Валюта бағамы: $ 341.08 394.46 5.37 ¥ 52.71

Еуразиялық медиафорум

Алматыда «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» деген тақырыпта XV Еуразиялық медиафорум басталды. Әлемнің 60 мемлекетінен танымал журналистер, белгілі саясаткерлер, мықты экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысқан жиында әлеуметтік-экономика, жасыл экономика, экология, ақпараттық соғыс, технологияның дамуы және сипаты өзгерген медиа саланың тиімді тұсы және тағы да басқа көптеген мәселелер талқылады.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ЕАМҒ Ұйым­дастыру комитетінің төр­айымы Дариға Назарбаева қатысу­шы­­лар алдында құт­тықтау сөз сөй­леді. Содан соң «Халық­аралық қатынастар эволюциясы: ғаламдағы сал­қын леп» тақы­ры­бына сай 1-ші мәжіліс өз отырысын бастады. Спикерлер қатарында Қазақстанның Сырт­қы істер министрі Қайрат Әбді­рахманов, Италияның бұ­рын­ғы премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның Женевадағы бө­лім­ше­сінің меңгерушісі Давид Чик­ваид­зе және басқа да мәртебелі қонақтар да қа­тыс­ты.
Ұлыбри­тания­­лық «Hashtag our stories» негізін қалаушы Юсуф Омар қазір мобильді техноло­гия­лар біртіндеп кейін шегеріліп, оның орнын виртуалды шындық басып келе жатқандығын, нақ­тырақ айтқанда, бұл қазіргі жур­налис­тиканың бәсеке құра­лына айнала бастағандығын атап өтті. Форум қатысушыларын қы­зық­­тыр­ған тағы бір тақырып – фейк-жа­ңалықтар көбейіп кеткен қа­зіргі кезеңде қоғам сеніміне қалай ықпал етуге болады? Бұл туралы дәрісті СNN телеарнасының ха­лық­­аралық жобалар бойынша шы­­ғарушы редакторы Райан Смитт жүргізді. Hashtag Our Stories Юсуф Омар, Ұлы­бри­таниядағы әс­кери жур­налист Шахид Туля­ганов, «New Eastern Europe» жур­на­лының бас редакторы Ивона Райхардт, саясаткер Бартош Рыд­линьски, консультант Шуберт Медиа Тайра Шуберт, CEO Select Communication Group журналисі Виктор Елисеевтің шеберлік са­бақ­тары өтті. Еуразиялық медиа­форумның бас директоры Руслан Жемков: «ЕАМФ 2018 заманауи ақпараттың нарықтағы аса өзекті мәселелер: өзара ықпалдасу мүм­кін­діктері, ақпараттық техно­ло­гия­лардың қарқынды өсуі тал­қыланады. Осы форум нә­ти­же­­­­сінде келушілерге көп жыл­дық тә­жірибеміз бен білімі­мізді, зама­на­уи сын қатерлерге жауа­бымызды паш ететін боламыз» деп өз ойын ортаға салды. Айта кету керек, журналис­терге тегін шеберлік дәрістерін өткізу «Samruk-Kazyna Trust» Әлеу­меттік жобаларды дамыту қо­рының қолдауымен жүзеге асыр­ды.
Форум жұмысының екінші кү­нінде Қазақстан Респуб­ли­касы Ақпарат және коммуника­ция­лар министрі Дәурен Абаев форум делегаттарына ар­налған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатын жеткізді.
«Бүгінгі форум медиа сала­сын­­­дағы білікті майталман­дар­дың өзара диалог жүргізуіне мүм­­­кін­дік беретін маңызды шара. Әлем құбылып, геосая­си қай­шы­­лық­тар мен жаңа техно­ло­гия­лық мүмкіндіктер шие­ле­ніс­кен қазіргі жағдайда бұқа­ра­лық ақпарат құралдары қақты­ғыс­тар эскалациясының детонаторы, сондай-ақ халық­аралық шиеле­ніс­терді тежеу мен алдын алудың жа­һандық факторы бола алады. Осы жерде журналистердің жауапкершілігі шығады. Клас­си­ка­лық журна­листикаға басты сын-қатер ретінде балама ақпарат көздері – блогерлер мен әлеуметтік желіні айтуға болады. Бұл ретте, дәстүрлі БАҚ-тың бәсе­кеге қа­білеттілігі әрдайым журналистің кәсібилігі мен сапалы контент болып келеді. Осы мақсатта осындай диалог алаңдарын құрудың өзек­тілігі арта түседі», – делінген Пре­зиденттің құттықтауында.
Осылайша дәстүрлі Еура­зия­­лық медиафорум биылғы жылы өз жалғасын тауып, көптеген өзекті мәселелелерді талқыға салды. Көп­теген шет­елдік шолушы, журна­лист, қайраткерлер өз пікір­лерін ортаға салып, әлемді қалай өзгерту керектігі жайлы ой-толғамдарын айтты. Эко­номикалық өсім, технологияны жақсарту мәселесі де талқыланды. Ең бастысы, ай­тылған пікірлерді теория жүзін­де ғана емес, тәжіибе бойынша жүзеге асыру қажеттілігі жайлы сарапшылар атап өтті.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру