Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

Дәстүрлі жарыс жалғасын тапты

Алматыда бұқаралық спортқа тәрбиелеуге бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасы жалғасын табуда. «Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасы бұқаралық спорттың алып шаһарда дамуына, спорттық-сауықтыруды белсенді насихаттауға бағытталған.

Өткен жылдың басында бастау алған жоба осы атаумен Алматы қаласының тұрғындарын түрлі спорттық-бұқаралық шаралармен қуантып келеді. Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.
«Спорттық Алматы» бағдар­ламасы аясында қалада жетінші веломарафон өтті. 800-ге жуық әуесқой әдеттегідей «Нұрлы Тау» бизнес орталығында бас қосты. Бұл жолы олар 9 шақырым қашықтықты бағындырды. Велошеру Мұxтар Әуезов атындағы драма театрдың маңында аяқ­талды. Мәре сызығын еңсерген қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды, кейбірі басты сыйлық – велосипедтің иегері атанды. Солардың бірі Илья Шмаровоз болды. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру