Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Нашар несиелер азаюда

Ал, банкирлер табысы өсе түскен

Банктер кредиттік қорларының сапасымен жұмысты айтарлықтай жақсартқан: мерзімі өтіп кеткен несиелер көлемі азаюда, ал жалпы несиелендіру өсе түскен. Мұнымен қатар тұрғындармен жұмыс та жақсара түсуде – жеке тұлғалардың салымдары кезекті максимумды игерген. Осының аясында банктердің табыстары да рекордтық қарқынмен артуда.

Ұлттық банктің 1-ші мамырға мәліметтерінше, осы кезге дейін бе­ріліп, төлемдері бойынша мерзім­дері өтіп кеткен кредиттер бір айда 128,3 теңгеге азайып, құны 2 трлн 053,1 млрд теңгені құраған. ЕДБ-лардың қаржылық қорындағы не­­сиелердің жалпы көлемі 15,31%-ға дейін төмендеген. Соңғы 15 айда жағдай бір рет қана – 2018 жылдың 1 қаңтарына жақсырақ болған екен (1-инфографика).


Төлеу мерзімі, 90+ күндер өтіп кеткен, уытты кредиттер үлесі де азайған. Олардың 2017 жылдың сәуірінен бергі жалпы көлемі қазір 1 трлн 202,9 млрд теңге (бір айда -128,6 млрд теңге) болды. Жылдық минимумдағы NPL (мерзімі өтіп кет­кен кредиттер – ред.) үлесі – 8,97% (1 сәуірге мәліметтермен салыстыру бойынша – 1,04%). Мерзімі өтіп кеткендерге сыйақыны қоса есептегендегі, кредиттер бойынша мер­зімі өткен берешек сомасы 1 трлн 510,8 млрд теңгені ( бір айда -180,5 млрд теңге) құрады. Бұл 2017 жылдың ақпанынан бергі ең төмен көрсеткіш (2-инфографика).
Сонымен бірге сәуірде республи­кадағы 32 ЕДБ-дің 7 банкі уытты кредиттер көлемін азайтқан.
Банк жүйесінің көрсеткіштерін жақсартуға Kazkom бәрінен де көп әсерін тигізген – төлеу мерзімі 90 және одан да көп күндер өтіп кеткен кредиттер үлесі 35,43%-дан 25,68%-ға дейін, ал көлемі – 507,1 млрд-тан 347,7 млрд теңгеге дейін төмендеген. «АТФБанк» те үйреншікті көрсеткіш­теріне қайта оралған: наурызда NPL 90+ көрсеткіші 14,5 млрд теңгеге өс­кен, алайда сәуірде 13,2 млрд тең­геге азайтуға қол жеткізген.
RBK банкінде мәселелі кредит­тер­ді мойындау үдерісі жалғасуда. NPL 90+ көлемі бір айда 9,3 млрд теңгеге, ал олардың банктің жалпы берешегіндегі үлесі – 17,41%-дан 22,21%-ға өскен.
Жыл басынан бері банктегі уытты кредиттер көлемі 74,9%-ға, ал олардың үлесі – 2,3 есе ұлғайған.

2-инфографика
2-инфографика

Несиелендіру көлемі өсуде

Банктердің қарыз қоржынының жалпы өсімі аясында жұмыс істемей­тін кредиттер көлемінің азаюы байқа­лады. Олардың 1 мамырға берген не­сиелері, 107 млрд теңгеге артып, 13 трлн 413,3 млрд теңгені құраған.
Несиелендіру көлемін қайта қал­пына келтіру екінші ай қатарынан жүріп жатыр, бірақ аяқталуына әлі ерте. 5-айлық құлдырау (2017 жылдың қазаны – 2018 жылдың ақпаны) жағ­дайынан жоғалтқанды қайтару үшін тағы 0,5 трлн теңге қажет (3-инфографика).
Сәуірдің қорытындысы бойынша несиелендірудің неғұрлым жоғары өсімін Халық банкі (+61,4 млрд теңге), Еуразиялық банк (+26,7 млрд теңге) және Qazaq banki (39,9 млрд теңге) көрсеткен.
Жалпы алғанда өз көрсеткіштерін, 10 ірісінің ішіндегі 8-ін қоса есептегенде, 21 банк жақсартқан. Kazkom қарыз қоржынын 77,5 млрд теңгеге, «Банк ЦентрКредит» – 26,4 млрд теңгеге азайтқан.

3-инфографика
3-инфографика

Халық ақшасын банкке салса, бизнесодан тартып әуре

Қарыз қоржыны өсуімен бірге банк­тердің міндеттемелері де арта түс­кен. 2018 жылдың 1 мамырына мұның жалпы көлемі 20 трлн 819,4 млрд теңгені (бір айда +128,3 млрд теңге) құраған.
Өсімнің негізін жеке тұлға­лардың депозиттері құрап отыр: сәуірде салымдар көлемі 151 млрд теңгеге артып, 8 трлн 238,8 млрд теңгеге жеткен – тұрғындар банктерде ешқашан осыншама қара­жатты сақтамапты.
Бір қызығы, өсімдер – салымдар­дың тиімділігін кемітетін – депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету аясында жүзеге асуда.
Жеке тұлғалардың салымдары сәуірде 22 банкте артқан. Жақсы көр­сеткіштерімен Kazkom (+43,7 млрд тг), «Халық банк» (+29,6 млрд тг) және Kaspi bank (+24,6 тг) танылған.
Заңдық тұлғалар салымдарына қа­тысты айтар болсақ, мұндағы жағ­дай мәз емес: депозиттерді орналастыру көлемі 7 айда 6 есеге қысқарған. 1 мамырға көрсеткіш 8 трлн 318,6 млрд теңгені (бір айда – 27,4 млрд тг) құраған – бұл 2015 жылдың қарашасынан бергі минимум.
Бизнес, ақшаны банктерде сақ­та­ған­ның орнына, айналымға жібер­генді артық санайтын сияқты.
Бұл – депозиттер бойынша пайыздарды төмендетуге әкелетін база­лық мөлшерлемені азайту – Ұлттық банк жүргізіп келе жатқан саясат салдарының бірі болып табылады және ақшаны сақтау неғұрлым тиімсіз.
Заңдық тұлғалар салымдарының азаюы 17 банкте орын алған. Ең ауыры – «Сбербанкте» (- 91 млрд тг) және «Банк ЦентрКредитте» (-28,4 млрд тг). «Ситибанк Қазақстан» кері серпін көрсетуді жалғастыруда – жыл басынан бергі бизнес депозиттерінің көлемі 1,5 есеге (333,8 млрд-тан 500,3 млрд тг-ге дейін) артқан, оның үстіне сәуірде бұл 55,6 млрд тг-ге өскен.
Банктердің активтеріне келсек, 1 мамырға бұл көрсеткіш бір айда 94,9 млрд тг-ге артып, 23 трлн 863,6 млрд теңгені құраған. Қазіргі көрсеткіш – соңғы 4 айдағы ең үздігі.
Банктердің табыстылығы да артуда: кіріс салығын төлегеннен кейінгі шығындардан ағымдағы табыстардың артық түсуі 4 айдың қорытындысы бойынша 283,3 млрд теңгені құраған.
Сәуірде банктер 69,5 млрд теңге табыс тапқан, соның ішінде минусқа (аз мөлшерде ғана) тек 3-еуі – «Нұрбанк», «Банк Астаны» және «Пәкістан Ұлт­тық Банкінің» Қазақстандағы ЕБ АҚ ұшырап отыр.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру