі капиталға инвестициялау бойынша әжептәуір артықшылықпен – 1,4 трлн теңге (өсім – 64,9%) үздік қатарынан табылды, деп хабарлайды EnergyProm. Атырау облысынан кейін Астана – 335,4 млрд теңге (өсім – 26,3%) және ОҚО – 305,4 млрд теңге (өсім – бірден 2,2 есе) орналасқан. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіш.
2018 жылдың қаңтар-мамырында негізгі капиталға инвестиция 3,5 трлн теңгені құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштің үштен бірінен (2017 жылдың осындай кезеңінде 2,5 трлн теңге) асқан. Инвестициялардың 40%-дан астамы мұнай мен газ өндіруге бағытталған.
Инвестициялардың жылдық көлемі соңғы бес жылда 3,3 трлн теңгеге өскен. 2017 жылы, жедел мәліметтер бойынша, күрделі салымдар 1 трлн теңгеге (2016 жылға +12,7%) артқан.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру