Валюта бағамы: $ 341.08 394.46 5.37 ¥ 52.71

Әр істің лайықты әсері болуы керек

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылшаруашылық кооперациясын әрі қарай дамыту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру жайына назар аударылып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру шаралары баяндалды.

Соңғы статистикалық деректерге сәйкес қазірде елімізде 62 мыңнан астам адамның басын біріктірген 2 849 кооператив тіркелген. Ауыл шаруа­шылығы бірінші вице-минис­трі А.Евниев 2015 жылы «Ауыл шаруа­шылығы кооперативтері туралы» за­ңының қабылдануы кооперацияны да­мытудың негізгі кедергілерін жоюға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мысалы, кооператив мүшелері табысты өзара бөлісу құқығына ие болды, кооператив қызметіне жыл сайын аудит жүргізу үшін ревизиялық одақтар институтын дамытуға жағдай жасалды, үш заңның орнына бір заң қолданылатын, арнайы салық режимін ауыл шаруашылығы кооперативі де пайдалана алатын болды, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызмет түрлері нақты сәйкестендірілді.
Кооперацияны дамытудың салалық бағдарламасын іске асырудың нақты шаралары мен құралдары жөнінде айта келе, вице-министр олардың бірі – қолда бар барлық мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерін теңдей жағдайларда субсидиялау екендігіне тоқталды. Бұл ретте АӨК субъектілерінің несиесі және лизингі бойынша сыйақы мөлшер­лемелерін субсидиялау қалпына кел­тіріледі. Әкімдіктерге кооперативтер құру бойынша индикативті жоспарлар және кооперативтердің қызметі бойынша индикативті көрсеткіштер белгілеуді алып тастау ұсынылады. Сол секілді шаруа, фермер қожалықтарына, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, жеке кәсіпкерлерге шағын несиелер беру жалғасатын болады.
Ұлттық экономика министрі Т.Сү­лей­меновтің атап өтуінше, коопера­тивтерге бірігу ауыл шаруашы­лығы өнімдерін өңдеу және сату процес­терін орталықтандыруға және олар­дың бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­руға мүмкіндік береді. Шағын шар­­уа­шы­лықтар, сауда фирмалары мен аграр­шылар кооперацияларға бірігу ар­қылы өзара тиімді іс-қимылдар жасайды, шығындарды едәуір азайтып, мате­риал­дық-техникалық базаны ұлғай­тады, тұтастай алғанда, ІЖӨ-нің өсуіне ықпал етеді.
«ҚазАгро» ұлттық басқарма холдин­гі» АҚ басқарма төрағасы Н.Мәлелов холдинг ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін және олар­дың қатысушыларын қаржылан­ды­­ра­тынын айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» өсімдік шаруашылығында егіс жұмыс­тарын өткізу үшін 176 ауылшаруа­шылық тауар өндірушілерін бірік­тіретін 11 ауыл шаруашылығы коопе­ративін жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге қаржыландырған. Мал шаруашылығында шикізатты өндіру мен дайындау, ауыл шаруашылығы өнім­дерін өңдеу үшін 7390 фермерді біріктіретін 304 ауыл шаруашылығы кооперативі жалпы сомасы 20,2 млрд теңгеге қаржыландырылып, ауыл шар­уа­шы­лығы кооперативтеріне қатысу­шылар ет және сүт бағытындағы 156 мыңнан астам бас ірі қара мал сатылып алынған.
Сондай-ақ жиында Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстарының әкім­дері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкі­мінің орынбасары өңірлердегі ауыл шар­уа­шылығы кооперацияларын дамыту қар­қыны туралы есеп берді.
Баяндамаларды тыңдап, қорытынды жасаған Үкімет басшысы Ауыл шар­уа­шылығы министрлігіне ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін құру мен да­мытудың мультипликативтік әсерін талдауды тапсырды. Яғни, бірігудің ет және сүт өнімдері көлеміне, құрылған жұмыс орындарының санына, сұраныс пен бағаға әсер ету деңгейін қарастыру қажет. Сонымен қатар АШМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағ­дар­­ламасына түзетулер енгізу аясында агрокооперацияларды дамыту шара­ларын жан-жақты пысықтауы керек. Қабылданған шаралар ауыл шар­уа­шылығы өнімдерінің өндірісін ұлғай­туды, ауылдық жерде жұмыспен қам­тудың жоғары болуын және ауыл шар­­уашылығы өнімдерінің экспортын одан әрі арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Жиында каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру туралы баяндаған білім және ғылым министрі Е.Сағадиев биыл елімізде 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны 2,815 млн адамды құрайтынын айтты. Жазғы каникул кезінде 15 597 сауықтыру лагері мен алаңдары жұмыс істейді деп жоспарлануда.
Премьер-министр әкімдер, ішкі істер, денсаулық сақтау министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін айрықша назарда ұстап, балалар лагерьлерінің жұмысына қо­ғамдық бақылауды күшейтуі және ата-аналар мен мұғалімдер арасында үне­мі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүр­­гізулері қажеттігін баса айтты.
Ал тегін медициналық көмектің ке­пілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру шаралары туралы баяндаған денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов ТМККК-да медициналық көмек әрбір адамға шұғыл жағдайларда, сондай-ақ қоғамда өзекті, демографиялық көрсет­кіштердің нашарлауын тудыратын және мүгедектікке алып келетін аурулар бой­­ынша көрсетілетіндігін хабарлады. Биыл ТМККК-ның нақтыланған тізбесі жасалып, ол медициналық-санитарлық алғашқы көмектің профилактикалық ба­ғыттылығына басымдық берумен ме­дициналық көмектің формалары бой­ынша қалыптастырылған.
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне әрбір азамат кепілдік ре­тінде медициналық көмектің қан­дай көлемі тегін берілетінін, қаншасы ақы­лы негізде жүргізілетінін білуі үшін халықпен ақпараттық-түсіндіру жұ­мыс­­­тарын жүргізуді тапсырды.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру