Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

Шаршы алаңдағы тартыс

Астанадағы «Дәулет» теннис орталығында бокстан халықаралық VI Қазақстан Президенті кубогы турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы додаға Беларусь, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, АҚШ, Өзбекстан және еліміздің ең үздік деген 180-ге жуық былғары қолғап шебері бақ сынады.

Сонымен қатар аталған елдердің қыздар құрамасы да Астанада өз бақтарын сынамақ. Қазақстан кубогында ерлер толық 10 салмақ бойынша, қыздар төрт салмақ, яғни 51, 57, 60 және 75 кило салмақта жұдырықтасты.
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары жалпы алғанда 10 алтын, 7 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында «алтынға» Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейін), Әнуар Мұзаппаров (52 келіге дейін) Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Бекдәулет Ибрагимов (64 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін), Әбілхан Аманқұлов (75 келіге дейін), Абзал Құттыбеков (91 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары), әйелдер арасында Сәния Сұлтанқызы (57 келіге дейін) және Римма Волосенко (60 келіге дейін) қол жеткізді. Екінші орынға Бек Нұрмағанбет, Ерік Әлжанов, Абылайхан Жүсіпов, Ладон Роген, Жомарт Ержан, әйелдер арасында Дариға Шәкімова және Айжан Қожабековалар табан тіреді. Ал күміс медальді Ілияс Сүлейменов, Закир Сафиуллин, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит, Антон Пинчук, Айболды Дәуренұлы, Нұрлан Сапарбай, әйелдер арасында Владислава Кухта, Назым Қызайбай, Дәметкен Келімбет, Карина Ибрагимова және Сәния Әлжановалар иеленді.

Салтанат Қажыкен


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру