Валюта бағамы: $ 366.43 420.11 5.58 ¥ 52.87

Қазақстанға экономиканы шұғыл түрлендіру қажет

Бүкіләлемдік банк (ББ) баяндамасының көктемгі шығарылымы еліміз экономикасының қазіргі жағдайы мен орташа мерзімді келешектегі дамуын қарастырады.

Мұнай саласының қайта қалпына келуі экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына әкелген

2015-2016 жылдары ЖІӨ өсуі­нің қарқыны жылына орта есеппен 1 пайыздан сәл асып, 2017 жылы 4 пайызға жуыққа дейін жеделдеген; мұндай серпін 2018 жылдың бірінші тоқсанында да сақталып, шамамен 4,1 пайызға өскен.
Экономикалық көрсеткіштер­дің нығаюы, негізінен алғанда, ОПЕК-тің мұнай өндіруді қыс­қарту жөніндегі жоспарлары­на енбеген, мұнайлы кен орында­рын­дағы өндірістің артуына байланысты жүзеге асқан. Саудадағы қолайлырақ жағдайлардың орны­ғуымен қоса, бұл мұнай емес салалардағы – өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету секторындағы жайлы тиімділікке қол жеткізді.
Сұранысқа келер болсақ, та­за экспорттың артуы ЖІӨ өсуі қар­қыны жеделдеуінің басты ық­палына айналды. Бұл ағымдағы операциялар мен Ұлттық қорға түсімнің шот теңгерімі жақсаруына әсер етті. Нәтижесінде теңгенің нақты бағамы нығаюын одан әрі жал­ғастырды. Әйтсе де, ішкі сұраныс әлсіреп, инфляция дең­гейінің төмендеуіне әкеліп соқты.

Мұнай саласындағы жайлы серпін макроэкономикалық келешекке үміт арттырады, бірақ қолданыстағы өсім моделінің қатері сақталуда

Бүкіләлемдік банктың 2018 жыл­ға арналған ЖІӨ-нің нақты өсімі бойынша болжамы 2,6 пай­ыздан (ББ баяндамасының 2017 жылдың өткен күзгі шыға­рылымындағы), мұнай өндірудің бағалары мен көлемі бойынша бол­жамдардың жақсаруына байланысты, 3,7 пайызға дейін қайта қаралды.
Орташа мерзімді келешекте, мұнай саласының 2017-2018 жыл­дардағы (мұнай өндіруде құры­лымдық ілгерілеу орын алған) мерзімге қатысты экономикалық өсімі қысқаруы салдарынан, ЖІӨ нақты өсімі 3 пайыз аумағында тұрақсызданады.
Мұнайға болжамдық бағалар­дың 2018-2020 жж. бір барреліне 65 АҚШ долл. болатынын ескере келе, ағымдағы операциялардың шот теңгерімі, 2015-2017 жж. бай­қалған дефициттен, 2018-2020 жж. профицитке жақсаруы тиіс.
Бюджеттің жағдайы салық­тық-бюджеттік саладағы шоғырлан­ды­ру бойынша күш-жігердің аясында біртіндеп жақсара түседі.

Экономикалық келешек нашарлай түсуінің қатарына мыналар кіреді: сыртқы ортаның әл­сіреу мүмкіндігі (арта түскен гео­саяси шиеленістер аясында), банк секторындағы мәселе­лердің ши­рығуы, Үкіметтің құры­лым­дық реформаларды іске асыруға мүм­кіндігі жетпеуі.
Сондай-ақ, әсіресе таяудағы АҚШ-тың Иранға қарсы экономи­ка­лық санк­циялары қайта өрбуі ая­сындағы мұнай бағасының артуына бай­ланысты, жағдайдың жақсаруы ық­ти­малдығы да бар.

Билікке өсудің жаңа түріне көшуге мейлінше бейілдік таныту қажет

Құрылымдық реформаларды табысты жүзеге асыру – болашақта тұ­рақ­тырақ және инклюзивті эко­но­ми­калық өсуге жету үшін қажет­ті талап.
Қолданыстағы құрылымдық жә­не инсти­туционалдық реформа­лар іске асырылып жатқан – мұнай­ға ба­­ғыт­талған, және де онда мем­лекеттік жүйе жетекші рөл атқаратын өсу мо­делінен – мемлекеттің эконо­ми­ка­дағы рөлін шектеу арқылы, мұ­най емес секторда­ғы белсенді, қа­зір­гі за­манғы және инновациялық сау­даны дамытуға мүмкіндік беретін модель­ге ауыстырылуы тиіс.
Осыған байланысты, мемлекеттік сы­ңайлы сектор субъектілерін (МССС) қайта құрылымдау және же­ке­ше­лендіру бойынша күш-жігер мем­ле­кеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, қазыналық тәуелділікті төмендетуге, жеке сектордың іс-қи­мылдары үшін бәсекелік кеңістіктер ашуға жұмылдырылуы қажет.
Зерделі салықтық-бюджеттік және ақшалай-кредиттік саясат экономика мен бағалар тұрақтылығын сақтап, экономиканың мұнай емес салаларына инвестицияларды ынталандыруға жол ашады. Экспортқа және өнді­рістің тиімділігін арттыруға бағыт­талған инвестицияларды тарту мен бекіту экономикалық қайта құру үшін шешуші маңызға ие.

Инвестицияларды тарту және бекіту

Қазақстан – табиғи ресурстардың бай қорына қол жеткізуге ұмтылған, тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) бойынша жобалар үшін тартымды ел. Әйтсе де, экономика капитал әдіс-тәсілдерінен, ноу-хаулар мен технологиялардан тұратын және экономиканы жаңғырту мен өзінің өндірістік мүмкіндіктерін әртарап­тандыруға мүмкіндік беретін экспорт пен өндіріс тиімділігін арттыратын инвестицияларға бағытталуы тиіс.
Жақын маңайдағы кейбір ел-бә­секелестер сияқты, жалпы алғанда, ТШИ-лар Қазақстанда 2016 жылдан бастап қалыпқа келе бастаған сияқты. Дегенмен, Қазақстанға ТШИ-лар ке­луі өтпелі экономикалы елдер бой­ынша орташа көрсеткіштерден төмен, сондай-ақ, өндіріс тиімділігін артты­руға бағытталған ТШИ-лар үлесі де Қазақстанда төмен деңгейде қалып отыр.


Талдау көрсеткендей, қайта ин­вес­ти­ция­ландырылған табыс Қа­зақстанға ТШИ-дың жалпы түсуі­нің әдеттен тыс төмен үлесін құрайды. Өндіріс тиімділігін артты­руға бағыт­талған ТШИ-дың көбірек көлемін тартуға, экспорттық инвести­ция­ларға бағыт­талған Қазақстанның бә­се­келестік ар­тықшылықтарын баса көрсететін, мақсаткерлік талпыныстар қажет. Мұнан басқа, Қазақстан инвестор­ла­рының қолданыстағы ба­засы арасында қайта инвестициялан­дыруды арт­тыру бойынша қайта жа­ңартылған, же­тілдірілген күш жұ­мылдырылуы тиіс.
Өндіруші салаларға аса тәуелді эко­номика үшін, бәлкім, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің рөлі үлкендігі таңсық емес шығар. Алай­да, Қазақстанда бұлар экономи­каның барлық салаларында кеңінен тараған, олардың активтері ЖІӨ 30-40 пайызына бағаланады. Сон­дық­тан да, өндірістің тиімділігін арт­тыруға бағытталған, қазақстандық эко­номикадағы ТШИ-дың негізгі ак­тивтерін, меншіктің жеке түрі қан­дай деңгейде тарта алуы – Қазақ­станда жүзеге асырылып жатқан – кең кө­лемді жекешелендірудің табысты бо­луының негізгі көрсеткішіне айнал­мақ.
Қазақстанның жаңа инвестиция­лық стратегиясы инвестициялардың барлық түріне елдің тартымды болуын арттыру жөніндегі реформаларға басым мән беруде және іс-қимыл не­гізгі үш бағытта жүзеге асыруға жұ­мылдырылған:
• инвестициялық ахуал;
• инвестицияларды халықаралық нарықтарда ынталандыру және жай­ғас­тыру;
• жекешелендіру және мемлекет­тік-жеке әріптестік.
Институционалдық негіздерді же­­­­­тілдіру мен үйлестіру табыстың түй­ін­ді факторлары болып табылады.

Исатай ҚАМБАРОВ,
Бүкіләлемдік банктың
сайтындағы ашық мәліметтер
негізінде даярланды


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру