Валюта бағамы: $ 341.08 394.46 5.37 ¥ 52.71

Лизинг көкжиегін кеңейтті

Адал клиенттерге жүктеме азайды

Қазіргі күні фермерлер мен агроқұрылымдар арасында «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» атты жаңа қаржыландыру бағдарламалары кеңінен танымал. Аталған бағдарламалар бойынша түсіп жатқан өтінімдер саны барған сайын арта түсуде.

Биылғы сәуірде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ азық-түлік желісін кеңейтіп, «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» деп аталатын арнайы жаңа бағдарламаларын іске қосқан болатын. Сонымен қатар стандартты қаржы лизингі талаптарына өзгертулер енгізілді.

«Сенімді фермер» бағдарламасы ауыл шаруашылығы техникасын ли­зингке аванстық төлем төлемей алу мүмкіндігін береді. Бағдарлама шарттарын «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың қолданыстағы клиенттерімен қатар, бұрын қаржыландырылған клиенттері де пайдалана алады. Кли­енттерге қойылатын жалғыз ғана талап – бұл ұқыпты қарыз алушы өлшемшарттарына сәйкес келу. Яғни, бұл ретте клиенттің үздіксіз және сапалы кредиттік тарихы болуы, сондай-ақ қарыз мерзімін ұзарту, қайта құрылымдау және Қоғамнан алған қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау сияқты фактілері болмауы тиіс.
Ал «Өз жем-шөбіміз» бағдарла­масы аясында отандық жем-шөп өндірісін дамытуды қаржыландыру жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда елімізде жем-шөп тапшылығы мәсе­лесі өткір болып отыр. Осыған бай­ла­­ныс­ты бағдарлама отандық жем-шөп өндірісін қолдау мен дамыту мақсатында қолданылады. Жаңа бағдарламаның шеңберінде қазақ­стандық фермерлер қажетті ауыл шар­уашылығы техникасын 10 жылға дейінгі мерзіммен, мөлшері 10%-ті құрайтын төмендетілген аванстық төлеммен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы Қоғам өзінің се­німді кли­ент­те­ріне жүктемены азай­тып, оларды ынталандыруды көз­дей­ді.
«ҚазАгро» сарапшыларының есе­­­бін­ше, жаңа бағдарламалардың ен­гі­­зі­луі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ азық-түлік желісінің кеңейтілуі, аванс­тық төлемнің төмендетілуі және қар­жы­ландыру мерзімдерінің ұлғай­ты­луы отандық фермерлер үшін ауыл шаруашылығы техникаларына және арнаулы жабдықтарға деген қол­­же­тімділікті арттырады. Бұл өз кезегінде еліміздің машина-трактор паркін жа­ңартуға септігін тигізетін болады.
Сонымен қатар «ҚазАгро­Қар­жы» АҚ стандартты лизинг бойынша қол­да­ныстағы талаптарға бір­­қатар өзгерістер енгізді. Енді жеткізуші барлық талаптарды сақ­таған жағдай­да, қазақстандық фер­­­мерлер «Қаз­АгроҚаржы» АҚ же­лі­сі бойынша Қытай Халық Рес­публикасы өнді­рісінің ауыл шаруа­шы­лығы техникасын 5 жылға дейін­гі мерзіммен, ке­мінде 25% аванс­тық төлеммен сатып ала алады.
Қаржыландыру талаптарына ен­гі­­зілген өзгертулердің шеңберінде, лизингке құны 25 млн теңгеге дейін баратын аспалы және тіркемелі техника алуға аванстық төлемнің мөлшері 25 %-тен 20%-ке дейін қыс­­қар­тылды.
Жалпы, жыл басынан бері көк­темгі-дала және егін жинау жұ­мыстарын жүргізу үшін «ҚазАгро­Қаржы» АҚ аграршыларға 13,6 млрд теңге сомасына 1000 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс еткен. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы компаниямен 7,2 млрд теңге сомасына 397 өтінім ма­құл­данған. Бұдан басқа, 6,2 млрд теңге сомасына 303 өтінім қаралу үстінде.
Тек соңғы айдың ішінде «Се­німді фермер» және «Өз жем-шө­біміз» бағдарламалары бойынша 232,7 млн теңгеге өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта «Сенімді фер­мер» бағдарламасы бойынша «Қаз­АгроҚаржы» АҚ фермерлерге жиынтық құны 105, 8 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етсе, «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы бойынша отандық аграршылар 84,4 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын ендігі лизингке алып та қойған. Өтінімдер әлі де қабылдануда.
Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта көктемгі-дала және егін жинау жұ­мыстарын қолдау шеңберінде «Қаз­Агро» ұлттық холдингі желісі бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы сәуір айында несиелендіруге 60,0 млрд теңгеден артық сомаға 2 072 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінім келіп түсті. Осы уақытқа оның 50,4 млрд теңгесі игерілген. Сондай-ақ «ҚазАгро» құ­рылы­мындағы тағы да бір компания – «Ауыл шаруашылығын қар­жы­­лай қолдау қоры» АҚ «Егін­жай» бағ­дарламасы бойынша 285,5 млн теңге сомасына 69 ауыл шаруа­шы­лығы тауар өндірушілерін қаржылан­дырған.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру