Валюта бағамы: $ 363.26 420.11 5.54 ¥ 52.45

Жаңа жолдар салу жұмысы жалғасуда

Атырау қаласында ағымдағы жылы 227 көшені қамту жоспарланып отыр, бұл 211 шақырым жолды құрайды деп, хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша бүгінгі күні Көкарна, Бірлік, Мұнайшы, Геолог, Жұлдыз-3, Жұлдыз-1,2 ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.
– Осы жылы Ақжар-2, Ақ­сай-2, Атырау-1, Жаңата­лап-1, Еркінқала-2, Водников-2, То­мар­лы-2, Бірлік-2, Дамбы-2, Тас­қала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құ­рай­тын 227 көшенің ЖСҚ әзірленуде. Мемлекеттік сарап­та­ма­ның оң шешімін алған­нан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елді мекен­дерде де басталады, – деді қала­лық ТКШ ЖК және АЖ бөлі­мінің өндірістік-техника­лық сек­­торының басшысы Акесен Ибра­­гимов.
Ағымдағы жылы 20 мың шаршы метрдей жолды шұңқырлы жөндеу жүргізу жоспарланғанын, оның ішінде бүгінгі таңда 3 770 шарты метр жол жөнделгенін атап өтеміз. 2018 жылы Атырау облысында барлығы 280 ша­қырым жолды асфальттау жос­парлануда.

Жанат Азатова


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру